Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі


Блум таксономиясын математиканы оқыту барысында қолдану



бет17/21
Дата27.11.2023
өлшемі399,71 Kb.
#129714
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
37. Блум таксономиясын математиканы оқыту барысында қолдану.
Блум таксономиясы арқылы оқыту оқушылардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызуға ықпал жасайды. Оқушының ғана емес, мұғалімнің де ойлау кеңістігі артуына көмектеседі. Және мұғалімдер үшін дарынды, талантты оқушылармен тиімді жұмыс істеудің оңтайлы әдістерінің бірі деп есептеймін. Мұғалімдер оқушыларды ынталандыру мен дамытуда талдау, бағалау, жинақтау үдерістерін белсенді қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне болады. Мұғалімдердің өз пәні бойынша Блум таксономиясының танымдық деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды дайындауға машықтанып, күрделі деңгейлі тапсырмаларды дайындау дағдысы қалыптасады.
Сенімді жұмыс жасап есептер шығаруға үйренді. Топпен жұмыс жасауға төселді. Сын тұрғысынан ойлауға үйреніп қана қоймай, өзіндік пікірі қалыптасты.. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
Егер оқушының шамасы тек қана ІІІ (жеңілдетілген) деңгей тапсырмаларына жететін болса, оның танымдық қабілеттерін даму деңгейі ең төменгі талап деңгей - «білу» және «түсіну» ауқымында. ІІ деңгей тапсырмаларын орындайтын оқушы «топтау» және «білімін бағалау» деңгейінде. Қорыта келгенде, Блум таксономиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол.

Дағдылар

Мысалдар

Білу

Теңдеу дегеніміз не? Формуласын жаз.

Түсіну

-Теңдеудің шешімін табыңдар, теңдеуге мысалдар келтір.

Қолдану

Теңдеуді шешудің алгоритмін құрастыр, мысал –есептер келтір.

Талдау

Теңдеулердің түрлеріне классификация жаса.

Жинақтау

Күрделі теңдеу мен қарапайым теңдеулерді салыстыра отырып шешу жолдарына кесте кұрастыр.

Бағалау

Қандай күрделі теңдеулерді шешу жолдарының тиімді жолдарын білесің? Қалай? Неге?



38. Есепте.
(38*216:57+3780:108-10):13=13
38*216=8208
8208:57=144
3780:108=35
144+35=179
179-10=169
169:13=13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет