Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым. Технология механикалық жəне химиялық технология болып екіге бөлінеді. Механикалық технология



бет3/23
Дата10.12.2023
өлшемі104,08 Kb.
#136591
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық
өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда
жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы.
Химиялық өндіріске:
– өндірісте қажетті өнімдер алу;
экологиялық қауіпсіздік;
– пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі;
–шикізат жəне энергияны максималды пайдалану;
– максималды еңбек өнімділігі сияқты жалпы талаптар қойылады.

1 – шикізатты дайындау; 2 – шикізатты өңдеу; 3 – негізгі өнімді бөлу;
4 – қалдықтың утилизациясы және санитарлық тазалау;
5 – энергетикалық жүйе; 6 – қосымша материалдар мен суды дайындау;
7 – басқару жүйесі.

  1. Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық.

Техникалық көрсеткіштер химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды.(қуат,жұмсалу коэффиценті,интенсифтілік)
Экономикалық көрсеткіштер – өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайды(өзіндік құн,капиталдық шығын)
Эксплуатациялық көрсеткіштер өзгерісті сипаттайды, ол регламентті жағдайлар мен күйлер ауытқығанда оларды эксплуатациялау кезінде өндірісте және ХТП - да пайдалануға болады.(беріктік,сезімталдық,жұмыс істеу қауыпсіздігі,басқару және реттеу)
Әлеуметтік көрсеткіштер - өндірісте жұмыс істеудің қолайлығын және оның қоршаған ортаға әсерін сипаттайды. Қызмет көрсетудің зиянсыздығы - газдану, шаң-тозаңдану, қатты дауыс деңгейі және т.б. талапқа сәйкес нормада болуын санитарлық- гигиеналық тұрғыдан қадағалау.
ҚОРЫТЫНДЫ;Химиялық өндірістің негізгі көрсеткіштері оны игеру, жобалау, жасау, пайдалану сапасына қойылатын талаптың жоғары екенін көрсетеді.

  1. химия-технологиялық жүйе және үдеріс. Химия фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеу

Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – шикізат өнімге дейін өңдеуге арналған
аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) және материалдық, энергетикалық ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады. ХТЖ функционалды байланысқан жүйешелерден тұрады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет