Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы, оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттарын талдаңыз



бет44/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
57. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы, оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттарын талдаңыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бағдарлама қабылданғаннан бергі төрт жылда тарих пен мәдениеттің 51 ескертіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашықта, қоныста, тұрақта, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет басылымдарының фольклортану, әдебиеттану мен өнертану, философия, тарих ғылымы, саясаттану, тіл білімі сияқты 16 бағыты бойынша бірнеше жүз томды құрайтын кітаптар шығарылды. 100 томдық «Бабалар сөзінің» 51 томы, «Қазақ философиясының» 16 томдығы, «Әлемдік философиялық мұраның» 18 томдығы, «Баласағұн» қалашығы, Отырар, Орхон ескерткіштерінің толық атласы жасалды. «Қазақстанның электрондық кітапханасы» және «Мәдени мұра» интернет – порталдары жасалды. Қазір «Мәдени мұра» бағдарламасының 2007-2009 жылдарға арналған екінші кезеңі аяқталып, үшінші кезең бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында мынадай тағылымдарға көз жетті:
Бірінші тағылым: «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – тәуелсіздігіміздің салтанатты шеруі. Ғасырлар бойы аңсаған азаттықты бекемдеуде ұсақ-түйек деген болмайды екен. Бәрі маңызды, бәрі ауадай қажет. Солардың ішінде айрықша қамқорлыққа зәруі мәдени-рухани төл құндылықтарымызды сақтап қалу еді.
Екінші тағылым: тарих құрсағында пісуі әбден жеткен, тіпті мерзімі өтіп кеткен қажеттілікті мемлекеттік саясат пен практика деңгейінде ұлықтаған Елбасымыздың көрегендігі мен сезімталдығы.
Үшінші тағылым: «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары Қазақстан зиялылары мен мамандары әлемдік талаптар деңгейінде жұмыс істей алатынын айғақтады.
Төртінші тағылым: әлемдік өркениеттер жүйесіндегі Қазақстанның тарихи орны мен мәртебесінің тиянақталғаны.
Бесінші тағылым: «Мәдени мұра» қазақстандық патриотизмді, отаншылдық сезімді қалыптастыруға, барша қазақты, қазақстандықтарды ұлттық идея төңірегіне топтастыруға тамаша мүмкіндік ашқан іргетас қалады.
Алтыншы тағылым: кеңестік жылдардан бері желісі үзілмей, жалғасып келе жатқан тозық дәстүрдің – мәдениетке сарқынды ұстаным бойынша қаржы бөлудің өмір сүруін тоқтатқаны.
Жетінші тағылым: әлемге көлдей жайылып келе жатқан жаһанданудан ұлттық болмыс-бітімімізге төнген қатерге қарсы қояр қорғанның қатарға қосылғаны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет