Технологияны


 CLIL  технологияны қолдану саласындағы табысты тәжірибелер



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата18.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#124756
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
2. CLIL 
технологияны қолдану саласындағы табысты тәжірибелер
 
CLIL-
технологиялар жаңа әдіс болып табылмайды. Еуропаның
көптеген 
елдерінде CLIL әртүрлі білім беру мәнмәтінінде, балабақшаның жоғары 
топтарынан жоғары білім беруге дейін қолданылады. C
LIL-
технологияны 
Еуропа елдері, мысалы,
Финляндия, Венгрия, Литва, Эстония сынды Балтық 
елдерінің түрлі мектептері тәжірибеден өткізуде. CLIL аталған елдерде табысты 
қолдану, бізге бұл әдісті ықтимал табысты деп есептеуге негіз болады.
Еуропалық білім беру
жүйелерінде CLIL
-
технологиясын енгізудің оң 
әсері көптеген зерттеулермен расталған. 1986 жылы Еуропалық комиссиямен, 
еуропалық білім беру және білім саласындағы саясатты зерделеу үшін 
құрылған Эвридика (Eurydice) зерттеу ұйымының мәліметі бойынша, CLIL 
Еуропалық Одақ елдері көпшілігінің білім беру
жүйелерінің бір бөлігі болып 
табылады және оны пайдалану барысында тілдік оқыту тиімділігі айтарлықтай 
артқан [5].
D. Wolff [6] пікірі бойынша, еуропалық білім беру проблемаларын 
талқылау барысында

соңғы онжылдықта
CLIL әдіснамасы басым
бағыттардың
бірі болып табылады. Аталған мәселеге назар аударудың басты себебі, 
Еуропалық комиссия, Еуропалық Одақтың (ЕО) әрбір азаматының ана тілінен 
басқа екі тілді меңгеруін ұсынады.
C. Dalton-
Puffer [7] Еуропалық Одақтың өз азаматтарын ортақ нарық 
шеңберінде кәсіби және жеке мобильділік, сонымен қатар, кроссмәдениетті 
және өзара түсінісу мақсатында өзге тілдерді зерттеуге шақыратындығын 
мәлімдейді. Шет тілдерін білу, барлық еуропалық азаматтар үшін өмірлік 
маңызы бар жағдай болып табылады. Басқа тілдердегі қарым
-
қатынас 
когнитивті дағдыларды жетілдіреді, білім алушылардың ана тілін білу деңгейін 
арттырады және өзге елде еркін жұмысқа орналасуға немесе білім алуға 
мүмкіндік береді.
Бұл талапты қанағаттандыру үшін ЕО елдерінің көбінде білім берудің сан 
алуан дәстүрлері мен тілдік мазмұнға негізделген түрлі қостілді оқыту үлгілері 
әзірленді.
«Эвридика» баяндамасында [8] айтылғандай, CLIL еуропалық білім беру 
контексінде өзіне таңғаларлықтай жылдам орын қамтамасыз етті. 1980 жылға 
дейін тек аздаған елдерде ғана пәндік мазмұн мен шет тілдерін оқытуды 
кіріктіру қолданылған және негізінен тек элиталық мектептерде ғана.


11 
Бүгінгі таңда, Еуропаның көптеген елдерінде жұмыс жүргізіліп 
жатқандығын болжамдауға болады. Дания, Греция, Литва, Португалия және 
Кипр елдерінен басқа.
CLIL әдіснамасы тұрақты негізде немесе қысқа мерзімді жобалармен 
енгізілуде, және бұл бастауыш және орта білім беру жүйесіндегі 3
-
тен 30%
-
ға 
дейінгі білім алушылары аталған мәндегі білім алатындығын келтіреді.
Барлық студенттер, екі немесе үш тілде оқитын жалғыз елдер
Люксембург пен Мальта болып табылады.
Финляндияда CLIL оқыту ағылшын, неміс, француз және орыс тілдерінде 
жүргізіледі, сондай
-
ақ фин, швед және жергілікті сами халқының тілінде «тілді 
толықтай енгізу» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Тіл оқытудың нысаны 
емес, оның құралы, сондықтан, шет тілі барлық сабақтарда және ана (фин) 
тілінен басқа барлық оқу пәндерінде қолданылады. Шет тілін формальді оқыту, 
арнайы сабақтарда жүргізіледі.
Испанияда Білім
министрлігінің Британдық Кеңеспен (ағылшынша British 
Council), Британия және өзге де елдер арасындағы білім беру, мәдениет және 
өнер саласындағы ынтымақтастығы бойынша халықаралық ұйымымен 
бірлескен жұмысы 1996 жылы 80 мыңнан астам қостілді білім алушылардың 
пайда болуына себеп болды. Жалпы көп жылдық бағдарлама, білім 
алушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуін айтарлықтай арттырған өте 
табысты және инновациялық болып табылды [6].
Италияға аталған білім беру үлгісі 2009 жылы бейімделді: өз 
балаларымен ағылшын тілінде сөйлесетін 2100 бастауыш сынып білім 
алушыларының ата
-
аналары, қостілді білім берудің және шет тілі мен ана 
тілдерінде сауаттылық дағдыларын дамытудың нақты пайдасын атап өткен, ал 
аталған уақытта
55 мұғалім Британдық Кеңес тарапынан тұрақты оқыту мен 
қолдау тапты.
Италияның
Білім беру министрі Стефанья Джаннини атап өткен: «Сапалы 
білім ұзақ
уақыт
бойы көптеген елдердегі реформалардың
ортасында және 
барлығымыз оның еуропалықтар үшін, Еуропаның болашақ табыстары үшін 
қаншалықты маңызды екенін білеміз. Демократиялық қатысуға бағытталған 
тиімді басқару, барлық деңгейдегі білім беру мекемелеріне қажет 

бастауыш, 
орта және жоғары. Барлық білім алушылардың өмірде табысты болуы үшін 
тиісті біліктілікпен қамтамасыз ету үшін білім қажет» [6].


12 
Т.А. Лалетина [9] және А.Е. Красенинникова [10] былай деп жазады: 
«Венгрияда оқу пәндері шет тілінде оқытылатын қостілді мектептер ерте 
қалыптасқан.
Болгарияда CLIL әдіснамасын пайдалану, шамамен 50 жыл көлемінде 
жүргізіліп келеді және осы салада жұмыс істейтін мамандар үшін үлкен 
қызығушылық
тудырады. Осы әдіске сәйкес қостілді мектептерде тарих, 
география, биология
және философия сынды
пәндер оқытылады, ал оқу 
процесін жүзеге асыру үшін
ағылшын, неміс, француз, испан және өзге де 
тілдер пайдаланылады. Бұл әдістеме жоғары оқу орындарында да қолданылады, 
бұл белгілі бір кәсіби салада мамандарды дайындап қоюды ғана емес, сонымен 
қатар, шет тілдерін меңгерген мамандарды да дайындауға мүмкіндік береді».
Т.А.
Лалетинаның пікірінше, «осы ретте мұғалімнің біліктілігі үлкен 
маңызға ие». Бұл
күрделі міндетті шешу үшін 2002 жылы биология пәнінің 
мұғалімі Штефка Китанованың
(Софиядағы Сервантес атындағы тіл мектебі) 
бастамасымен және Болгар ғылым академиясының Орман институтының 
қолдауымен жоба әзірленді. Аталған жобаны әзірлеу барысында Білім және 
ғылым министрлігі, Софиядағы Британдық Кеңес, Софиядағы ақпарат беру 
және мұғалімдерді қайта даярлау бойынша департамент, Оңтүстік
-
Батыс 
университеті (Благоевград) әріптестік танытты. Жобаның негізгі мақсаты пән 
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша CLIL курстарын құру, сондай
-
ақ, 
мұғалімдер мен білім алушыларға арналған оқу
-
әдістемелік материалдарды 
әзірлеу болып табылды. Оңтүстік
-
батыс университетінде, университетті 
аяқтағанна кейін ағылшын тілінде сабақ өткізуге ниетті тарих білім 
алушыларына арналған ағылшын тілінде сабақ аптасына бір рет жүргізіледі.
Португалияда қостілде білім беру бағдарламасын бастады. Британдық 
Кеңес және Білім министрлігінің білім беруді жоспарлау бөлімі (DGE) бүкіл ел 
бойынша жеті мектеп топтарында қостілді мектептер пилоттық жобасын жүзеге 
асыруда. Жоба 2011 жылдың қыркүйек айында іске қосылды және қазіргі 
уақытта төртінші жыл іске асырылуда.
Жоба бастауыш мектеп мұғалімдері мен ағылшын тілі мұғалімдеріне 
арналған 8 аккредитацияланған оқыту курстарын қамтиды, олар CLIL 
әдіснамасы
бойынша жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдар және сәндік
-
қолданбалы өнер бойынша оқу бағдарламаларының бір бөлігін пайдалануға 
мүмкіндік береді. Аймақтық білім басқармалары және білім беруді жоспаралау 
бөлімінен келген Британдық Кеңес өкілдері мен
тренерлері мектептерді аралап, 


13 
ашық сабақтар жүргізеді, әріптестерінің жұмысын бақылап және кері 
байланысты қамтамасыз етеді [11].
CLIL тілдері ретінде оқытуда қолданылатын тілдерді егжей
-
тегжейлі 
шолу, «Эвридика» баяндамасында қамтылады [8], бұл шет тілдері, аймақтық 
азшылық тілдері немесе елдердің өзге де ресми тілдері.
Шет тілдері арасынан, ағылшын тілі өзге шет тілдерінен ілгері тұр, 
ағылшын тілнен кейін француз және неміс тілдері орналасқан. Кейбір елдерде 
(мысалы, Венгрия және
Чехия) тізімге испан, итальян және орыс тілдері кіреді. 
Ресми көптілді елдерде, елдің өзге де тілдері пайдаланылады, мысалы, 
Бельгияның француз тілінде сөйлейтін бөлігінде 

фламанд, Ирландия 
Республикасындағы 

ирланд, Финляндиядағы 
– 
швед, Швециядағы 
– 
фин тілі. 
Еуропалық Одақ
пен Еуропа Кеңесінің көптеген елдерінде азшылық (аз 
қолданыстағы) тілдері жұмыс тілдері ретінде пайдаланылады, мысалы, 
Францияда 

окситан, каталан, бретон, Эстонияда 

орыс, Норвегияда 
– 
саам, 
Румынияда 
– 
украин тілі. Осы контексте аталған тілдердің кейбірі көп жағдайда 
азшылық (аз қолданыстағы) тілінің мәртебесіне ие (мысалы, Нидерландыдағы 
фриз тілі), басқалары, керісінше, көбінесе көрші елдерде (мысалы, 
Словениядағы көпшілік тілі болып табылатын, Австриядағы словен тілі) [6].
Көптеген елдерде жұмыс бастауыш және орта білім деңгейінде 
ұсынылады.
Кейбір елдерде, мысалы, Бельгия, Испания, Италия, Ұлыбритания
және Румынияда
қазіргі таңда
мектепке дейінгі деңгейде басқа тілде оқыту 
жүргізілуде. Кейбір елдерде аймақтық және азшылық тілдері бастауыш 
деңгейде енгізіледі, мысалы, Польша мен Румынияда, жұмыс орта мектепте 
жүргізіледі [6].
CLIL енгізу туралы еуропалық талқылаудағы маңызды рөлді басқа тілде 
оқытуға қандай пәндер аса қолайлы болып табылатындығы туралы сұрақ 
атқарады. Оларды қолдану жиілігінде жаратылыстану ғылымдарының
пәндері

математика, биология, физика, химия және технология
аталады

Әлеуметтік ғылымдар пәндері арасынан
тарих, география
және 
экономика жиі көрсетіледі, шығармашылық пәндер арасынан музыка және өнер 
жиі кездеседі
.
Бастауыш білім беру жүйесінде ешқандай айырмашылықтар жоқ, 
басқалай айтқанда, әр пән немесе пәндік сала басқа тілде оқытылуы мүмкін. 
Ерекшеліктер 

шығармашылық пәндер тек шет тілінде оқытылатын Эстония 
мен Бельгияның неміс тілінде сөйлейтін бөлігі. Көптеген елдерде мектептерге 
пәндерді таңдау және іріктеу барысында еркіндік беріледі (мысалы, Испания, 
Франция, Италия, Ирландия, Англия, Уэльс, Польша, Венгрия және Австрия). 
Басқа елдерде, мысалы, Чехия мен Румынияда таңдау әлеуметтік және 


14 
жаратылыстану
-
ғылыми пәндерімен шектеледі. Швецияда, Финляндияда, 
сондай
-
ақ, Голландияда және Болгарияда жаратылыстану және әлеуметтік 
ғылымдар аса маңыздылыққа ие, шығармашылық пәндер үшін шектеулер жоқ 
[6]. 
CLIL 
әдіснамасы
үшін оқу
сағаттарының саны маңызды көрсеткіш
болып 
табылады. Көптеген елдерде CLIL сабақтарына жұмсалған уақыт мүлдем 
анықталмаған және әр нақты мектепте байланысты, мысалы, Финляндияда, 
Италияда және Словенияда орын алғандай. Өзге елдер (Бельгияның, Чехияның, 
Австрияның және Германияның француз тілінде сөйлейтін бөлігі) «Эвридика» 
баяндамасына жуық мәліметтер келтіреді. Испания, Франция, Нидерланды
Польша және Мальтаның кейбір автономды аймақтарында
өзге
тілде оқытуға, 
оқу уақытының 50%
-
нан үштен екі бөлігіне дейін бөледі [8; 6].
Эстонияның білім беру жүйесі басқа тілдерде оқытудың ұзақ
дәстүріне 
ие. 1960 жылдары Таллин қаласының №7 және №21 орта мектептерінде 
пәндерді шет тілінде оқыту басталды; кейіннен бұл бағдарламаға тағы да 
бірнеше мектептер қосылды.
Таллин гуманитарлық гимназиясында ағылшын 
тілінде оқыту 1970 жылдары енгізілген және осы күнге дейін жалғасуда. 
Эстонияда пәндік
-
тілдік кіріктірілген оқу әдістемесі
таратылатын ең танымал 
әдістердің бірі 

2000 жылдан бері қолданылып жүрген тілдік енгізу 
бағдарламасы, аталған бағдарламаға қазіргі уақытқа дейін 70 мектеп пен 
балабақша қосылған, жалпы алғанда, 4500 астам білім алушылар мен 600 
мұғалім. Берілген әдістеме кәсіби білім беруде де жемісті пайдаланылуда.
Пәнді және тілді кіріктіріп оқыту саласындағы ең
маңызды жетістіктердің 
бірі CLIL
-
технология
– 
оқытудың
Еуропалық стандарты болып табылады [13].
Стандарт

замануаи тілдердің Еуропалық орталығының кәсіби
-
лингвисттер
бағдарламасымен қаржыландырылатын CLIL
-
CD жобасы аясында 
құрылды. Себебеі, Еуропа Кеңесінің мүше елдерінің CLIL бағдарламалары 
ұйымдастыруда, мазмұнында, қарқындылығында және тілдерді таңдауында 
ерекшеліктерге ие, пәнді және тілді кіріктіріп оқыту үшін мұғалімдерді 
даярлауға арналған Еуропалық стандарт, CLIL мұғалімдерінің макродеңгейдегі 
әмбебап құзыреттіліктеріне баса назар аударады. Мұның барлығы CLIL
контекстінде мұғалімдерді даярлаудың бағдарламалық мазмұнын зерттеу, 
сонымен қатар, жалпыеуропалық кеңес беру процесі барысында анықталды. 
Стандартта ұсынылған бағдарламалық модульдер оларды әр түрлі аймақтық 
және ұлттық нұсқаларға
бейімдеуге мүмкіндік береді.
Стандарттың
үш модулінде
пәнді
және
тілді кіріктіріп оқыту
мұғалімінің 
мақсатты кәсіби құзыреттіліктерінің он екі компоненті
көрсетілген



15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет