Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К


) Сын-есім §1) Нәрселердің сынын көрсететүн сөздерді сын-есім



бет13/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
2) Сын-есім

§1) Нәрселердің сынын көрсететүн сөздерді сын-есім дейміз.


Сын екі түрлі: 1) тек сыны, 2) сыр сыны.
§2) Нәрсенің тегін көрсететүн сөзді тек сыны дейміз, мыйсалы, ағаш айақ, күміс қасық, алтын жүзік, қағаз ақша, жез құман, кійіз қалпақ, мақта жіб, қайыс жүген басқа сондайлар.
Іздетіу. Тек сыны сөздер табтырыу.
§3) Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сыр-сыйпатын: сырын, реңін, йағный түрін, түсін, түгін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді. Мыйсалы, бійік, аласа, жұуан, жіңішке, толық, нәзік, арық, семіз, аш, тоқ, шебер, шорқақ, ұста, олақ, ақ, қара, қызыл, сары, көк, жасыл, торы, күрең, шабдар, бұурыл, зійрек, кешше, тентек, жұуас, шадыр, момын, құу, сұм, аңқау, басқа сондайлар.
Ескертіу. Сын-есім табына «бар», «жоқ», «оңқа», «алшы», «тіке», «жұб», «дара» сыйақты қалып-есім сөздерде кіреді.
Іздетіу. Сыр сыны сөздер табқызыу.


Шырайлар.

§4) Сыр сынында үш шырай бар: 1) жай шырай, 2) талғаулы шырай, 3) таңдаулы шырай.


§5) Жай шырай артық, кем демей нәрсенің сыйқын жай көрсетеді. Мыйсалы, жақсы атан, жаман қой, тентек бала, жұуас ат, шорқақ кісі, қызыл шүберек, бійік ағаш, басқа сондайлар.
§6) Талғаулы шырай нәрсенің сыйқының бірінен бірі артық-кемдігін көрсетеді: оны көрсетіу үшін жай сындағы сөзге «рақ», «рек» деген талғау қосымшалары тіркеледі.
§7) «рақ» қосымша жұуан сөзге, «рек» қосымша жіңішке сөзге тіркеледі; мыйсалы, жақсы жақсырақ, жаман жаманырақ, зійрек зійрегірек, семіз семізірек, басқалары да солайша.
1) Дағдыландырыу. Төмендегі сөздерге талғау қосымшаларын тіркетіу.
Аласа, төмен, ақ, қызыл, сұр, қара, сары, шұбар, бай, батыр, жарлы, жақын, алыс, арзан, қымбат, қойыу, сұйық, ерке, тік, жеңіл, тегіс.
Іздетіу. Талғау қосымшаларын тіркерлік сөздер табтырыу.
§8) «рақ», «рек» қосымшаларсыз да, талғау шырай болады. Мәселен: сыйырдан жылқы бійік; аттан атан мықты; қарағайдан қайың аласа; Асаннан Досан кіші; темірден ағаш жеңіл, тағысын тағы сондайлар.
Талғау шырайын күшейткенде көб деген сөз қосылыб айтылады, мәселен: сыйыр түйеден көб аласа, қой аттан көб арзан; талдан қарағай көб бійік; темірден ағаш көб жеңіл, тағысын тағы сондайлар.
2) Дағдыландырыу. Төмендегі сөздерді талғау шыраймен күшейткізіу.
Қыстан күз жылы, күзден шілде жылы; айраннан қымыз жақсы; ағаштан темір берік; тезектен тас ауыр; түлкіден қасқыр үлкен; кесерткіден жылан ұзын; түйеден піл зор; шекбеннен күпі қалың; бүлдіргеннен шійе қызыл; жазыудан оқыу оңай; теңізден көл кіші; айдан күн жарық; тайақтан құрық ұзын; бійдайдан тары ұсақ; кійізден шүберек жұқа; көлден теңіз терең; қатықтан қымыз сұйық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет