Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет63/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
84
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Шығыс Қазақстан өңірі өзінің өзен-суларынан ... оңтүстік аймақтардан биік 
тауларымен де ерекшеленеді.
А) гөрі
В) астам
С) бөлек 
D) бірге
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
2017 жылдан ... елімізде қазақ тілін меңгергендер саны 80 пайызға жетеді. 
А) соң
В) сайын
С) ілгері
D) сəйкес
85
Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
Септік
Мысалдар
Көмектес септігі 
бірге, қатар, қабат, қоса жəне т.б.
Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер іс əрекетті бірнеше субъектінің бірігіп 
жасағанын немесе белгілі бір əрекеттің басқа бір əрекетпен қабаттаса, жарыса 
жасалуын білдіру үшін қолданылады.
Мысалы: Маманның өз саласын терең білуімен қатар тəжірибесі де болуы керек. 
Көрмеге шетелдік өнімдермен бірге қазақстандық тауарлар да қойылған.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Елордада «Бізбен ... бол: Тəуелсіздік шыңы» акциясы өтуде. 
А) бірге 
В) басқа
С) бөлек
D) артық
1) бірге сөзі іс-əрекеттің бірлесіп жасалуын көрсететін, көмектес септігіндегі сөзбен 
тіркесетін септеулік;
2) басқа сөзі алдында тұрған сөзбен (бізбен) тіркесіп тұрған жоқ, бұл – шығыс 
септігінен кейін келетін септеулік;
3) бөлек сөзі шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік, көмектес септігіндегі 
сөзбен тіркесе алмайды;
4) артық сөзі шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік бізбен сөзімен тіркесе 
алмайды.


92
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Мектеп – біліммен ... əр адамның өміріне жолдама беретін қасиетті де ардақты 
шаңырақ.
А) бері 
В) қоса
С) жуық
D) бетер
1) бері сөзі шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік, ал алдындағы сөз 
көмектес септігінде тұр;
2) қоса сөзі көмектес септігінен кейін келетін септеулік, мұнда бір əрекет (білім беру) 
басқа бір əрекетпен (өмірге жолдама беру) қабаттаса қолданып тұр;
3) жуық – барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін, мезгіл мəнді білдіретін септеулік;
4) бетер – көмектес септігінен кейін келетін септеулік. Сөйлемдегі екі əрекет те 
(білім беру, өмірге жолдама беру) қатарласа, жарыса біреуі екіншісіне басымдық 
беріп тұрған жоқ; бетер септеулігі – бір əрекеттің екінші бір əрекеттен артық не кем 
екендігін білдіру үшін жұмсалатын септеулік.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Сонымен ... мемлекеттік тіл мəртебесіне сай қазақ тілінің қоғамдық қызметін жан-
жақты жетілдіру керек.
А) қатар 
В) бетер 
С) өзгеше 
D) бұрын
1) қатар сөзі - көмектес септігінен кейін келетін септеулік, сондықтан көп нүктенің 
орнына қатар сөзін қоюға болады;
2) бетер сөзі бір əрекеттің екінші бір əрекеттен артық не кем екендігін білдіру үшін 
жұмсалатын септеулік, сөйлемде ондай салыстыру жоқ;
3) өзгеше сөзі – шығыс септігіндегі септеулік, алдындағы сөз көмектес септігінде тұр;
4) бұрын сөзі – шығыс септігіндегі септеулік, алдындағы сөзбен (сонымен) 
тіркеспейді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Дастарқанға шаймен ... ыстық самса да қойылды.
А) бірге 
В) бетер
С) қарай 
D) сəйкес
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қыркүйек айының ортасында Азамат əкесімен ... Италияға жол жүрмек.
А) таяу 
В) бірге
С) кейін 
D) бұрын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет