Тарих факультеті

Жер бетіне келген радиацияның құрамы

бет2/6
Дата07.12.2022
өлшемі0,91 Mb.
#55657
1   2   3   4   5   6

Жер бетіне келген радиацияның құрамы:

  • 46% - көзге көрінетін;
  • 47% - инфрақызыл;
  • 7% - ультракүлгін радиациядан тұрады.
  • Күн дискісінен жер бетіне келген радиацияны тура немесе тік радиация дейді. Атмосферадан өткенде радиация көптеген өзгерістерге ұшырайды. Атмосфера молекулалары күн радиациясын жан - жаққа шашыратады, осылай шашыранды радиация пайда болады. Тура және шашыранды радиацияларының қосындысына жиынтық немесе қосынды радиация деп атайды.

    Атмосфераның үстіңгі қабатына келген радиацияның (яғни өзгерістерге ұшырамаған) интенсивтігін күн тұрақтысы деп атайды.

Күн радиациясы атмосферадан өткенде атмосфера молекулаларымен жұтылады. Атмосферадағы сіңіру әртүрлі. Мысалы, азот, оттегі - өте аз мөлшерде ультракүлгін радиацияны, озон - ультракүлгін радиацияны көп мөлшерде сіңіреді. Көмір қышқыл газ, су буы, аэрозольдер, шаң-тозаң негізінен инфрақызыл радиацияны жұтады. (әсіресе су буы) Орта есеппен Күннен келген радиацияның15-20% атмосфераға сіңіріледі. Бір бағытта келе жатқан тура радиация атмосферамен шашырап,бағыты жан-жақты болып өзгереді. Жалпы, Күннен келген радиацияның 25% жуығы атмосферада шашырандыға айналады.

Күн радиациясы жер бетіне түскенде оның бір шамасы жер бетіне сіңіріліп, жұтылады, бір шамасы шағылысып, жұтылмай кері қайтады. Осы радиацияны шағылысқан (R) деп атайды. Оның мөлшері күн түскен беттің шағылыстыру қасиетіне, немесе альбедоға (А)байланысты:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет