Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзгеріп отырады.
Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама проблемаларына тірелдік. Бір жағынан бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты Психологтар өзіне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: «Бақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен дәлелдеуге болады.?» Психологияның қалыптасу және даму барысында эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталды. Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет?
Психологиялық құбылыстарды мөлшерлі бағалау ХІХ ғ. екінші жартысынан басталды, сол кезде ғана психологияны дәл және пайдалы ғылым жасау қажет болды. Одан ерте 1835 ж., қазіргі статистиканы жасаушы А.Кетленің (1796-1874) «Социльная физика» кітабы жарық көрді. А. Кетленің бұл еңбегінде мүмкіндік теориясына сүйене отырып, ол теория бойынша адамдардың мінезі белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын анықтады. Статикалық материалдарды талдай келе, ол адамдардың семья құруы, өз-өзіне қол жұмсауы және т.б. сияқты актлеріне мөлшерлік сипаттама беретін тұрақты мән алды. Бұл актілер алдында еркін болып саналатын. А.Кетленің қалыптастырған тұжырымы қоғамдық құбылыстарға метафизикалық қөзқарастан туындаса да, ол көптеген жаңалық әкелді. Мысалы, А.Кетле егер орташа мән тұрақты болса, онда оның артында физикамен салыстыруға болатын шындық тұруы қажет, соған орай статистикалық заңдар негізінде әр түрлі (сонымен бірге психикалық та) құбылыстарды болжауға болады. Бұл заңды түсіну үшін әрбір адамды жекелеп зерттеу керек. Зерттеу объектісі ретінде көптеген адамдарың мінез – құлқы арқылы, негізгі әдіс – вариациялық статистика болуы қажет.
Мұны білген жөн
|
Психолог қызметінің моральдік қағидалары
Психологиялық зерттеу зерттелушінің қатысымен жүргізіледі. Сондықтан психолог және зерттелуші арасындағы этика жайлы мәселе қозғалады. Олар қандай қағидаларға сүйенеді?
Америка психологиялық ассоциациясы (АПА) және Канада мен Ұлыбританиядағы осындай ұйымдар зерттелуші адам және жануарлармен қарым-қатынас жайлы негізгі нұсқаулар жасап шығарды (АПА 1990 ж.). Осылайша АҚШ-та федералды заң органдары федералды қаржыға жүргізілетін зерттеулерге іштей бақылау кеңесінің болуын талап етеді. Бұл кеңес жүргізілетін зерттеулерді бақылап, белгілі этикалық қағидаларға сай нұсқаулардың орындалуына кепіл болуы керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың бірінші қағидасы – қауіптің аз болуы. АҚШ-тағы осы нұсқауда зерттеудегі болатын қауіп, күнделікті тұрмыстағы қауіптен жоғары болмауы керек. Адамға физикалық зиян немесе жарақат болмауы керек, Бірақ қандай да бір зерттеу жобасында болған психикалық стресс этикалық жағынан қаншалықты ақталатыны белгісіз. Әрине, күнделікті өмірде адамдар сыпайы бола алмайды, алдайды да басқаларды мазалайды. Егер зерттеу жобасы үшін зерттелушіге психолог осылай қарайтын болса, бұл қалайша этикалық жағынан ақталады? Міне осы сұрақты бақылаушы кеңес әрбір жеке жағдайда қарастыруы керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың екінші қағидасы олардың келісміін талап етеді. Зерттелушілер өз еркімен келісіп, кез келген мерзімде зерттеуден ешқандай айыппұлсыз бас тарта алады. Оларды зерттеудің ерекшеліктерімен жалпы таныстыру керек. Бұл кейде зерттелушінің білмеуі қажет жағдайларына қайшы келеді. Егерде кейбір зерттелушілерге білетін сөздер беріліп, ал кейбіріне білмейтін сөздерді жаттатқызу арқылы салыстыру қажет болса, ол туралы зерттелушілерге ескертілсе этикалық проблема туындамайды. Кейде білмейтін сөздер жайлы тест алынса да этиканы бұзбайды. Ал егер жай қалыптағы адам мен ашулы адамның жаттауын салыстыру керек болса ше? Мұндай зерттеуде егер кей адамдарға ашуландыру (өктем сөйлеу арқылы немесе бір құралды кездейсоқ сындырды деп сендіру арқылы) жайлы алдын ала айтылса, зерттеу нәтижесі дұрыс бола алмайды. Ол туралы нұсқауда егер ондай зерттеу болса, зерттеу аяқталған бетте бұл туралы адамдарға айту қажет.
Мұндайда неге оларға айтпағандығы түсіндіріліп, ашуын басып, олар жәбір шекпейтіндей ету керек, бағалауды осылайша жоғарылату қажет. Бақылау кеңесі зерттеуден адамдарды талапқа сай шығарылуын қадағалау керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың үшінші қағидасы – зерттелушілердің аты-жөнін белгісіз қалдыру. Зерттеу кезіндегі алынған адам жайлы ақпаратты жабық етіп, ол адамның рұқсатынсыз басқаларды жіберуге болмайды. Осы мақсатта зерттелушілердің аттары бөлінеді. Алынған мәліметтер әріптік немесе сандық кодпен ұқсастырылады. Осылайша тек экспериментатор ғана зерттелушінің нәтижесін біледі. Психологиялық эксперименттің 7-8 % жануарларды енгізеді (негізінен кеміргіштер мен құстар), аздағандарына ауыртатын және зиянды эксперименттер жасалады. Соңғы жылдары бұл проблемаға яғни жануарларды зерттеулерде пайдалану, оларды ұстау және қарауға көп назар аударылды. Мұндай ауыртатын немесе зиян келтіретін зерттеулерден алынған қортындының нәтижелілігімен ақталуы керектігін федералды өкімет және АПА талап етіп отыр. Осыған байланысты арнайы ержелер де бар.
Нақты нұсқаулардан бөлек жалпы этикалық қағида бар, онда психологиялық эксперименттің қатысушылары зерттеушімен бір деңгейде екені айтылған.
По: АткинсонР.Л, Аткинсон Р.С., Смит Э.Е.
Введение в психологию: Учебник для университетов
/ Пер с англ. под ред. В.П.Зинченко.- М.:Тривола, 1999.
|
Психологияда сандық өлшемдер проблемасын алғашқы шешуге деген талпыныс адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен байланыса отырып адам организміне әсер ететін бірнеше заңды ашуға және қалыптастыруға әкелді. Оған Бугер-Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын атауға болады. Онда физикалық стимулмен адамның сезінулерінің арасындағы байланыс анықталатын математикалық формула, сонымен бірге сезінудің салыстырмалы және абсолютті шектері анықталды.Соңынан психологиялық зерттеулерде математика енгендіктен зерттеулер объективтілін арттырып, психологияны практикалық мәні бар ғылымға айналдырды. Математика психологияға енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын әдістерді талап етті, яғни процедура мен әдістердің стандартталуы проблемасын шешуді қажет етті.
Стандарттанудың негізгі мәні мынада екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.
Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.
Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.
Достарыңызбен бөлісу: |