Таланттар



Pdf көрінісі
бет183/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   256
Мүтәліпқызымен әңгімелескен едік... 
 
– 
Алма 
Қыраубайқызы, 
қазақ 
лицейі 
кімнің 
бастамасымен және қай жылы ашылды? Бұл лицейдің  басқа 
білім ұяларынан  айырмашылығы неде?  
– 
Лицейдің 
ашылғанына, 
міне, 
биыл 
екінші                                  
оқу  жылы.  Лицейді  құрылтайшы  болып  өзім  аштым. 
Құрылтайшы  болғанда,    байлықтан    емес,  болашақ 
ұрпақтарымыздың    қамы    үшін,  халқыма  пайдам  тисін  деген 
оймен басқа Іле, Талғар аудандарында емес, өзім  тұратын осы 
Жандосов ауылында аштым.   
Біздің  лицейдің  басқа  білім  ұяларынан  айырмашылығы  – 
жаңа  типтегі  ұлттық  лицей.  Кеңес  дәуіріндегі  мектептер  бүкіл 
одақ  бағдарламасымен,  орыс  мектептерінің  көшірмесі  ретінде 
және  империялық  саясатқа  қызмет  істеген  болса,  біздің  лицей 


329 
 
ұлттық  мүдденің  өзіне  тән    ерекшеліктерін  сақтай  отырып, 
ұлттық    мүддені  дамытып,  соның  негізінде  қазіргі  заманға  сай 
бала  тәрбиелейді.  Лицейдің  басқа  білім  ұяларынан  бірінші 
ерекшелігі –   баланы жасытпай оқытамыз. Оқушыны өзімізбен 
тең адам деп танимыз. Ал екінші ерекшелігі  – 1-кластан бастап  
шет тілі ретінде ағылшын тілі пәні жүреді. Әл-Фараби атындағы  
Қазақ  мемлекеттік  ұлттық  университетінің    1-курс  студенттері 
оқитын  сабақтар  мұнда  5-класта  жеңілдетіліп  өтеді.  Сондай-ақ 
жай мектептердің бағдарламасына енгізілмеген пәндер де бар. Ол 
ежелгі әдебиет, ислам мәдениеті, 1-2-кластарда әдеп сабағы және 
көне жазу (араб әліппесі), болашақта орхон жазуы мен Америка 
мәдениеті  пәндерін  оқытуды  бағдарламаға  енгізуді  жоспарлап  
отырмыз.  
Жалпы,  мұғалімдердің  тәжірибелері  жаман  емес.  Олар  өз 
сабақтарында  оқытудың  жаңа  әдістерін  қолданып,  Алматыдағы 
Америка  мектебімен  байланыс  жасап,  тәжірибе  алмасып 
отырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет