Тау-кен жыныстарын бұрғылап-аттыру əдісiмен қопару


Ұңғыларды орналастыру үлгілері мен қопару реттерi



бет2/3
Дата12.12.2022
өлшемі15,09 Kb.
#56643
1   2   3
Ұңғыларды орналастыру үлгілері мен қопару реттерi
Ұңғылар кемерде бiр қатарлы жəне көп қатарлы болып орналастырылуы мүмкін. Кемерде ұңғыларды орналастырудың негiзгi параметрлерiне қатардағы ұңғылар арасындағы қашықтық - а, ұңғылар қатарлары арасындағы қашықтық - в жəне кемер табаны бойындағы кедергi - W сызығы жатады.
Жарылыс нəтижесiне көп əсерiн тигiзетiн кемер табаны бойындағы кедергi сызығының W мөлшерi болып табылады, ол ұңғының диаметрiне dҰ, кемердiң биiктiгiне үк , оның беткей бұрышына a, жарылғыш заттардың қуатына жəне зарядтау тығыздығына байланысты анықталады. W мөлшерiн асырып жiберсе, кемер табаны нашар өңделедi, ал кемiтiп жiберсе, жарылыс энергиясы таужыныстарын ұсақтауға жұмсалмай сiлкiндiрiп тастауға кетедi.
Таужыныстарын қосымша ұсақтау
Бұрғылаудың жəне қопарудың қосалқы жұмыстары түрiне iрi кесектi таужыныстарын ұсақтау, жұмыс алаңын тегiстеу, кемер беткейiн тазарту кезiндегi қосымша бұрғылап-аттыру жұмыстары жатады. Iрi кесектi бөлiктердi ұсақтау жапсырма жəне теспелiк зарядтар əдістерiмен жүргізіледi.
Ұңғыларды бұрғылау жəне аттыру кезiндегi қосалқы жұмыстарды механикаландыру
Карьердегi көлемді жарылысты даярлау жəне жүргiзу бiрiмен бiрi байланысты едəуiр уақытты жəне құралдарды, карьердiң əртүрлі бөлiмдерiнiң көптеген мамандарының қатынасуын қажет ететiн кешендi жұмыс. Осы жұмыстарға мыналар жатады: бұрғылау -жарылыс жұмыстарын маркшейдерлiк қамтамасыз ету; жарылыс жобасын жасау; бұрғыланған ұңғыларды тексеру; жарылғыш материалдарды жеткiзу жəне ұңғыларды оқтау; құрал жабдықтарды қауiпсiз жерге алып шығу, жарылыс алаңын қоршауға нұсқау беру жəне ұйымдастыру; аттыру жүйесiн құрастыру; аттыру; экскаваторларды кенжарларға жеткiзу жəне т.б. жұмыстар. Карьердегi жұмыстарды үйлесімді ұйымдастыру үшін басқарудың жүйелi əдісiн қолданады.
Бұрғылау-аттыру жұмыстарын қауiпсiз жүргiзудiң негiздерi
Қауiпсiздiк ережелерiнiң негiзгi талаптары жарылысжұмыстарын жүргiзу кезiндегi бiртұтас қауiпсiздiк ережелерiмен шектеледi. Осы талаптар жарылыс жұмыстарын басқарушыларды жəне орындаушыларды дұрыс таңдаудан, жарылғыш материалдарға жауапты қараудан, жарылыс жүргiзгенде қауiпсiз қашықтықтарды анықтаудан, жарылғыш материалдарды қауiпсiз тасымалдаудан жəне сақтаудан, сондай-ақ жарылыс жүргiзген кезiндегi қауiпсiздiк шараларын жасаудан тұрады.
Жарылыс жұмыстарын жүргiзуге тау-кен жұмыстарында бiр жылдан артық жұмыс iстеген, арнайы аттырушы курстарында оқыған жəне аттырушының бiртұтас кiтапшасын алған адамдар жiберiледi.
Жарылысжұмыстарын басқару арнайыбұйрықпен тағайындалған маманға немесе кеніштің техникалық басшысына жүктеледi. Жарылыс жұмыстарын басқаруға тау-кен техникалық бiлiмi бар немесе тау-кен жəне жарылыс жұмыстарын жүргiзуге хұқық беретiн арнайы курстарды бiтiрген адамдар жiберiледi.
Бұрғылау-аттыру жұмыстарының құжатын жобалау кезінде жарылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу аймағының шекарасын анықтайды. Қауіпсіз қашықтықтың шамасы жарылыстың адамдарға, ғимараттар мен нысандарға тигізетін ауа толқыны мен сейсмикалық əсерлерімен жəне таужыныстары кесектерінің шамырау қашықтығына байланысты анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет