Тамшылары



Pdf көрінісі
бет42/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Хазірет Нәсиба 
Пайғамбарымыздың Мәдинә қаласына құтты қадам 
басып көшіп келуімен исламды қабылдау бақытына 
ие болған әрі Ұхыд соғысында бар жан-тәнімен оны 
қорғаштаған өте жанашыр жақын сахабалардың 
қатарында Нәсибә анамыз да болды. 
Ұрыстың сондай бір қызған сәтінде пайғамбардың 
маңайында оны қорғайтын сахабалардан ешкім де 
қалмады. Жаудың екі атты әскерінің оған қылыштарын 
жалаңдатып, ентелей төніп келе жатқанын көргенде
Нәсибә жанұшыра солай қарай ұмтылды. Екі жауды 
пайғамбарға жақындатпай бір өзі алысты. Біреуінің 
аяғын қылышпен жаралап үлгерем дегенше, ту сыр-
тынан келіп қалған екіншісі дәл иықтан қылышын 
сілтеп үлгерді. Жараланып, иығынан қансырай жерге 
жығылған Нәсибәні көрген хазірет Әли әлгі жаудың 
екеуін де ә дегенде жайратып салды. Қайта келгенде, 
Пайғамбарымыз қасиетті қолдарымен оның жарақатын 
таңды. Дәл осы сәт пайғамбарымыздың тағы бір 
мұғжизасы бой көрсетіп – сыртын жаңа ғана таңылған 
жара бірден жазылып қоя берді.
Бел жазып, орнынан түрегелген Нәсибә іштей 
егіле:
– Сіздің тізеңізді құшып шейіт боп кетсем деп 
едім. Оны неге маған қимадыңыз? – деп, о бастағы 


107
Сахабалар сабағы
өзегін өртеген арманын жеткізді. Сонда оны жұбатқан 
пайғамбарымыз іштей қатты толқып Жаратқанға:
– Я, Рабб! Мені Нәсибә мен туыстарынан ажырата 
көрме! – деп бет сипап, теңдессіз құрметі мен сыйын 
ұсынды. 
Иә, Ислам тұнығының таралуында жан ая-
май ерлік көрсеткен осындай аяулы аналарымыз аз 
болмаған. 
Қонақ пен рызық
Сахабалардың біреуі тым қонақжай болатын. 
Әйелі болса күйеуінің күнде қонақ ертіп келуін 
жақтырмайтын. Тіпті оңашада:
– Күн сайын бірнеше қонақты ертіп келуіңді қашан 
қоясың?! Бала-шағаның несібесінен соларға жырып 
бермесең қайтеді, – деп реніш білдіретін. 
Күйеуі оған онша көп мән берместен қонақшыл 
әдетін тастамайды. Әйелі бір күні шыдай алмай үйдегі 
жағдайды айтып пайғамбарға шағымданды:
– Я, Расулаллаһ! Күйеуім күн сайын кеш бол-
са болды үйге топырлатып қонақ ертіп келеді. Бар 
тапқанын солардың аузына жайып салады. Құдай бетін 
ары қылсын, бір күні өзі ауыра қалса, қалғанымыз аш-
тан өлерміз деп қорқамын, – дейді.
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әлгі әйелдің 
күйеуін де шақыртты. Әлгі сахаба:
– Мен үйде қонақсыз отыра алмаймын. Дастарха-
нымнан қонақтың дәм татқаны мен үшін үлкен қуаныш, 
– деп әйелінің дегеніне көнер болмады. 


108
Тағылым тамшылары
Пайғамбарымыз әйелге қарап бұдан кейінгі уақытта 
бір-ақ қонақтың келгеніне қалай қарайтындығын 
сұрады. Алайда әйел оған да разылық танытпады: 
– Мен балаларымның несібесін кім-көрінгеннің 
бөле жеуіне қарсымын, – деп тұрып алды. 
Ақыр соңында, күйеуі мен әйелі бір қонаққа 
келісіп, өзара ымыраласты. 
Бірақ сол күні кешке күйеуінің үйге тағы да екі 
адамды ертіп келгенін көргенде әйелі тағы ашуға 
мінді. Тамақ әзірлеу үшін ас үйге кірді, іштен ты-
нып жүріп үш адамдық тамақ әзірлеп күйеуіне берді. 
Аздан кейін қонақтардың біреуінің сытылып үйден 
шығып кеткені байқалды. Әзірленген тамақтың біреуі 
желінбей қалды. 
Әйел күйеуінен:
– Қонақтың біреуі неліктен тамақ ішпестен шығып 
кетті? – деп сұрады. 
Алайда күйеуі екінші қонақтың келгенінен бейха-
бар болып шықты. Ол таңдана:
– Сен қай қонақты айтып тұрсың? Мен іште 
отырған бір-ақ қонақты ертіп келген жоқпын ба? – 
деді. 
Бірақ әйелі анық көрді. Келген екі қонақтың біреуі 
тамақ ішпестен шығып кеткен еді. Әйелі мен күйеуі 
мәселенің төркінін пайғамбарымыздан ұқпақ болды. 
Екеуін жақсылап тыңдаған пайғамбарымыз болған 
жайды оларға былай деп түсіндірді:
– Иә, негізі үйге екі кісі келді. Алайда бұлардың 
біреуі адам бейнесінде келген сол қонақтың рызығы 
болатын. Аллаһ тағала әйелге үйге келетін әрбір 
қонақтың өз рызығымен келетінін көрсету үшін жаңағы 


109
Сахабалар сабағы
көріністі оған әдейі көрсеткен. Әйелің қонақтарға 
жеткілікті қылып тамақ әзірлегенімен ол рызық бәрібір 
ортаймаған болатын...
«Мына жайтты жақсы ұғыңдар, әр қонақ өз 
рызығын ала келеді. Ешкім де ешкімнің несібесіне 
ауыз салмайды. Үйге келген қонақ қайта сол үйдің 
рызық-несібесімен қоса берекетін де арттыра түседі» 
деді пайғамбарымыз. 
Бұдан кейін әйел де өз қателігін түсініп, ниетін 
түзепті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет