Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Ультракүлгін спектроскопия



бет21/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
1.3. Ультракүлгін спектроскопия
Заттай дәлелдерді табуда алуан түрлі жарық беру құралдары қолданылады. Бұл – құралдар, түрлі жарық беру режимін (жалпы, бағытталған жарықты) тудыратын, арнайы жарық көздерін құраушы құралдар. Осының бірі ретінде ультракүлгін жарық беруші құрал. Бұл сәуленің көмегімен көзге көрінбейтін немесе әлсі көрінетін іздерді, оның ішінде тер, қан, кейбір химиялық заттардың және т.б. іздерді айқындауға көмекгі зор;
Ультракүлгін сәулені адамның көзі қабылдамайды, бұл сәуле бір шетінен рентген сәулесімен, ал екінші шегі — күлгін сәулемен шектеседі. Спектрде олар 10 миллимикроннан (ммк) 400 ммк –дейнігі аумақты қамтиды. Ультракүлгін сәуле әсерінен кебір заттардың атомдары қозады. Кейбір электрондар ұзақ орбитаға ауысады, демек, жоғары энергиялық деңгейге көшкен әне бұл деңгейде ұзақ қала алмайды.
Зерттеу нысанының құрамы мен жағдайы байланысты, оның жарқылау люминесценциясы түрлі түсті және қарқындылығы әрі түрлі болады. Осы ультракүлгін сәуленің қасиеті люминесцентті талдауда түрлі нысндарды криминалистік зерттуелерде қолданыс тапты. Бұл әдіс көмегімен минералды (машина) майларын және органикалық заттарды, кейбір ұнтақтарды (мысалы, ұн және мел), отты қаруды қолдану нәтижесінде пайда болған оқтың нысанаға кіру тесігінен ұңғыны майлауда қолданылған майды талдап, теңестіруге мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы көзге көрінбейтін бяоулармен жазылған құжаттағы мәтінді айқындауға болады. Кейбір жағдйаларда люминесцентті анализ құжаттағы жалғандық белгілерді (бяоуды түссіздендіру (тарвление) және мәтінді қалпына келтіру іздерін) айқындауға мүмкіндік береді.
Криминалистикада түрлі люминесцентті сіуле беретін құралдар қолданыста. Бұл құралдардағы ультракүлгін сәуле көзі ретінде кәдімгі ртутты-кварц лампасы — тіке түтікше түріндегі (ПРК-2, ПРК-4, ПРК-7, ПУФ-5), шар колбалар (СВДШ-250, СВДШ-1000) немесе груша тәріздес колбалар (УФО-4А) формасында болады. Бұл лампалар инертті газбен (мысалы, аргонмен) толтырылған кварцты ыдыс. Бұл ыдыстың ішкі қабырғасы аз мөлшердегі сынаппен қапталған және оған электроды (анод пен катод) бектілген. Лампаны қосқан кезде сынап буланады да, ол арқылы электрондар секіреді. Нәтижесінде ультаркүлгін сәлеге бай жарық шығарылады. Көзге көрінетін сәулені жұту үшін арнайы жарықсүзгі (УФС) қолданылады. Бұл жарық сүзнгісі кварц немесе ерекше шыныдан әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет