Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Тәуелсіз Қазақстанда этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралықкелісімнің нығаюын талдаңыз



бет46/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
59. Тәуелсіз Қазақстанда этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралықкелісімнің нығаюын талдаңыз.

Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Көші-қон - мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үрдістеріне әсер ететін маңызды факторларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы өте төмен болған. 1979 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша республикада жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі 36% ғана құрады. Басқа одақтас республикаларда бұл көрсеткіш жоғары еді: Қырғызстанда – 47,9%, Латвияда – 53,7%, Молдавияда – 63,9%, Өзбекстанда – 68,7%, Грузияда – 68,8%, Украинада – 73,6%, Әзірбайжанда – 78,1%, Белорусияда – 79,4, Литвада – 80%, Арменияда – 89,7%. Сондықтан, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи Отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды.


1992 жылы 26 маусымда отандастырымыздың егемен елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды.
1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи Отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды. «Халықтың көші-қоны» Заңында репатриант (оралмандар), босқын деп танылған адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған.
2001 жылы Қазақстанның 2001-2010 жылдарға арналған көші-қон бағдарламасы бекітілді.
2007 жылы Қазақстан Республикасында көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Көші-қон саясатының негізгі ережелерінде ең алдымен шетелде тұратын отандастарымыздың қайтып оралуын ынталандыруға бағытталған шарттар қарастырылған. Тұжырымдаманың негізгі қағидалары бойынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау; нәсілі, тілі, діні, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеу басымдықтары анықталып беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет