«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата09.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#8608
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
82 
APPENDIX: The demographics* for the initial cadre of executive corps “A” civil servants appears below: 
 
BEFORE REFORM 
AFTER REFORM 
MALE 
459 (85,6%)  
429 (87%)  
FEMALE 
77 (14,4%) 
64 (13%)  
AVERAGE AGE 
45,7 лет 
44,7 лет 
UP TO 30  
7 (1,3%) 
11 (2,3%) 
FROM 30 TO 40  
155 (28,9%) 
168 (34,1%) 
FROM 40 TO 50 
168 (31,4%) 
165 (33,5%) 
FROM 50 TO 60 
206 (38,4%) 
135 (27,4%) 
ABOVE 60  
24 (4,5) 
13 (2,7%) 
 
* The statistical data provided here, as well as in the paper text is obtained from job related documents, Civil 
Service Agency, Republic of Kazakhstan, www.kyzmet.kz  
 
1
 
Pollitt, C. and Bouckaert, G. (2000). Public Management Reform. A comparative Analysis. - Oxford University Press.  
2
 
Schiavo-Campo, S. (1996). ‘Reforming the civil service’. Finance and Development. September: 10-13.  
3
 
Keuleers,  P.  (2004).  Civil  Service  Personnel  Management.  Key  issues  for  consideration  when  assisting  civil  service 
personnel management reforms in developing countries. UNDP. 
4
 
Batley,  R.  and  Larbi,  G.  (2004).  The  Changing  Role  of  Government:  the  Reform  of  Public  Services  in  Developing 
Countries. Palgrave: Houndmills. 
5
 
Caiden,  G.E.  and  Sundaram,  P.  (2004).  ‘The  specificity  of  public  service  reform’.  Public  Administration  and 
Development. Vol. 25 (5): 373-383. 
6
 
Harrison, R. and Kessels, J. (2004). Human Resource Development in a Knowledge Economy: an Organisational View. 
Palgrave, Macmillan.  
7
 
Law of the Republic of Kazakhstan, 23 July 1999 with the amemdments of March 2013, “On Civil Service”.  
8
 
N. Nazarbayev (2008). Vision of the Civil Service New Model. Speech by the President. 
9
 
Polidano, C. (2001). ‘Why civil service reforms fail’. Public Management Review. Vol. 3 (3): 345-361.  
10
 
OPM Senior Executive Service Information. Available at: http://www.opm.gov/policy-data-oversight/senior-executive-
service [Accessed 18 Feb 2014]. 
11
 
Republic of Kazakhstan President’s Decree, 19 July 2011. “On Civil Service New Model Concept”. 
12
 
UNDP (2004). Merit and Transparency apply to political appointments in the civil service. UNDP paper.  
 
Түйіндеме 
Осы мақалада Қазақстандағы мемлекеттік қызмет реформасы контекстінде (2013) басқару корпусын қалыптасты-
ру мəселелері қарастырылады. 
Автордың  практикалық  тəжірибесі  негізінде  мемлекеттік  қызмет  реформасының  жүзеге  асырылуына  себепші 
болған факторлар зерттеліп, мемлекеттік қызметтің «А» корпусын қалыптастырудың негізгі нəтижелері келтірілген. 
Тірек сөздер: мемлекеттік қызмет, реформа, корпус «А». 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  вопросы  создания  управленческого  корпуса  в  контексте  реформы  государственной 
службы в Казахстане (2013), акцент в работе при этом сделан на сокращении численности политических государ-
ственных служащих.  
На основе практического опыта автора изучены факторы, способствовавшие реализации реформы государствен-
ной службы, приведены основные результаты создания корпуса «А».  
Ключевые слова: государственная служба, реформа, корпус «А»  
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
83 
УДК324 (574) 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІН 
ТРАСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В.А. Жексембекова – саяси ғылымдарыны  докторы, профессор,  аза;стан Республикасы 
Орталы; сайлау комиссиясыны  баспас9з хатшысы 
 
Мақалада  автор  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  он  екінші  шақырылымы  сайлауынан  қазіргі  уақытқа  дейін 
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін реформалау кезеңдеріне талдау жасалған. Мақала авторының пікірінше, 
жұмыс қорытындысында елде сайлау өткізу жəне ұйымдастыру практикасына сайлау заңнамасын демократияланды-
ру жəне бейімдеумен тұрақты жұмыс жасау қажеттілігі туралы айтылған. 
Тірек сөздер: сайлау жүйесі, сайлау, сайлау заңнамасы, трасформациялау 
 
Қазақстанның сайлау жүйесін жетілдіру процесінің мақсаты билік құрылымдарын қалыптастырудың 
қолданыстаныстағы тиімді тетігін құру болып табылады. 
Егеменді Қазақстанның сайлау жүйесінің басты ерекшелігі «оның тұтастай алғанда, сайлау жүйесінің 
жалпы қайта құруларымен, сондай-ақ оларға негізделген сайлау процесінің конституциялық жəне заңна-
малық  тұрғыда  бекітілген  қағидаттары  мен  тетіктерінің  өзгеруіне  байланысты  маңызды  өзгерістерді 
басынан кешіргенінде» болып табылады [1, 50 б.].  
Қазақстанның  егеменденуі  кезеңіндегі  сайлау  жүйесінің  ерекшелігі  сайлау  жүйесінің  оған  бұрынғы 
коммутистік  жүйеден  мұра  болып  қалуында.  Сайлау  баламасыз  негізде  өтті  жəне  сондықтан  оның 
нəтижелері алдын ала шешілді. 
КСРО халық депутаттарын алғашқы бəсекелік сайлау 1989 жылы, қайта құру қызу жүріп жатқан кезде 
өткізілді.  Бір  мандатты  округтер,  сайлау  үшін  дауыстардың  абсолютті  көпшілігінің  болу  қажеттілігі, 
жеңімпаздарды соңғы анықтаудың екінші туры сияқты жаңалықтар пайда болды. Бірінші рет компартия-
дан тəуелсіз депутаттар сайланды. Бұл сайлаулар үлгі ретінде болды жəне 1990 жылы көптеген одақтық 
республикаларда, соның ішінде Қазақстанда өткізілген ұқсас сайлауларға белгілі бір ықпал етті. 
Сол  уақыттағы  сайлау  жүйесінің  өзгешелігі,  оның  қызметінің  барлық  неғұрлым  негізгі  сəттерін 
реттейтін бірыңғай  заңнамалық актінің болмауында еді. Қазақ  КСР Конституциясы бойынша (1978 ж.) 
абсолютті көпшіліктің мажориталық жүйесі белгіленді. Сайлау бір мандатты сайлау округтері бойынша 
өткізілді.  Бұдан  басқа,  егер  кандидаттардың  бірде  біреуі  сайланбаған  жағдайда,  дауыс  берудің  екінші 
туры көзделді. Екінші турдағы дауыс беру қатыстық көпшілік жүйесі бойынша жүргізілді.  
Қазақстанда  1990-1991  жылдары  қолданыста  болған  жəне  1993  жылдың  аяғына  дейін  іс  жүзінде 
өзгеріссіз  қалған  сайлау  жүйесі  мынадай  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Аталған  сайлау  жүйесі 
сол  кезең  үшін  жеткілікті  түрде  демократиялық  болды,  себебі  жұртшылықтың  сайлау  прооцесінің  сол 
жəне  бір  сатыларына  кеңінен  қатысуын  қамтамасыз  етті.  Сонымен  қатар  1991  жылғы  тамызға  дейін 
республикада билік жүргізуші компаниялардың күшті ұстанымдары қалды, бұл Халық депутаттарының 
кеңестеріне оның өкілдерін сайлау жəне онда олардың басым болуына ықпал етті. Осылайша, Қазақстан-
да 1990 жылғы наурыздағы 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесін сайлауда партия обкомдарының 
барлық бірінші хатшылары бір мандатты округтерде депутаттар болды [2, 17 б.]. 
1992-1993 жылдары қолданыстағы сайлау жүйесі саяси-билік жүйесінде қалыптасқан жаңа қоғамдық 
қатынастарға  сəйкес  келмеді  жəне  маңызды  қайта  ұйымдастыруды  қажет  етеді.  Сайлау  жүйесі  ретінде 
білдірілетін билік элитасын қалыптастырудың жаңа тетігі талап етілді.  
1990-1992  жылдардағы  сайлау  жүйесін  реформалаудың  бірінші  кезеңі  1993  жылғы  28  қаңтарда  12-
шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясының 
күшіне енуінен басталды. Алдыңғы сайлау жүйесі арнайы сайлау заңын қабылдағанға дейін қолданыста 
болуына қарамастан, оны өзгертуге алға қадам жасалды.  
Жаңа Конституция өкілеттіліктің жүйесі мен қағидаттарын толығымен өзгертті. ҚР Конституциясы-
ның 14-бабына сəйкес республика азаматтары тікелей жəне өздерінің өкілдері арқылы «мемлекеттік істер-
ді басқаруға, заңдарды жəне мемлекеттік жəне жергілікті маңызы бар заңдар мен шешімдерді талқылау 
мен қабылдауға қатысу» құқығын алды.  
Осыған  байланысты,  Жоғарғы  Кеңес  жəне  жергілікті  өкілді  органдардың  депутаттарының  дерлік 
барлығын тікелей халық сайлауы тиіс болды. Қандай да бір кооптация (сайлаусыз) мүмкіндігі көзделген 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
84 
жоқ.  ҚР  Конституциясының  «Сайлау»  деген  18-тарауында  сайлау  құқығының  негізгі  қағидаттарын 
бекітті: жалпыға бірдей, теңдік, төте сайлау сипаты жəне жасырын дауыс беру. 
Сайлау жүйесін реформалаудың екінші кезеңі 12-шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 9 
желтоқсандағы  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Кодексін 
қабылдауымен басталды.  
Сайлау  туралы  Кодекске  сəйкес  Қазақстанда  мажоритарлық  сайлау  жүйесі  енгізілді,  бұл  ретте  сол 
жəне бір жағдайда қолданылатын өзінің белгілі екі түрінде: 
- абсолюттік көпшілік жүйесі ҚР Президентін сайлауда қолданылды; 
-  қатыстық  көпшілік  жүйесі  Жоғарғы  Кеңес  жəне  жергілікті  өкілді  органдар  депутаттарын  сайлауға 
қолданылды. 
1993 жылы Қазақстандағы жаңа сайлау жүйесінің маңызды ерекшелігі кандидаттарды ұсыну тəртібі-
нің  елеулі  өзгергенінде  болды.  Енді  ұсыну  құқығын  сайлау  ұжымдары  емес,  ал  өзін-өзі  ұсыну  арқылы 
азаматтардың  өздері  иеленді.  Аталған  құқық  сондай-ақ  қоғамдық  бірлестіктеде  де  сақталды.  Сонымен 
қатар Жоғарғы Кеңес депутаттығына кандидаттардың мемлекеттік тізімі енгізілді. Осындай кандидаттар-
ды ұсыну құқығы ҚР Президентінде болды. Мемлекеттік тізім бойынша сайланатын депутаттардың саны 
42-ні  құрады.  Мемлекеттік  тізім  бойынша  сайлаудың  кооптациядан  айырмашылығы  бұл  шындығында 
балама негіздегі жəне қатыстық көпшілік жүйесі бойынша сайлау болды.  
Сайлау жүйесінің маңызды өзгеруі сайлау кепілін енгізу болды: 
а)  Президенттікке  жəне  Вице-президенттікке  кандидаттар  үшін  –  10  айлық  жалақы  (айлықақы) 
мөлшерінде; 
б)  Жоғарғы  Кеңес  депутаттығына  кандидаттар  үшін  –  5  жалақы  (айлықақы)  мөлшерінде;  тұрақты 
жалақысы жоқтар үшін – заңнамада белгіленген ең аз жалақының бес еселенген мөлшерінде. 
Сайлауды қаржыландыру бұрынғысынша мемлекеттің құзыретінде болды, бұл кандидаттарға сайлау 
алдындағы  науқан  барысында  тең  жағдайларды  қамтамасыз  етуі  тиіс  еді.  Сайлауды  мемлекеттік  емес 
қаржыландыруға тыйым салынды, сайлау комиссиялары сайлау науқанын өткізуге бөлінген республика-
лық бюджет қаражатын кандидаттардың жұмсауын бақылауы мүмкін.  
Сайлау  жүйесінің  кемшілігі  дауыс  беру  мен  оның  қорытындыларын  шығару  рəсімін  қоғамдық 
бақылау  қағидатынан  бас  тарту  болды.  Сайлау  туралы  кодексте  сайлау  процесіне  байқаушылардың 
қатысуы туралы мүлдем сөз болған жоқ. Осылайша, сайлау жүйесін реформалау тек кейбір дəрежеде ғана 
оны неғұрлым ілгері етіп, халықаралық стандарттарға жақындатты.  
Нəтижесінде, 1994 жылғы парламенттік сайлау ҚР Конституциясы мен Сайлау туралы кодексті көпте-
ген бұзушылықтармен өтті, бұл алдын ала олардың нəтижелерінің объективсіз болуын шешті.  
1995  жылғы  30  тамызда  саяси-институционалдық  жүйенің  өзгеруіне  əкеп  соқтырған  жəне  сайлау 
жүйесі мен сайлау заңнамасын қайта ұйымдастыруға ұйымдасқан түрде əкелген Қазақстан Республикасы-
ның Констиуциясы қабылданды.  
Сол уақыттың сайлау жүйесі туралы толық түсінік беретін сайлау жүйесі, ең алдымен, 1995 жылғы 28 
қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  конституциялық  заң  күші  бар  ҚР  Прези-
денті Жарлығымен ұсынылды. Аталған Жарлыққа сəйкес кандидаттардың барлық санаттары үшін, қатыс-
тық  көпшілік  негізінде  сайланатын  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына  кандидаттарды  қоспағанда, 
абсолютті көпшіліктің екі турлық мажоритарлық жүйесі белгіленді. 
Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша екі турлық дауыс беру жүйесін енгізу Қазақстан үшін алдыңғы 
сайлау жүйесімен салыстыру үшін алға жасаған қадам болды, себебі ол дауыс беру нəтижелерін неғұр-
лым объективті бағалауға мүмкіндік береді [3, 124-130 б.]. Ұқсас пікір барлық деңгейдегі өкілді органдар-
ға  сайлау  кезінде  бұдан  бұрын  қолданылған  қатыстық  көпшілік  қағидаты,  жеңіске  жету  үшін  өзінің 
қарсыласынан бір дауыс артық жинау жеткілікті болғанда, күштердің шынайы бөлінуін көрсеткен жоқ.  
Жаңа сайлау заңнамасының оң сəттерінің бірі Мəжіліс депутаттығына кандидаттар үшін өздерін қол-
дап қол жинау қажеттілігін алып тастау болды. Бұл жағдай өткен шақырылымдағы депутаттар үшін жаңа 
парламенттегі орындар санын кедергісіз кеңейтуге мүмкіндік берді, мұны 1995 жылғы сайлау растады.  
Сайлау туралы жарлықтың кемшіліктеріне мынадай сəттерді жатқызған жөн: 
а)  байқаушылардың  болу  жəне  сайлау  процесіне  қатысу  фактісі  онда  (жарлықта)  көзделгенімен, 
байқаушылардың қоғамдық бірлестіктерден, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан белгілі бір 
нақты құқықтық мəртебесінің болмауы; 
б) сайлау учаскелерінде дауыс беру рəсімін бұзушылықтарға кедергі келтіру тетігін болдырмау; 
в) байқаушылар мен кандидаттардың өкілдері тарапынан дауыс беру қорытындыларын шығару кезін-
де дауыстарды санау үшін бақылау тетігінің болмауы. 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
85 
1995 жылы өткен парламенттік сайлау сайлау процесінің жетілмегенін көрсетті. Осыған байланысты, 
оны жалпыға бірдей демократиялық жəне құқықтық нормалар мен қағидаттарға сəйкес келтіру мақсатын-
да қолданыстағы сайлау туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады.  
1998  жылы  республиканың  Конституциясына  сайлауды  өткізу  барысын  маңызды  өзгерткен  түзе-
тулер  енгізілді.  Облыстардан,  республикалық  маңызы  бар  қала  мен  республиканың  астанасынан 
төмен тұрған əкімшілік-аумақтық бірліктердің əкімдерін тағайындау ғана емес, сонымен қатар олар-
ды сайлау мүмкіндігін анықтайтын ереже неғұрлым перспективті болып көрінді. Оларға ауылдардың 
(селолардың),  ауылдық  (селолық)  округтердің,  кенттердің,  аудандық  жəне  облыстық  маңызы  бар 
қалалардың əкімдері жатады.  
ҚР Конституциясына енгізілген басқа да өзгерістер мен толықтырулар парламенттің қос палатасына 
қатысты  болды,  олар,  жалпы  алғанда,  сайлауға  жеке  адамдар  мен  қоғамдық  бірлестіктердің  қатысу 
мүмкіндігін кеңейтті. Олардың ішінде енгізілген партиялық тізімдер бойынша дауыс беруді, сондай-ақ, 
«бiр  мандатты  аумақтық  сайлау  округi  бойынша  тиiсiнше  облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қала 
мен  республика  астанасының  барлық  өкiлдi  органдары  депутаттарының  бiрлескен  отырысында  дауыс 
беруге  қатысқан  сайлаушылардың  немесе  таңдаушылардың  50  процентiнен  астамының  дауысын  алған 
кандидат сайланды деп есептеледi.» дегенді атап өтуге болады.  
Мажоритарлық  жəне  пропорционалдық  жүйелердің  элементтерін  байланыстыратын  аралас  сайлау 
жүйесін  енгізу  маңызды  өзгеріс  болып  табылды.  Қақзақстанда  1998  жылғы  күзге  дейін  қолданылған 
өкілдіктің  партиялық  тізімдер  бойынша  дауыс  берусіз  мажоритарлық  жүйесі  күшті  саяси  партиялар 
құруға ықпал еткен жоқ.  
ҚР Конституциясына екі рет 1999 жылғы 6 сəуір мен 28 маусымда енгізілген, «Қазақстан Республика-
сындағы сайлау туралы» конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сайлау процесінің 
демократиялығын  кеңейтуге  бағытталған  түзетулер  енгізілді.  Ең  алдымен,  сайлауды  ұйымдастыру  мен 
өткізу  мəселелерін  реттейтін  нормативтік-құқықтық  акті  мəртебесін  конституциялық  заң  күші  бар 
Президент  жарлығын  тікелей  конституциялық  заңға  өзгерту  туралы  сөз  болады.  Сөзсіз,  мұндай  шара 
сайлау  институтының  саяси-құқықтық  мəртебесін,  сонымен  қатар  оның  қоғамның  қоғамдық-саяси 
өміріндегі маңыздылығын арттырады.  
ҚР  Конституциясына жəне сайлау туралы заңнамаға өзгерістер мен  толықтырулар ел  парламентінің 
кезекті  сайлауына  жеке  жəне  партиялық  қатысу  дəрежесін  кеңейтуге  мүмкіндік  береді.  Қолданыстағы 
сайлау жүйесі сайлау процесінің негізгі қатысушыларына əр түрлі сайлау технологияларын пайдалануға 
мүмкіндік берді, бұл 1999 жылғы Мəжіліске сайлау барысында көрсетілді. 
Тұтастай алғанда, 1998-2002 жж. сайлау процесінің қағидалары едəуір өзгерді. Сайлау жүйесін транс-
формациялаудың аталған кезеңінің ерекшелігі болған жаңа енгізілімдер: Парламенттің төменгі палатасы-
ның  депутаттық  корпусын  құру  қағидатын  өзгерткен,  Мəжіліске  сайлаудың  аралас  мажоритарлық-
пропорционалдық жүйесіне көшу; сайлау қорларын аралас негізде (жеке меншік жəне бюджеттен) құру 
практикасының  басталуы;  халықаралық  байқаушылардың  дауыс  берудің  үлкен  ашықтығын  жəне  оның 
нəтижелерінің заңдлығын қамтамасыз ететін сайлау процесіне қатысуы [4, 139 б.].  
Осы  кезеңде  маңызды  электораттық  науқандар  өткізілді  –  1999  жылғы  Президенттік  сайлау,  1999 
жылғы Мəжіліске сайлау, 1999 жəне 2002 жж. Сенатқа сайлау. Аталған кезеңдегі сайлау жүйесінің эволю-
циясы ретінде сайлау заңнамасының мазмұны мен электораттық механизмді одан əрі трансформациялау 
қажеттілігіне негізделетін саяси процестердің арасындағы қарама-қайшылықтардың өсуі болды.  
2004-2007  жылдары  сайлау  заңнамасын  кейбір  либерализациялау  жағына  қарай  қозғалыстар  бола 
бастады, бұған ішкі даму (саяси реформалаудың экономикалық дамудан артта қалуы, оппозиция тарапы-
нан  көну  талабы)  факторлары,  сондай-ақ  осы  саладағы  сырқы  қысым  факторларын  күшейту  түріндегі 
халықаралық құқықтық стандарттарға неғұрлым сəйкес келу қажеттілігі себепші болды.  
Қолданыстағы сайлау жүйесінің түйінді негіздерін қозғамай, осы кезеңдегі өзгерістер, негізінен сайлау 
процесіне қатысушылардың электораттық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, дауыс беру мен да-
уыстарды санау тетігін жетілдіруге бағытталды. Бұл орайда 2004 жылы сəуірде қабылданған «Қазақстан 
Республикасындағы сайлау туралы» Заңға түзетулердің едəуір маңызды мəні болды [5]. Қарастырылып 
отырған  кезеңдегі  сайлау  заңнамасына  енгізілген  демократиялық  сипаттағы  жаңғыртулар  қатарына: 
баламасыз сайлауды жою; саяси партиялардың ұсынуы бойынша  мəслихаттардың сайлау комиссиясын 
құрудың жаңа қағидатын бекітуі; сайлаушыларды есепке алу жəне азаматтарды тұрғылықты жері бойын-
ша тіркеуге негізделген олардың тізімдерін құру қағидатын енгізуді жатқызуға болады.  
Үгіттеу  қағидаларын  реттеу  неғұрлым  анық  сипатқа  ие  болды,  бұл  атап  айтқанда,  сайлаушыларды 
жасырын сатып алу мүмкіндіктерін жəне сайлау процесіне шетелдік адамдар мен ұйымдардың тарапынан 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
86 
болатын араласушылықты шектеуден көрінді. Сайлау күресіндегі кандидаттардың үгіттік мүмкіндіктерін 
теңестіруге қатысты анық қадамдар жасалды (заңмен кепілдік берілген БАҚ-қа тең қолжеткізілім, сенім 
білдірілген адамдар санын шектеу жəне басқ.). 
Бұдан басқа, қоғамдық  пікірдің қысымымен жəне  Демократиялық  институттар мен адам құқықтары 
жөніндегі  бюроның  ЕҚЫҰ  (ДИАҚБ)  ұсынымдары  бойынша  сайлау  заңнамасынан  сайлау  науқандары 
уақытындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін кейбір ережелер алып тасталды. Осы 
кезеңге  тəн ерекшелік электрондық дауыс беру  практикасын, теледебаттарды жəне аудандық əкімдерді 
экперименттік сайлауды енгізу болды. 
Кезеңнің  қорытынды  нəтижесі  сайлау  жүйесінің  функционалдық  параметрлерін  маңызды  жақсарту, 
оның сайлау заңнамасының жалпыға бірдей халықаралық стандарттарға жақындауы болды.  
Конституциялық  реформалаудан  туындаған  сайлау  жүйесіндегі  сапалы  жаңа  өзгерістер  2007  жылы 
болды. Барлық сайлау жүйесін маңызды трансформациялауға негізделген қағидатты жаңалықтар ретінде 
бірыңғай сайлау округін құруды көздейтін партиялық тізімдер негізінде Парламенттің төменгі палатасы-
на  сайлауға  көшу,  ОСК  құру  кезінде  Парламенттің  құқықтарын  кеңейту  əкімдердің  сайланбалылығы 
жөніндегі  экспериментті  жою,  сайланбалы  адамдар  үшін  (Сенатты  қоспағанда)  электораттық  кезеңнің 
мерзімдерін реттеу болды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының жоғары заңнамалық органы депутат-
тық корпусының бөлігін сайлау Қазақстандық сайлау жүйесіне айрықша ерекшелік берді.  
2004-2014 жылдардағы кезеңнің маңызды электораттық науқандары – 2004, 2007 и 2012 жж. Мəжіліс-
ке сайлау, 2005, 2008 и 2014 жж. Сенатқа сайлау, 2005 жəне 2011 жж. Президенттік сайлау, 2006 жəне 
2013 жж. аудандық əкімдерді сайлау.  
Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мынадай сипаттарға ие: 
 
йымдастыру
 саласында: 

 
сайлау комиссияларының төрт деңгейлі жүйесі (ОСК – облыстық сайлау комиссиялары жəне Астана 
жəне Алматы ққ. қалалық сайлау – айдандық сайлау комиссиялары – учаскелік сайлау комиссиялары); 

 
жалпы аумақтық қамту; 

 
дауыс берудің əр түрлі типтерін қосу (қағаз бюллетен мен электрондық); 

 
ОСК мүшелерін үйлесімді тағайындау (үштен екісі - парламентпен, үштен бірі – Президентпен); 

 
үшінші-төртінші деңгейдегі сайлау комиссияларын құру кезінде саяси қайталап таныстыру; 

 
сайлау округтерін құру кезіндегі ОСК-ның жеке дара құзыреті; 

 
жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімдерін құру. 
 
Конституциялы
-
ы ты
 салада: 

 
тиісті сайлау заңнамасының, оның ішінде ОСК жəне оның құрылымдық бөлімшелерінің, сайлауды 
қамтамасыз етуге  тартылатын басқа да мемлекеттік органдардың айқын нормативтік-құқықтық базасы-
ның, сондай-ақ электораттық процеске қатысушылардың болуы; 

 
жалпыға бірдей сайлау құқығы; 

 
тең жəне жасырын сайлау қағидаттары; 

 
сайлау  құқығының  əр  түрлі  типтерін  қолдану  (Президент  сайлауы  жəне  Мəжіліске  сайлаудағы 
сайлау құқығы, жанама – Сенатқа сайлауда); 

 
сайлау органдарын құрудың əр түрлі қағидаттарын қолданумен (пропорционалды жүйе – Мəжіліске 
сайлау  кезінде,  мажоритарлық  –  Сенатқа  жəне  мəслихаттарға  сайлау  кезінде,  ҚХА-дан  Парламент 
депутаттарын сайлау кезінде квоталандыру); 

 
сайлаудың міндетті баламалылығы; 

 
заңмен белгіленген сайлаудың кезеңділігі. 
 
Функционалды
 салада: 

 
сайлау процесін ұйымдастырудың ерекше құқығы, сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын 
бақылау,  тиісті  деңгейдегі  сайлау  комиссияларының  дауыстарды  санауы  жəне  сайлау  нəтижелерін 
айқындауы; 

 
сайлау комиссиялары мүшелерінің кəсіптілігіне қойылатын талаптар; 

 
мандаттарды бөлу тетігінің айқындылығы; 

 
сайлау процесінің қатыстық реттілігі жəне транспаренттілігі; 

 
сайлау комиссияларының қатыстық тəуелсіздігі; 

 
сайлау процесінің тəуелсіз ішкі жəне сыртқы аудиті жүйесінің болуы. 
Қазақстанның сайлау жүйесінің о  сипаттамаларына мыналарды жатқызуға болады: 

 
дамудың сабақтастығы; 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
87 

 
сайлау процесінің негізгі демократиялық нормаларына формальдық сəйкестік (сайлау құқықтарының 
теңдігі, жасырын дауыс беру, сайлаудың бəсекелілігі жəне т.б.); 

 
тұрғындар мүдделерінің көрнекілігі; 

 
тұрғындардың сайлау процесіндегі сайлау құқықтарын іске асыру мүмкіндігінің жоғары дəрежесі; 

 
сайлау комиссиялары жұмысының жариялылығы; 

 
олардың объективтілігіне күмəнданған жағдайда, сайлау нəтижелеріне сотпен наразылық мүмкіндігі; 

 
қағаз бюллетеньдермен дауыс беру нəтижелерін тексеру мүмкіндігі; 

 
жалпы демократиялық сайлау стандарттарына сəйкестігі. 
Тұтастай  алғанда,  Қазақстан  Республикасы  сайлау  жүйесінің  эволюциясын  талдау  сайлау  процесін 
демократияландырудағы  белгілі  бір  қолжеткізілімдерді  атап  өтуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  ретте,  сайлау 
жүйесінің негізгі қағидаттары бəсекелестік пен баламалыққа негізделгенін атап өткен маңызды. 
ҚР сайлау жүйесін трансформациялаудың сипаты мен бағыттарын айқындайтын негізгі факторы саяси 
жүйенің түрін немесе оның құрылымдық элементтерінің балансын өзгерту болып табылады. Жаһандан-
дыру жағдайларында Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасу процесіне сондай-ақ, бұл ретте геосаяси 
жəне те геоэкономикалық сипаттағы сыртқы факторлар белгілі бір ықпал етеді.  
Қазақстандық сайлау заңнамасы қалыптасу сатысында болып отыр, өмірдің өзі оған өзгерістер енгізуді 
талап  етуде.  Конституция  мен  сайлау  туралы  заңға  енгізілетін  барлық  жаңалықтардың  басты  бағыты 
демократияландыру жəне мемлекеттік басқару тетігін қалыптастыру міндетіне бейімделу болу тиіс. Бұған 
саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің едəуір кең қатысуы, саяси құқықтар мен бостандықтарды 
кеңейту, отандық жəне халықаралық тəуелсіз сарапшыларды тарту, сондай-ақ барлық көзделген рəсімдер-
ді сақтауға көп көңіл бөлу арқылы қол жеткізуге болады.  
 
1 Ш.А.  Hрманбаева.  аза;стандағы сайлау технологиялары – Алматы: Саяси зерттеулерді  орталы; азиялы; 
агенттігі, 2000 ж. 
2 Ертысбаев Е.К. Постке естік елдердегі саяси ;айта ;Hрулар мен сайлау процесіні  ерекшеліктері // 
аза;стан - спектр, 1999 ж. - №3(9). 
3 Машанов М.  аза;стан Республикасыны  сайлау жJйесі жəне оны  саяси процесті  сипатына əсері //  азіргі 
аза;стан: экономика, саясат, ;оғам. – Алматы:  аза;станны  даму институты, 1997ж.  
4  Сейлеханов  Е.Т. 
аза;стан  Республикасыны   саяси  жJйесі:  даму  тəжірибесі  жəне  перспективалары: 
Монография. – Алматы:  Р Президенті жанындағы  СДИ, 2009 ж.  
5 « аза;стан Республикасындағы сайлау туралы»  Р Конституциялы; за ына 9згерістер мен толы;тырулар» 
2004 жылғы 14 сəуірдегі  Р Президентіні  Жарлығы, « аза;стан Республикасы азаматтарыны  сайлау ;H;ы;та-
рын іске асыру ж9ніндегі шаралар туралы» 2005 жылғы 9 ;ыркJйектегі  Р Президентіні  Жарлығы, 2006 жылғы 
28 ;арашадағы Сайлау туралы за ға 9згерістер. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет