Тасымалдауды ұйымдастыру және


Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеп шығару нормативтері мен параметрлері



бет7/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеп шығару нормативтері мен параметрлері. Пайдалану шығындары (қолайлы болу үшін ол вагон-сағатпен беріледі) құрастырудың әр нұсқасының тиімділік өлшемі болып табылады. Жалпы алғанда, мынадай жағдайда барары бір вагон ағындарын дербес бөлген жөн.
Біріктірілген аналитикалық салыстыру әдісі Алғашында бастапқы станциялардан ақырғы станцияларға баратын, кез келген жолай станциялардағы үнемделген вагон-сағаты, құрастыру станцияларындағы жинақтауға жұмсалған шығындардан асып түсетін, жалпы жеткілікті шартты қанағаттандыратын (ЖШ) вагон ағындары анықталады. Осылайша іріктелген жөнелтімдер құрастыру жоспарының тиімді нұсқасына енгізіліп, бұдан былайғы есептеулерден шығарылады. Қалған вагон ағындары үшін мү­мкін болатын барлық өтпелі ағындардың графигі жасалады.
Олардың ішінен жолай техникалық станциялардан өңдеусіз өтуден келетін үнем барынша көп болатын ең бастапқы деп аталатын ағын анықталады. Егер ол жеке ғана болса, онда құрастыру жоспарының тиімді нұсқасына енгізілуі мүмкін. Егер жеткілікті шартты қанағаттандыратын одан әрі баратын өтпелі ағындар болса, олардың көп үнем беретін біреуі таңдалады. Бұдан кейін бастапқы ағынды едәуір алыс ағынмен алмастырудың орындылығын тексеру үшін бастапқы ағыны бар нұсқа мен таңдалған едәуір алыс ағыны бар нұсқаны салыстырады. Жолай техникалық станцияларда вагон-сағат үнемі көп болатын нұсқа қабылданады.


Дәріс №2
Вагон ағыны мен пойыз қозғалысын ұйымдастыру. Темір жол вагон ағынын басқарудың мәні. Пойыздарды құрастыру жоспарының пайдалану және технико-экономикалық көрсеткіштері. Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Нақты және қажетті өткізу тәсілдері.


Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару
Желінің (телімнің) белгілі бір техникалық жабдықталуы және қабылданған жүрісті ұйымдастыру жүйесі (график түрі) жағдайында бір тәулік ішінде осы желі (телім) арқылы өткізіл­етін белгіленген массадағы пойыздардың немесе пар пойыздар­дың ең көп саны теміржол желісінің (телімінің) өткізу қабілеті деп аталады.
Нақты өткізу қабілеті – әлде бір күрделі жұмыстар атқармай-ақ, қолда бар техникалық жабдықтар арқылы жүзеге асырылады.
Жобалық өткізу қабілеті – телімнің техникамен жарақтануын күшейту үшін белгіленген қайта құру және құрылыс жүргізу жұмыстарын жүзеге асырғанда орындалады.
Қажетті өткізу қабілеті әрбір нақты бағытта мемлекеттің мүддесімен анықталатын резервті ескере отырып, берілген жүк және жолаушылар ағынын өткізе алатын телім болуға тиіс.
Бұдан әрi телiмнiң аралықтар арқылы өткiзу қабілетін есеп­теп шығару әдiстемесi баяндалады. Техникалық құрылғылар­дың өткiзу қабілетін басқа пәндер зерттейдi.
Телiм аралықтарының өткiзу қабілеті түрлiше болады, сондықтан телiмнiң аралықтар арқылы өткізу қабілетін анық­тау үшiн алдын ала өткiзу қабілеті өте аз аралықты табу қажет, оны шектегіш аралық деп атайды, оның өткізу қабіл­етін есептеп шығарып, осы арқылы, тұтас алғанда, телiмнiң өткiзу қабілетін анықтау керек.
Аралықтың өткiзу қабілеті графиктiң түрiне және оның элементтерiнiң мөл­ше­ріне, сондай-ақ бөлiм бекеттерiндегi жол тарамдарына байланысты. Аралық­тардың өткiзу қабілеті­нің жалпы түрі:
, (1.6.1)
мұндағы – жолдарды, түйiспе желiлердi және басқа құрылғыларды күнде­лiктi күтiп-баптауға арналған графиктегi технологиялық «толас кездің» ұзақтығы; – техникалық құрал­дардың сенiмдi жұмыс iстеуiн ескеретiн коэффи­циент; – график периоды; – гра­фик периодындағы пойыздар (пар пойыздар) саны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет