Тапсырма: Қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз. (1932-1957),


Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар



бет4/5
Дата19.04.2023
өлшемі32,68 Kb.
#84182
түріОқулық
1   2   3   4   5
Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар:
1) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
2) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
3) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
4) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
7. "Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
8. "Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс.
9. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі; 3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс.
10. "Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
11. 5-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы;
2) анализ және интерпретация: салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу, шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы, эпикалық шығармадағы автор бейнесі, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи құндылығын бағалау, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау, әдеби эссе, сыни хабарлама жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет