Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет1/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері


Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!

Байтұрсын ұлы Ақымет


ТІЛ – ҚҰРАЛ

Сөздің жүйесі мен түрлері


ІІ тіл танытқыш кітеб


Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы


А.Байтурсунов
Грамматика киргизского языка
«Тиль-курал»
Кн. ІІ. Этимология
Издание 6-ое
Государственное издательство К.А.С.С.Р.
1927


Сөз табтары.


I. Зат-есім.

§1) Зат-есім нәрселердің атын көрсететүн сөздер. Нәрсе деб не түрлі де болса, бар затты айтамыз. Зат тегінде екі түрлі: біреулері көзге көрінетүн, құлаққа естілетүн, мұрынға ійіскелетүн, тілге татылатұн, денеге сезілетүн – деректі заттар; екіншілері көзге көрінбейтүн, құлаққа естілмейтүн, мұрынға ійіскелмейтүн, тілге татылмайтұн, денеге сезілмейтүн, адам ақыл мен ғана білетүн дерексіз заттар.


Сол деректі, дерексіз заттардың атын көрсететүн сөздерді зат-есім дейміз. Деректі заттардың есімін көрсететүн сөздер, мәселен: жер, сұу, ай, күн, дауыс, дыбыс, ән, күй, ійіс-қоңыс, дәм, ашшылық, тұшшылық, жылылық, сұуықтық тағысын тағылар.
Дерексіз заттардың есімін көрсететүн сөздер, мәселен: бақ, бәле, жан, өлім, ой, мінез, ұйат, реніш, құуаныш тағысын тағылар.
1) Дағдыландырыу. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі деректі-дерексіз заттардың есімін айыртыу.
Тау мен тасты сұу бұзар, адам затты сөз бұзар. Өлген арыстаннан тірі тышқан артық. Ат аунаған жерде түк қалады. Ійт құтырса, ійесін қабар. Қойшы көб болса, қой арам өлер. Көлде жүрген қоңыр қаз көл қадірін білер ме? Шөлде жүрген дұуадақ шөл қадірін білер ме? Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес. Шортанның өзі өлсе де, тісі өлмес. Көрмес түйені көрмес. Бійтке пышақ сұуырма! Екі сұңқар таласса, бір қарғаға жем түсер. Бүркіт қартайса, тышқан аулар. Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Ойлай берсең, ой да көб, сана да көб, ойнай берсең, ой да жоқ, сана да жоқ. Есің барда етегіңді жаб. Ашыу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос. Сабыр түбі сары алтын: сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұйатқа.
§2) Зат-есім екі түрлі болады: біреулері нәрсенің дербес өз басына-ғана қойылған жалқы есім; екіншілері нәрсенің біріне емес, барлық табына қойылған жалпы есім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет