Педагогикалық шеберлік – балаларға деген сүйіспеншілігі жоғары өз жүрек қалауы бойын-ша жұмыс істейтін әр педагогқа қолжетімді, үнемі жетілдіру үстінде болатын оқыту және тәрбиелеу өнері.
Оқыту және тәрбиелеу өнері (Педагогикалық энциклопедия. М.:, 1965. –Т.2. – С.739.)
2
Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің кәсіби іс-әрекет етуінің жоғары деңгейі. Сырттай ол түрлі педагогикалық міндеттерді табысты шығармашылықпен шеше алуынан, оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен әдістеріне тиімді қол жеткізе алуынан байқалады.
Педагогикалықміндеттерді шығармашылықпен шешу, тиімді әдістер арқылы мақсатқа қол жеткізу. (М.И.Дъяченко, Л.А.Кандыбович)
3
Педагогикалық шеберлік – педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін білу, оны ұйымдастырып, қозғалысқа келтіре алу. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жоғарғы дәрежесіне, тіпті техника дәрежесіне жеткізуге болады.
Педагогикалық техника.
(Макаренко А.С.)
4
Педагогикалық шеберлік – оқу-тәрбие үдерістің жоғарғы тиімділігін қамтамасы ететін, психологиялық-педагогикалық теорияны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерінің ерекше шыңдалғандығын көрсететін дамудың жоғары дәрежесіне жеткізілген оқыту және тәрбиелеу іскерлігі.