Тасымалдауды ұйымдастыру және



бет6/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
ҚШ: ЖШ: ЖЖШ:
мұндағы – есептік бағыттағы жолай техникалық станция­­лардың саны;
– барынша жақын ағынның баратын станциясы;
– жолай техникалық станциялар үшін ең аз үнем мөл­шері.


Есептік вагон ағындары. Вагон ағындары деп – белгілі бір уақыт аралығында (әдетте тәулік ішінде) белгілі бір бағытта жүретін вагондар саны, ол тасымалдау жоспары бойынша айқындалады.
Тасымалдау жоспары дегеніміз жүкті тиеу және түсіру станциясы көрсетілмеген әр жолдар арасындағы вагондар қатынасының қиғаш шахматкестесі болып табылады. Жоларалық вагондар әртүрлі түйіспе бекеттері арқылы түрлі бағытта жүріп жатады. Сұрыптау станциялары арасын­дағы әрбір вагон ағындарыың мөлшері әр түрлі жоларалық қатынастардың үлесінен құралады. Құрастыру жоспарын есептеп шығару үшін бөлінген станциялар арасындағы вагон ағын­дарын анықтау үшін әрбір бағыт бойынша қатынастар үлесін – арнайы эталондар кестесін жасайды. Осындай кестелердің негізінде жоспарлы вагон ағындарының, жолдағы тиеу мөлшерінің кестесін жасап, осыдан кейін бүкіл тиеулі ағындар бөлінген станцияларға “байланымды“ болып қалатындай етіп өңдейді.

а – жұп бағыт; б – тақ бағыт


Cурет 2.1 - Вагон ағындарының сатылы керегені
Әрбір есептік бағыт үшін вагон ағындарының сатылы графигін жасайды (2.1-сурет). Бұл суретте жөнелту станцияларына сай келетін вертикаль сызықтарымен осы «жолақтың» соңына дейін баратын вагондардың санын көрсе­теді. Мысалы, жұп бағытта 50 вагон А-дан Д-ға қарай, 70 вагон – В-дан Д-ға қарай және т.с.с. жүреді.
Жылжымалы құрамдардың жеке түрілеріне жүк тиелген вагон ағындарың жоларалық шахмат-кестелері жоспарлы бос вагон ағындарын жасау үшін негіз болып табылады. Осыларға қарай жылжымалы құрамның белгілі бір түрінің балансын (артықтығын немесе кемдігін) есептеп шығарады және артық бос вагондарды жетіспейтін бекеттерге жіберу (реттеу) сызбасын белгілейді. Мұнда вагондардың бос жүрісін барынша азайтуға тырысу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет