Тірек – қимыл жүйесі. Тұлға сүйектері



бет3/5
Дата26.12.2022
өлшемі30,37 Kb.
#59637
1   2   3   4   5
13. Ас қорытылу физиологиясы
Қоректену үрдісін сипаттау: ауыз қуысындағы астың химиялық және механикалық өңделуі. Сілекейдің құрамы, қасиеттері. Сілекей бөлініуінің реттелуі. Шайнау. Жұту механизмі.

Асқазандағы астың қорытылу үрдісі. Асқазан сөлі – құрамы, ферменттері, қызметі. Тұз қышқылының маңызы. Асқазанның сіңіру және моторлық қызметі. Асқазан сөлінің бөліну кезеңдері.


Жіңішке ішектегі (12елі ішек) асқорытылу үрдісін сипаттау. Өт, панкреас сөлі, ішек сөлінің құрамын, бөлінуін, қызметін түсіндіру. Ферменттер қатысуымен қоректік заттардың ыдырауы. Өт түзілу. Сөлдердің бөлінуінің реттелуі. Ішектің асты сіңіру үрдісі. Жіңішке ішек моторикасы

Тоқ ішектің асқорытудағы маңызын сипаттау. Тоқ ішек микрофлорасын, тоқ ішек моторикасын, нәжіс қалыптасу, дефекация актін түсіндіру.


14.Зат алмасу.

Зат алмасу сатылары.


Нәруыз алмасу: қызметі, тәуліктік қажеттілігі, азоттық баланс, нәруыз ыдырауы мен синтезі, алмасудың соңғы өнімдері;
Көмірсу алмасу: қызметі, тәулікті қажеттілігі, көмірсулық баланс баланс, ыдырауы мен синтезі, алмасудың соңғы өнімдерін;
Май алмасу: қызметі, тәулікті қажеттілігі, липидтік баланс баланс, ыдырауы мен синтезі, алмасудың соңғы өнімдерін меңгеру.

Су- тұз алмасу: ағзадағы судың көлемі және құрамы, тәуліктік қажеттіліктерін игеру. Минералдардың ағзаға түсуін, маңызын, тәуліктік қажетті мөлшері.


Витаминдер, түрлері, маңызы. Гиповитаминоздар.


15.Тыныс алу жүйесі.

Мұрын: сыртқы мұрынды құрайтын сүйектер, шеміршектер, бөліктері.
Мұрын қуысы, шектесуі, шырышты қабаты, жолдары, қалқандары, қойнаулары.
Көмей склетопиясы, синтопиясы, шеміршектері (тақ, жұп), бұлшық еттері, көмей қуысы, қызметі.
Кеңірдек, склетопия, синтопия, құрылысы. Кеңірдек бифуркациясы.
Бас бронхтар, орналасуы, бронх талының ерекшеліктері, бронхиолла.
Өкпе, шекаралары,беттері, сыртқы құрылысы,бөліктері, өкпе қақпасы. Ацинус. Альволла.
Плевра, плевра қуысы, маңызы.
Глоссарий.

16. Тыныс алу физиологиясы


Тыныс алу сатыларын түсіндіру (сыртқы тыныс, өкпедегі газ алмасу, газдардың қан арқылы тасымалдануы, тіндердегі газ алмасу, ішкі тыныс).
Тыныс жиілігі, тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Дем алуға және дем шығаруға қатысатын бұлшық еттер.
Спирометрия. Өкпе сыйымдылығы. Тыныс алу орталығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет