Тіс-технигінің жұмыс орны. Тіс технигінің пайдаланатын материалдары мен құралдары. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы



бет22/25
Дата12.09.2023
өлшемі75,09 Kb.
#106924
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Жеке дара қасық, оның қолданылуы.

Жеке дара қасық – бұл функциональды қалып алуға арналған құрал және ол науқастың тіс-жақсүйек жүйесінің анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне сәйкес жасалады. Жеке дара қасықтың негізінде кейін протез жасалады. Жеке дара қасық лабораторияда анатомиялық қалып бойынша құйылған гипс моделінде балауыздан, пластмассадан немесе листовой полистиролдан жасалады.
Жеке дара қасықты балауыздан дайындау. Гипстік модельде қасықтың шекаралары белгіленеді, тістехникалық балауыз пластинасы қыздырылады, оны екіге бүктеп, модельдің үстіне мықтап басып, оған қалып алушы қасықтың пішінін береді. Артық балауызды қыздырылған шпательмен белгіленген шекара бойымен кесіп алады, қасықты алады және оның жиектерін спирт шамында немесе газ оттығында балқытады. Қасықтың беріктігін арттыру үшін және ауыз қуысында жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін алюминий проволокасынан қалыңдығы 1 мм, П әрпі түрінде тұтқа жасалады. Проволоканың ұштары жалынның үстіне қыздырады және тұтқасы тиісінше альвеолярлық өсіндінің ортасына 90° бұрышпен енгізіледі.
Балауыздан жасалған жеке дара қасықтың көмегімен қысыммен қалып алу мүмкін емес. Осы мақсатта қатты (пластмассадан жасалған) жеке дара қасық керек.
Жеке дара қасықты пластмассадан дайындау. Гипстік модельге сәйкес балауыз қасық жасалады, алдыңғы тістер аймағында кішкентай (1 см-ге дейін) балауыз тұтқасы модельденеді, модельді балауыз қасықпен кюветаға гипстейді, балауыз ерітіледі, оны пластмассаға ауыстырады, полимеризациялайды, өңдейді, бірақ жылтыратпайды.
Сонымен қатар бөлме температурасында суда қысыммен еркін формовка және полимерлеу арқылы өздігінен қататын пластмассалардан (протакрил, карбонент, редонт) жеке дара қасық жасауға болады.



  1. Толық алмалы протездердің базисінің шекаралары.

Жоғарғы жақ сүйегіндегі протез базисінің шекаралары. Вестибулярлы жақта – тіссіз альвеолярлы өсіндінің ұрт пен ерін тартпаларын айналып,
өтпелі қатпар бойымен өтеді. Протездің жақсы ұсталып тұруы үшін, жоғарғы жақ сүйек төмпешіктері міндетті түрде базиспен жабылады. Базистың артқы жиегінің аяқталу орнының ориентирі – таңдай тесіктері болып табылады. Олар «А» зонасына жақын орналасқан.
Төменгі жақ сүйекте базис шекарасы вестибулярлы жақта – ұрт тартпаларын, ерін үзеңгісін айналып өтіп, өтпелі қатпар бойымен өтеді. Дистальды жақта – төменгі жақ төмпешіктерін толық немесе жартылай жабады. Оральды жағынан – тіл үзеңгісін айналып, ішкі қиғаш линияларды біршама жауып тұрады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет