Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика



бет24/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Бақылау сұрақтары:

  1. Микроскоптық әдіс.

  2. Спектралды талдау.

3.Ультракүлгін және инфрақызыл спектроскопия
4. Сараптау жүргізу барысында қолданылатын физикалық әдістерді ата.
5. Полярография әдісі


Қолданылған әдебиеттер тізімі


Негізгіәдебиеттер
1. Криминалистика. Дәрістер жинағы /баспаға жауапты Б.М. Тастанбеков - Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2017.
2. Криминалистика : Учебник для вузов / Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я. Драпкина. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Высшая школа, 2000.
3. Криминалистика : Учебник / Под ред. Н.П. Яблокова. - М. : Юристь, 2000.
4. Криминалистическая экспертиза материалов и веществ : Учебное пособие / А. Аубакиров, Э. Ким. - Алматы : ВШП "Әділет", 2001.
5. Криминалистика. Оқу құралы /баспаға жауапты Б.М. Тастанбеков - Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2012.


Қосымша әдебиеттер
1. Криминалистика : Учебник / Под ред. Н.П. Яблокова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрист, 1999
2. Криминалистическая диагностика при расследовании преступлений : Научно-практ.пособие / Корухов Ю.Г. - М. : НОРМА-М, 1998. Криминалистическая тактика / Гинзбург А.Я. - Алматы : Аян Әдет, 1999.
№6 Дәріс тақырыбы Криминалистік фотографияның түсінігі


Дәріс жоспары:
1. Криминалистік сурет түсінігі, мәні және мақсаты.
2. Жедел тергеу іс – тәжүрибесінде және сараптама өндірісінде суретке түсірудің түрлері және әдіс – тәсілдері.
3. Іс жүргізу суреттері және техникалық суреттер дайындау.


1. Жалпы сурет негіздері
Тергеу сапалы, әрі нәтижелі болуы үшін қылмысты тергеуде ғылыми әдіс – тәсілдерді енгізіп, ғылыми – техникалық құралдарды кеңінен қолдану қажет.
Суретке түсіру әдісі оқиға болған жерді байқауда, тінту кезінде және әкспорттық зерттеу кезінде қолданылады.
Фотографиялық әмульсия, спектрдің кең аумағында инфрақызыл, ультракөгілдір, ренген және гамма сәулелеріне, ал адамның көзі әлектромагниттік толқын спектрінің көрінетін бұліктеріне сезімтал болып келеді. Сондықтан сурет пленкасына жәй жарықта көрінетін белгілермен қатар жәй көзге көрінбейтін белгілерді түсіруге болады. Сонымен қатар суретке түсіру арқылы, адам есінде ұзақ сақталмайтын ерекшеліктерді, мәліметтерді ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз сақтауға болады және де объект бейнесін тез, әрі көп мөлшерде дайындау, суретке түсіру арқылы жүзеге асырылады.
Сурет (фотография) дегеніміз не? Грек тілінен аударғанда «фотография» сөзі «жарықпен жазу» деген мағынаны білдіреді. Сурет (фотография) дегеніміз – арнайы жарыққа сезімтал материалдарға жарық түсіру арқылы бейне шығару және осы материалдарды химиялық жолмен өңдеу әдістерінің жиынтығы.
1839 жылы 7 әаңтарда, Париж Академиясының отырысында, атақты физик және астроном Араго өзінің ойлап шығарған Ньенса және Дагера өнер табыстарымен жұртшылықты таныстырады. Яғни, Обскура камерасының көмегімен, галогенді күмісі бар сурет қабаттарынан, анық суреттік бейне шығарады. Обскура камерасың, бұл сөзбе сұз аударғанда қараңғы бөлме деген мағынаны білдіреді.
Ресейде алғаш фотосуретті, 1839 жылы көктемде орыс химигі Ф.Ф.Фрицше шығарды. өнертапқыш фотографтар А.Ф.Греков пен С.П.Левицкийлер сурет шығаруды жетілдіру жолында көп еңбек етті.
Сурет өзінің даму барысында, адам тіршілігінің көптеген салаларына ене бастады. өндірісте, өнерде және медицина саласында кеңінен қолданылды. Ал сот істерінде, алғаш рет 1841 жылы Францияда, полициялар қылмыскерлердің фотосуреттерін (дагерротиптер) дайындап шығарды.
Ресей полициясында алғаш рет, сурет ХІХ ғасыр ортасында қолданып, ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында Ресейдің біршама сот сараптамаларында суретке түсіру әдісі қолданыла бастады.
Суретті, үнемі тергеу тәжірибесінде қолдану керектігі, атақты криминалист С.М.Потаповтың 1926 жылы шыққан Сот сурет атты кітабында айтылған. Криминалист-ғалымдар Н.Д.Вороновский, Н.А.Селиванов, А.А.Әйсман және А.В.Дулов өз еңбектерінде, сот суреттерін шығару әдістерін ары қарай дамыта тусті. Сот суреті әдістері, жалпы сурет ережелеріне негізделген. Бүгінгі лексиямызда осы сұрақты талқылаймыз:
Сурет шығару жүйесі
Қазіргі уақытта сурет шығару, желатинді сурет қабаттарына негізделген. Суреттік немесе әмульсиялық қабат құрамына, желатиннің сулы ерітіндісіне мөлшерлеп ерітілген күмістің галогенді тұздарының жарыққа сезімтал ұсақ кристалдары жатады. Бұл ерітінді шыны немесе пленка негізіне жағылады.
Сурет шығаруда көп жағдайларда негативті- позитивтік әдіс көп қолданылады. Бұл әдіс мына тармақтардан тұрады:
1. Суретке түсіру фотоаппарат арқылы жүзеге асырылады. Суретке түсіру кезінде, жарық әсерінен жарыққа сезімтал қабаттарда жәй көзге көрінбейтін бейнелері пайда болады.
2. Негативтік процесс.
Суретке түсіруден кейін, сурет материалын қараңғы немесе түсті (қызыл түсті) жарық берілген бөлмеде өңдейді.
Бірінші ретте пленканы, арнаулы айқындауыш (проявитель) деп аталатын химиялық ерітіндіге, бейне көріну үшін салады. Осыдан кейін галогенді күміс дақтарын кетіру мақсатында басқа ерітіндіге салады. Бұл ерітінді фиксаж деп, ал процесс айқындау деп аталады.
Сурет материалын жуып кептіреді. Қараңғыда және жарықта шығарылған бейнелер, сурет шығарылғанда керісінше әсер етеді. Яғни, сурет қабаттарының ашық түсті жеріне жарық әсерінен үлкен қара таңбалар, ал қараңғы жерлеріне әсер еткенде күшкене қара таңбалар пайда болады.
3. Позитивтік процесс.
Негативтен суретке түсіру объектүсі тығыздылығына қатысты позитив алуға болады. Позитив дайындау процесі сурет баспасынан және оны химиялы-суреттук өңдеуден тұрады. Сурет баспасы проекциялық және жанасу әдісі арқылы жүзеге асырылады. Жанаспалы түрде сурет баспасын алуда негатив пен позитив көшірме рамкасына немесе станокқа бір-біріне қарама-қарсы қойып, негатив арқылы жарықтандырылады.
Ішкі істер органдарында жанаспалы әдіс арқылы сурет баспасын дайындауда, жанаспалы КП-8, КП-10 станоктары қолданылады. Ал проекциялық баспада арнаулы сурет Ілкейткүш құралдары қолданылады (Ленинград-2, Ленинград-4, Нева-2, Свет-4 т.б.) Бұл құралдар бейне мӨлшерін Өзгертеді. Әкспониралық сурет материалын айқындайды, сумен шаяды, тағы да айқындап, шайып, кептүреді, нәтижесінде түсіру объектісінің бейнесін шығарады.
Сурет шығаруға мынандай заттар қажет:
Өндірістер әр түрлі, кәдімгі және күрделі фотоаппараттар шығаруда. Барлық фотоаппараттар екі түрге бұлінеді:
1. жалпы қолданылатын;
2. арнаулы.
Жалпы қолданылатын фотоаппараттар кадр форматына, конструкциялық ерекшеліктеріне, құлып түріне, қашықтықты туралау әдісіне және автоматизация сатысына қарай бөлінеді.

Бұл аталан заттармен қатар сурет шығару үшін қазіргі фотоаппаратуралар жайлы техникалық мәліметтер, фотоматериалдар қасиеті мен химиялық реактивтер жайлы білу керек. Сондықтан екінші сұрақта, суретті бейне шығару үшін қандай фотоаппаратура қолданылатындығын талқылаймыз.
І. Фотоаппаратура
қарай мына түрлерге бөлінеді:
1. күшкентай 10х14 мм-ден 14х21 мм дейін;
2. жартылай форматты (18х24 мм) - Чайка;
3. шағын форматты (24х36 мм) – Зенит, ФӘД, Зоркий;
4. орта форматты (6х6 см), (6х9 см) – Киев 6с, Салют;
5. ірі форматты (9х12, 18х24 см), мысалы, дұрыс, жол камералары.
Анықтықты туралау әдісіне қарай, фотоаппараттар мына түрлерге бөлінеді:
1. айналы (зеркальные) (Зенит,Салют, Киев 6с);
2. алыс-жақындықты өлшейтін (ФӘД, Зоркий);
3. қашықтық шкаласы және объектив тұрақтылығы бойынша туралау құрылғысы бар.
Шағын форматты фотоаппараттың материалды бөліктерін тәжірибе сабақтарында мұқият қарастырамыз. Ал, қазір фотоаппараттың негізгі бөлігі-объективке түсінүктеме береміз.
Фотоаппарат механизмінің негізгі бөліктері:
1. Жарық өткізбейтін камера-сурет материалын бөгде жарықтардан қорғайды.
2. Фотоаппараттың жарыққа сезімтал қабатына, кәдімгі және керісінше бейне беретін линзалар жүйесінен тұратын сурет объективі.
3. Бейне ашықтығын туралайтын құрылғы. (Винт оймасы бар, сурет қабатына қарай объективті қойып, ашықтықты туралайтын қозғалмалы камера немесе объектив).
4. Құлып-объективпен проекцияланған сурет қабатына өткізеді.
Проекциялар белгілі бір уақыт үшінде жүргізіледі. Сурет қабатын белгілі бір мөлшерде жарықтандыру әкспониралау деп аталады. Ал құлып ашылатын уақыт аралығы, бұл аппаратта түсіру уақыты (выдержка) деп делінеді.
5. Кадр санылауы-бейне пайда болатын, сурет материалының қажетті аумағын шектейді.
6. Көрсеткүш тетік-кадр жасауға арналған.
7. Кассета-жарыққа сезімтал материалды салып қоюға арналған.
8. Пленканы ауыстыру механизмі.
Өндірістер, сурет түсіру мақсаты мен әр түрлі жағдайларға қатысты әр түрлі объективтер шығарады.
Сурет объективтері 3 топқа бөлінеді:
1. қарапайым объективтер (анастигматтар) Индустар және Юпитер-8.
2. Айналы, линзалы МТО-300, МТО-100.
Жарық сәулесі, айна және линзаның күрделі жүйесінің көмегімен бірнеше рет сынып, фокусты қашықтық мөлшеріне сәйкес объектив үшіне қарай өтеді.
3. Ауыспалы фокустық қашықтықты объектив. Объективтің ішкі компоненттерінің орналасуына қарай, фокустық қашықтық өзгереді.
Сурет объективінің жұмыстағы өзіне тән қасиеттері:
1. фокустық қашықтық;
2. салыстырмалы саңылау және жарық күші;
3. бейне бұрышы;
4. мөлшерлі күш;
5. Ашықтық тереңдігі.
Фокус-суретке түсірілетін заттың анық, ашық түсетін нүктесі. Осылардың бірнешеуін талқылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет