Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері


 С/С++ тілінің графикалық мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет64/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
 
7 С/С++ тілінің графикалық мүмкіндіктері 
 
7.1 Адаптер, адаптер типтері, драйверлер және режимдер түсінігі 
Графиктік режимдегі кез келген бейне монитор экранында пикселдер 
жиынынан тұрады. Графиктік режимде монитордың жұмыс істеу мүмкіндігі 
графиктік адаптер
деп аталатын арнайы электрондық сызбамен қамтамасыз 
етіледі. Адаптерлердің негізгі типтері: CGA, EGA, VGA SVGA. Графикалық 
адаптердің жұмысын 
драйвер
деп аталатын арнайы программа іске асырады. 
Драйверлер 
BGI 
кеңейтіліміндегі
 
файлдарда сақталады. Қолданылып 
отырған драйвер әр түрлі режимдерде қызмет ете алады. 
Графиктік режимді баптау функцияларының ішінде келесісін 
ерекшелеуге болады: 
void far detectgraph(int far *gdriver, int far *gmode); 
void far initgraph(int far *gdriver, int far *gmode, 
char far *pathdriver). 
detectgraph функциясы графиктік адаптер типін анықтау үшін арналған. 
Бұл функция бірінші және екінші параметр болып көрсетілген адрестері 
бойынша мәндерді қайтарады. Мұнда gdriver – құрамында графиктік драйвер 
номері бар бүтін санға көрсеткіш. Мысалы, CGA үшін бұл номер 1-ге тең, 
EGA үшін - 3, VGA - 9, Hercules – 7 болады. Мәндерді graphics.h сипатталған 
тұрақтылар көмегімен беруге болады, мұнда CGA = 1, EGA = 3, HERCMONO 
= 7 және VGA = 9. detectgraph функциясының екінші параметрі ретінде 
экранның максималды шешімділігін қамтамасыз ететін, графиктік режим 
номері бар бүтін санға көрсеткіш болады. Егер графиктік адаптер болмаса
онда detectgraph функциясына *gdriver = -2 меншіктеледі. 
initgraph функциясы *gdriver номері бар, және графиктік режимінің 
номері *gmode болатын графиктік драйверді жүктеу үшін арналған. Егер 
gdriver адресіне ноль жазылса, (*gdriver=DETECT), онда функция алдымен
detectgraph функциясына қатынас жасайды, содан соң драйверді жүктейді, 
оның номері detectgraph функциясымен қойылады. (Мұнда режимдердің 
мүмкін номерлерінің ішінен ең үлкені қойылады). Драйверді жүктеу үшін 
қажетті жады «үймеде» көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет