Теориялық және қолданбалы механика


Иілу. Иілу кезіндегі ішкі күштер факторлары



бет34/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
ТМ Сборник лекции каз (копия)

13.4 Иілу. Иілу кезіндегі ішкі күштер факторлары
Иілу деп көлденең қималарында июші момент M пайда болатын сырықтың жүктелу түрін атайды. Егер сонда барлық ІКФ нөлге тең болса, онда таза иілу орын алады дейміз. Жиі M июші моментімен қатар Q көлденең күші болады, сонда көлденең иілу орын алады.
Иілу есептерін шешуінде ішкі күштер факторларының эпюрлерін тұрғызуды білу керек. Ол үшін қималар әдісі қолданылады. Деформацияға дейін өсі горизонталь орналасқан сырықтың оған түсірілген актив күштер вертикаль (yz) жазықтығында жататын жағдайдағы иілуін қарастырайық.
А рқалықтың кез келген қимасындағы көлденең күш қиманың бір жағындағы (арқалықтың қарастырылатын қимамен кесіліп алынған бір бөлігіне түсірілген) сыртқы күштердің вертикаль өсіне проекцияларының қосындысына тең болады
. (13.22)

13.5 Сурет
Көлденең күш үшін таңбалар ережесі: егер қиманың сол жағындағы сыртқы күштердің тең әсерлі күші төменнен жоғары қарай бағытталса (13.5,а суретті қара), онда Q оң шама, керісінше жағдайда теріс шама болады. Оң жақтағы бөлік үшін ереже қарсы болады.
Июші момент қиманың бір жағындағы (арқалықтың қарастырылатын қимамен кесіліп алынған бір бөлігіне түсірілген) сыртқы күштердің сол қиманың көлденең өсіне қатысты моменттерінің қосындысына тең болады
. (13.23)
Июші момент үшін таңбалар ережесі: M эпюрін сығылған талшық жағынан тұрғызады, яғни M ординатасын сырықтың серпімді сызығының ойыс жағына қарай көрсетеді (13.5,б суретті қара). Егер сыртқы күш (немесе күштер жұбы) сырықты дөңес жағымен төмен қарай майыстыруға тырысса, онда оның моментін (13.23) формуласында оң таңбасымен алу керек, керісінше жағдайда – теріс таңбасымен.
13.2 мысал - 13.6,а суретте көрсетілген сырық үшін эпюрлерді тұрғызуын қарастырайық. Есеп шешуін сыртқы күштердің толық жүйесін анықтаудан бастаймыз. Ол үшін тіректерді алып тастап, оларды сәйкес реакцияларына ауыстырамыз ( 13.5,б суретті қара).
Тепе-теңдік шарттарынан тіректердегі реакцияларды анықтаймыз , .
Сол жақ тірегінен z қашықтығында С қимасын жүргізіп, ойша сырықты екі бөлікке айрамыз да, сол жақ бөлігін қарасты-рамыз. Сонда алып тастаған бөліктің әсерін Q күші мен M моментіне ауыстырамыз. (13.22) мен (13.23) бойынша келесіні табамыз
, .
Оң жақ аралығы үшін келесі шығады
, .
13.7 суретте бірінші аралық үшін (0  z  a) және екінші аралық үшін (a  z  a + b) табылған өрнектері бойынша тұрғызылған эппюрлер көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет