Қос уыс құрма
Сахабалардан Бәшир ибн Саадтың қызы мен
Нұғман ибн Бәширдің қарындасы әңгімелеуде:
Анам Амра бинту Рәуаха (р.а.) мені шақырып,
етегіме екі уыс құрма салып берді де:
– Қызым, бұл әкең мен нағашы ағаң Абдуллаһ ибн
Рәуаханың тамағы, апарып бере ғой, – деді.
Жолда кетіп бара жатып, Пайғамбарымызды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
кездестірдім. Одан әкем мен нағашы
ағамның қайда екендіктерін сұрадым. Ол маған:
– Қызым, бері келе ғой, қолыңдағы не нәрсе? – деп
сұрады.
Мен:
– Уа, Расулаллаһ! Бұл құрма ғой. Әкем Бәшир ибн
Саад пен нағашы ағам Абдуллаһ ибн Рауахаға шешем
беріп жіберді, – дедім.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Онда бері әкеле ғой, – деді.
Мен етегімдегі құрмаларды Расулаллаһтың уы-
сына төктім. Құрмаларым қос уысына толмай қалды.
Пайғамбарымыз бір орамал алдырып, құрмаларды
сол орамалдың үстіне шашырата төкті. Сөйтті де
жанындағыларға айтып, қаланы айналдыра ор қазып
21
Әл-Камил, 3/458-59; Нихаяту-л Араб, 20/268-70; Хаятус-
сахаба, 1/470-71.
112
Тағылым тамшылары
жатқан мұсылман сарбаздардың бәрін тегіс құрма жеу-
ге шақыртты. («Хәндақ» соғысы қарсаңы).
Пайғамбар шақыруымен Хәндақ сарбаздары тай-
лы тұяғымен тегіс жиылып келіп құрмаға қол созды.
Алайда, бір таңғаларлығы, келген әскерлердің барлығы
қанша жесе де орамалда үйіліп тұрған құрмаларды та-
уыса алмады. Тіпті тауыспақ түгілі құрмалар өз-өзінен
көбейіп, орамалға сыймай кеткен еді.
Иә, бұл сүйікті Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
тиесілі көп мұғжизалардың бірі ғана.
пәлекетке ұрындырған байлық
Мәдиналық мұсылмандар ішінде Салаба атты
сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы
ерекше болатын. Жатса-тұрса бай болсам, байлыққа
бір қол жеткізсем деп көксеген ол бар аңсарының соған
ауғаны соншалық, ойлай-ойлай шақшадай басы шара-
дай болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды.
Ақыр соңында шыдамай Пайғамбарымызға келіп:
– Уа, Расулаллаһ! Мен үшін «бай болсын» деп
дұға жасаңызшы? – деп өтінді. Пайғамбарымыз оның
бұл қалауына:
– Шүкірін өтей алатын аз малың, шүкірін өтей ал-
майтын көп малдан артық емес пе? – деп жауап берді.
Бұл сөзге, шынында да, ойланып қалған Салаба
біраз уақытқа дейін тоқтамға келгендей болды. Сонда
да «Тауықтың түсіне тары кіреді» демекші, артынша-
ақ баяғы әніне қайта басты. Тағы да шыдамай:
– Уа, Расулаллаһ! Бір дұғаңызбен мені байлыққа
кенелтіңізші? – деп, Пайғамбарымыздың етегіне
жармас-ты.
113
Сахабалар сабағы
Бұл жолғысына іштей ренжіп, қабағын түйген
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған ғибрат алсын
деген ниетпен:
– Аллаһқа ант етейін, егер шын қаласам мына тау-
тастың бәрі алтын болып маған берілер еді, бірақ мен
қаламадым, – деді.
Шындығында кей кездері Аллаһ тағаланың ең
сүйікті құлы пайғамбардың үйінде апталап, тіпті ай-
лап бойы қазанға салар, тіске басар ештеңе табылмай-
тын. Күн ара ораза ұстайтын пайғамбар ауыз ашары
жоқтықтан көбіне үш-төрт құрмамен ғана шектелгендігі
баршаға аян еді.
Осыларды ойлаған Салаба тағы біраз уақыт саба-
сына түседі.
Уақыт өте келе «бай болсам, кедей-кепшіктерге
қол ұшын бермес пе едім, сөйтіп көбірек сауап тап-
паймын ба?» деген ой-қиял әлі де мазалаған ол, ақыр
соңында, үшінші рет Пайғамбарға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жүгінуді жөн көрді. Пайғамбар алдында бар уәдесін
үйіп-төгіп:
– Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант етейін!
Егер Аллаһ мені байлыққа кенелтсе, жарлы-жақыбай-
ларға міндетті түрде қарасып, қорғанышына айнала-
мын! – деді сендіре.
Салабаның
мұнша
тілегіне
шыдамаған
Пайғамбарымыз: «Аллаһым! Салабаны қалаған
байлығына қауыштыр!», – деп қол жайып, дұға жаса-
ды.
Осы бір қасиетті тілектен кейін қой алып баға
бастаған Салаба бұрынғыдай мешіттен шықпай,
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
артында
114
Тағылым тамшылары
үзбей намаз оқитындығы үшін «Мешіт құсы» деп
аталғандығы былай тұрсын, енді мал соңынан қолы
тимейтіндіктен тек қана бесін мен құтпан намаздары-
на ғана мешітке соғатынды шығарды. Көбіне қазаға да
ұшыратып жүрді.
Аз уақытта берекеті асып-тасып, шалқыған үстіне
шалқи түскен Салабаның малдары көбейген сайын
көбейіп, енді мыңғырған малға Мәдина төңірегінен
жаңа жайылымдар іздеу керек болды. Салаба енді
тек жұма намаздарына ғана мешітке келіп жүрді.
Сөйткенше шөлдегі тың жайылым іздеген мал көп
өтпей, жұма намаздарын да ұмыттырды.
Анда-санда өткен-кеткендерден елдегі қал-
жағдайды сұрап, Салаба мал соңында салпақтап, шөл
асып кете барды. Малдарымен қоса қарақан басының
қамын ойлаудан аса алмай қалды.
Салабаның көрінбей кеткендігін байқаған Пай-
ғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оның қайда екенін
сұрағанда :
– Мыңғырған малының соңында шөл кезіп кетті, –
деген жауапты естіп, іштей ренішпен басын шайқап:
– Қап, Салабаға обал болған екен, – деді аяныш
білдіріп.
Осы уақыттарда зекет-садақа жайлы аяттар
түсіп, дәулетті мұсылмандардың жағдайы нашар
мұсылмандарға көмектесуі туралы үкімдер келді.
Аяттардың бұйрығын әр мұсылман шын ықылас-
пейілдермен шама-шарқынша атқарып жатқанда, Са-
лаба: «Бұларың қып-қызыл адамды талау емес пе?»
деп, «шығайбайшылдыққа» басып, малының зекетін
талап етіп барғандарды құр алақан қайтарды.
115
Сахабалар сабағы
Бұны естігенде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
тағы да: «Қап, Салабаға обал болған екен» деп
мұңайды.
Салабаның «Байысам, мұң-мұқтажға қарасар
едім» деп ант-су ішіп, артынша бұл уәдесінен айнып
шыға келуіне байланысты «Тәубе» сүресінің мына аят-
тары түсті: «Кейбір екі жүзділер: Егер Аллаһ бізді өз
Достарыңызбен бөлісу: |