Тарих факультеті



бет1/6
Дата07.12.2022
өлшемі0,91 Mb.
#55657
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5-дәріс ЖЖТ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Тарих факультеті

География және туризм кафедрасы

Пән: Жалпы жертану

Мамандық: География 1 курс

Оқытушы: Шумакова Г.Ж.

3- дәріс Күн радиациясы және атмосфералық қысым

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  • Күн радиациясының таралуы.
  • Күн радиациясының түрлері
  • Альбедо. Сәулелену түрлері
  • Атмосфера қысымы. Атмосфералық қысымның географиялық таралуы.
  • Кілт сөздер: Электромагниттік сәуле. Интенсивті сәуле. Альбедо.

Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өзі жылына 1,36-1024 кал. құрайды. Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энергиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу — екі миллиардтан бірін құрайды, Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.
Радиация – күннен келетін сәулелердің қуаты. Жер бетіндегі және атмосферадағы барлық табиғи процестердің негізгі энергия көзі - Күннен келетін сәулелік радиация. Ол радиация 300 000 км/с жылдамдықпен электромагниттік толқын ретінде Күннен жан-жаққа таралады.
Күн радиациясының ұзындықтары бойынша жіктелуін спектр деп білеміз. Қысқа толқынды радиацияға ұзындығы 0,1-4 мкм (микрометр), ал ұзын толқынды радиацияға ұзындығы 4-120 мкм сәулелер жатады.

Көзге көрінетін сәулелер жеті түстерге жіктеледі; қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Барлығының қосындысы ақ түсті береді.

Көзге көрінетін сәулелер жеті түстерге жіктеледі; қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Барлығының қосындысы ақ түсті береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет