Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі



бет1/21
Дата27.11.2023
өлшемі399,71 Kb.
#129714
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

  1. Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі.

Бүтін сандар деп оң және теріс таңбасымен алынған барлық натурал сандар жиынынан құралған сандар жиынын атаймыз. Теріс емес бүтін сандарды былай түсіндіруге болады: Координаталық түзуде тірек нүктесі әрқашан 0 нүктесінен басталады. Әрбір нүкте бір бүтін санға сәйкес келеді. Натурал сандар – санау үшін қолданатын бүтін, оң сандар. Мұнда олар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 + ∞. Бүтін сандар тізбегін былай жазуға болады:∞ + … -4, -3, -2, -1, 0, 1, 2, 3, 4 … + ∞Координатаның оң жағы бүтін сандар,ал сол жағы теріс сандар болып табылады. Нөл – оң және теріс сандар арасындағы шекара. Яғни, нөл оң сан да, теріс сан да емес. Яғни бүтін сандар 0, 1, 2, 3, 4,… және –1, –2, –3, –4,… сандар жиындарының бірігуінен құралған. 10 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқытуда сандарды шығарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудығы алғашқы кезеңі болып табылады. Сандар нумерациясын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі тақырып біртіндеп кеңейеді және төмендегідей ретпен даму арқылы қарастырылады: он көлеміндегі-нөл саны-жүз көлеміндегі сандар, мың көлеміндегі сандар-миллион көлеміндегі сандар. Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымын анықтау. Оқытудың міндеттері:
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әртүрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды цифрлармен белгілеу, меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.
2.1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін меңгеру, игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.
3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін >,<, = таңбаларымен белгілей алу біліктерін қалыптастыру және теңдік пен теңсіздік ұғымдарын қалыптастыру.
4. 10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.
5. «Бір және екі таңбалы сан» ұғымдарын, бірдің және нөлдің қасиеттерін меңгерту.
Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру барысында:
а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады
ә) Санды шамамен өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;
б) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады.
Теріс емес бүтін сандарды үйретудің басты мақсаты онда сан ұғымы теріс емес бүтін сандардың амалдары яғни, ол жерде қосу, азайту, бөлу амалдарын үйренеді. Ол амалдарды заңдылықтарын теориялық жақтарын үйренеді.
Қосудың бізге белгілі екі заңы бар. Олар: 1) коммутативті (орын ауыстырымдылық), 2) ассоциативті (терімділік). Кез келген теріс емес бүтін а және b сандары үшін а+b = b+а теңдігі орындалады. Қосудың коммутативтік және ассоциативтік заңдары қосылғыштардың кез келген саны үшін орындалады.
Мысал: қосудың заңдарын пайдаланып 109+36+191+ +64+27 өрнегінің мәнін
есептейік:
109+36+191+64+27=109+191+36+64+27=( 109+191)+(36+64)+27=
=300+100+27 = 427
Қосудың орын ауыстырымдылық заңы бастауыш сыныпта алғашқы он санды оқып
– үйренгенде, алғашқы кезде қосу кестесін құруда, кейіннен тиімді тәсілмен есептеу кезінде қолданылады. Бұл заң бастауыш сыныпта мынадай ереже түрінде тұжырымдалады. Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындысының мәні өзгермейді. Терімділік заңы бастауыш сыныпта айқын түрде берілмегенмен есептеулер жүргізуде үнемі қолданылады.


  1. Есепті шығар.

Үш өңірде 11898 көл бар. Көкшетау өңірінде 1896 көл, Солтүстік Қазақстан өңірінде одан 356 көл артық, қалғаны Қостанай өңірінде. Қостанай өңірінде неше көл бар?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет