Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Тәуелсіздік тұсындағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңарудыңрөлі мен маңызын талдаңыз



бет41/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
54. Тәуелсіздік тұсындағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңарудыңрөлі мен маңызын талдаңыз

Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда елімізді мекендейтін әртүрлі ұлт пен дін өкілдерін ұйыстыратындай ұлттық идеяны қалыптастыруда Елбасы Н.Назарбаевтың зор еңбегі бар екенін атап өту керек. 2001 жылы ұлттық идеяның бес қағидаттары ұсынылды: полиэтникалық Қазақстан халқының теңдігі; қазақ халқы – ұлтқұраушы, мемлекетқұраушы этнос; діни сәйкестік; заңға бағынатын азаматарды тәрбиелеу; орта және кіші бизнесті дамыту.


2005 жылы Елбасы Н.Назарбаев ұлттық идея ретінде тәуелсіздік және азаматтардың әл-ауқатын арттыру сияқты негізгі ұғымдарды ұсынды. Одан кейін ұлттық идея ретінде еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы белгіленген болатын. Елбасы өз ұсыныстарында уақыттың ерекшеліктерін ескеріп, дәйекті болды. Өз кезегінде ұлттық идеяны әзірлеу туралы жалпы талқылауға қатыса отырып, ол басқа авторларға да өз пікірін білдіруге мүмкіндік берді.
2014 жылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жаңа нұсқасы ұсынылды. Елбасы «Мәңгілік Елді» ұлттық идея деп атай отырып, барша қазақстандықтарды «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру бойынша жұмыстарға белсене атсалысуға шақырды. «Мәңгілік Ел» халық арасында түсіністік пен қолдауды тапты. Оны кеңінен талқылап, көпшілікке ұсыну үшін ЕҰУ-нің базасында бірнеше жылдардан бері үштілді көптиражды «Мәңгілік Ел» журналы шығарылып, 25 елде таратылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2014 жылы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жаңа біріктіруші «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің «МәңгілікЕл, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
«Мәңгілік ел» – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылытар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі».
Шындығында, біздің ежелгі және мәңгілік жерімізде қазақ халқының көпғасырлық мемлекеттіліктің тарихи тәжірибесі бар. Тәуелсіздігін алған Қазақстан ұлттық мемлекеттілігін нығайту жолына шықты. Бұл туралы Тұңғыш Президент Н.Назарбаев: «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мәңгілік ел болу үшін бәрін жасап жатырмыз. Қазақстанның ең үлкен патриоты да, елді алға сүйрейтін де солар болады деп сенемін» - дейді. Бұл идеяның бастауы тым тереңде жатыр. Алғашқы рет сонау VIII ғасырдың басында қазіргі Монғолиядағы орталығы Өтікен жерінде арғы бабаларымыз – ортағасырлық түріктердің тарихы мәңгілікке қашалып, жазылып қалған. «Мәңгілік Ел» ұғымы Қазақстанның тәуелсіздік рухымен үндесіп тұр. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізінде маңызды жалпыұлттық құндылықтар жатыр: еліміздің тәуелсіздігі және Елордамыз - біздің жетістіктеріміздің символы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік. Бұл идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты, тәуелсіздік жылдарында уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда. Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.
Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет