Теориялық сұрақтар



бет26/39
Дата19.12.2022
өлшемі215,89 Kb.
#58161
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Жалпы қарау. Бүйрек ауруларында аурудың санасы бұзылу уремияға байланысты болады. Уремиялық команың негізгі себептері бүйректің екі жақты созылмалы аурулары (созылмалы нефрит, бүйрек амилоидозы, созылмалы пиелонефрит, гломерулосклероз т.б.) және бүйректің жедел жетіспеушілігі.
Терінің ағаруы (құқылы тартуды, бозаруы) – бүйрек текті артериялық гипертонияда тамырлар түйілуіне, тамырлардың ісіну сұйығымен басылып қалуына және анемияға (бүйрек ауруларында эритропоэтин түзілуі азаяды) байланысты.
Бүйректік ісінудің жүрек ісінуінен айырмашылықтары:
1. Бүйрек себепті ісіну тез дамиды, тез тарайды. Жүрек ісінуі баяу дамып, баяу тарайды.
2. Бүйрек ісіну көбіне беттен басталып, барлық денені қамтиды, жүрек ісінуі дененің төменгі бөлігінен басталады (аяқ, т.б.).
3. Бүйректік ісіну жұмсақ, жүрек ісінуі тығыз болып келеді.
4. Бүйректік ісінуде бауыр өспейді, жүрек ісінуде бауырың өсуі жиі болады.
5. Жүрек ісінуінде жүрек ауруларының басқа белгілерін, бүйрек ісінуінде бүйрек ауруларының басқа белгілерін анықтауға болады.
Бүйрек тұсына қарау. Бүйрек айналасындағы шелдің қабынғанында (паранефрит) бүйрек тұсы шығыңқы болып, оның терісінің қызарып және ісінгенін байқау ға болады.

  1. Бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Бүйрекке пальпация және перкуссия жүргізу, диагностикалық маңызы.

Бүйрек пальпация
Бүйрек пальпациясы
• Пациентті арқасына немесе бүйіріне жатқызады.
• Дәрігер пациенттің оң жағына отырады.
• Сол жақ бүйректің пальпациясында оң қолын бел аймағына 12 қабырғаға жақын қояды.
• Сол қолын ішіне қабырға доғасынан төмен және оған перпендикулярлы іштің тік бұлшық етінен шетке қарай орналастырады.
• Пациентті бұлшық еттерін босатып терең демалуын сұрайды.
• Ауа шығарған кезде дәрігер сол қолын ішке қарай төмен басып артқы қабырғаға тіреледі, ал оң қолымен сол қолға қарай басады.
• Қолдарын жақындатып дәрігер пациентке ішпен терең демалуын сұрайды, егер бүйрек төмен орналасқан болса, онда бүйректің төмен жағы сол қолдың астымен өтеді.
• Бүйректі сипап анықтау мүмкін болған жағдайда оның түрін, консстенциясын, үстінің сипатын, ауыратының және жылжымалығын анықтау керек
Сау, өзгермеген бүйректің түрі-ірі бұршақ тәрізді, консистенциясы- шымыр-серпінді, үсті-тегіс, өзі жылжып, орнынан қозғалып тұрады. Бүйректі сипаған кезде жүрек айнығанды еске түсіретін әсер туады
1.Бүйректі екі жағдайда сипап анықтауға болады:
1 Бүйрек төмен түскенде (нефроптоз)
2 Бүйрек үлкейгенде
Бүйрек перкуссия
Сол қолдың алақанын кезекпен оң және сол жақ бел аймағына (ХІІ төс – ІІ бел омыртқалар деңгейіне) қойып, оң алақан қырымен жай ғана ұрғылайды.
Перкуссия әдiсiнiң бүйрек ауруларының түрін анықтауда маңызы онша емес. Белдеме маңында бүйрек үстiнде қойылған сол қолдын үстiн қол мен жәйлап ұру (қағу) , Пастерацкий тәсiлi деп аталады. Ауырғандык болса бүйрек тасы ауруы, пиелонефрит, паранефрит, миозит, радикулит белгілері болу мүмкін. Бұл белгiнi көп ауру беретін болғандықтан оның диагностикалык маңызы аса жоқ (диагностикалық маңыздылық қажет етпейді). Егер қаққылау кезінде ауырсыну анықталса, оң симптом ретінде қаралады 
Диагностикалық манызы.
Бүйректің перкуссиясы мен пальпациясы органдардың ауырсынуын, сыртқы түрі мен көлемінің өзгеруін анықтай алады. Сауалнама мен физикалық тексеруден кейін пациентке дифференциалды диагноз қою және дұрыс емдеуді тағайындау үшін қажетті қосымша зерттеулер тағайындалады:

* Жалпы зәр анализі;


* Контрасты затпен бел аймағының рентгенографиясы;
* Биопсия (егер қажет болса).

  1. Бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Лабораториялық зерттеу әдістері. Жалпы зәр талдауы, диагностикалық маңызы.

Субъективті тексеру әдістері
1.Науқастың шағымдары
-Беттің ісінің
-Дизуриялық құбылыстар
-Бел тұсының ауруы
-Дене температурасы
-Бас ауруы
-олигурия
-көз жанарының өзгеруі
-жүрек айнуы
-терінің кебіреуі
2.Ауру анамнезі
-жағымсыз факторлар
-қоздырғыш ошақтары
-себептері
-басталуы
-дамуы
-жүргізілген тексерудің нәтижелері
-жүргізілген емнің нәтижелері
-қан құю
3.Өмір анемнезі
-аурудың басталуына себеп болған
-тұрмыстық жағдай
-тұқымқуалаушылық
-зиянды әдеттер
-туберкулез , гонорея, мерез ауруларымен ауырмағандығы
-дәрі- дәрмектерді қабылдағанда аллергиялық реакцияның болмауы.

Объективті тексеру әдістері


1.Жалпы қарау
-бозару
-ісіну
-трофикалық өзгерістер

Лабораториялық зерттеу әдістері


Зәрдің жалпы анализі
Несепті бактериологиялық зерттеу
Нечипоренко әдісі
Аддис-Каковский әдісі
Зимницкий сынамасы

Оған несептің физикалық қасиеттерін анықтау;


-Несепті химиялық жолмен тексеру
-Несепті микроскопиялық тексеру
-Несепті бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет