Әож 911: 504. 4 (574-25) географиялық зерттеулерде ранг үлгісі әдісін пайдалану



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#10164

ӘОЖ 911:504.4 (574-25) 

 

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ РАНГ ҮЛГІСІ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ 

 

Исабаев Ануар Токтамысович, география магистрі 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Аnuar_1089@mail.ru 

Ержанова Айжан Бауржановна, экология магистрі 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы, 

Aizhan.bauyrzhanovna@mail.ru 

 

Бұл мақалада ранг үлгісінің әдісін пайдалану жолдары. Рангтерге жіктеу әдістемесі 

ең  алдымен  география  экономика  және  әлеуметтану,  ғылымдарында  қолдану  және  шешу 

мәселелері қарастырылған. 

В  этой  статье  рассматривается  использование  метода  ранжирования.  Метод 

ранжирования используется для решения задач в экономической и социальной географии. 

 

This  article  considered

    the  use  of  the  method  of  ranking.  Ranking  method  is  used  to 

solution

  problems in economic and social geography. 

Кілт сөздер: Ранг, матрица, экзоген, Географиялық жүйе, геожүйе. 

 

Географиялық  зерттеулерде  статистикалық  мәліметтер  матрицасы  әртүрлі  деңгейде 

өңделіп,  қолданылады.  Солардың  ішінде  ранг  үлгісінің  әдісін    пайдалану  [1].  Рангтерге 

жіктеу әдістемесі ең алдымен экономикалық және әлеуметтану ғылымдарында қолданылды. 

ХХ ғасырдың 70-шы жылдары барлық ғылым салаларына математикалық әдістердің кеңінен 

енуімен  түсіндірілетін  «Сандық  революция»  басталып,  осы  кезеңде  география 

ғылымдарында рангтерге жіктеу үлгілеумен қатар енді. Географиядағы жүйелік ұғымдар мол 

сандық  көрсеткіштерді  жүйелеу,  топтастыруда  рангтерге  жіктеуді  қажет  етеді.  Дәл  осы 

кезеңде америкалық ғалымдар Р.Чорли, Б. Кеннеди өз еңбектерінде рангтерге жіктеуді алғаш 

рет  географиялық  жүйелерді  зерттеуге  пайдалану  әдістерін  жариялады 

[2].

  Жоғары  оқу 



орындары  мен  мектеп  географиясына  экономикалық,  әлеуметтік  көрсеткіштерді  рангтерге 

жіктеу әдісі арқылы топтастыруды  алғаш рет ресейлік географ В.Н. Холина енгізген 

[3].

 

Қазіргі кезде бұл әдісті көптеген географиялық құбылыстар мен объектілердің сандық 



көрсеткіштерін өңдеуге пайдаланады. Қазақстанда рангтерге жіктеу география саласында өте 

сирек  қолданылады.  Көбінесе  бұл  әдіс  экономикалық  зерттеулерде  және  қоғамдағы  белгілі 

бір құбылыстар мен объектілердің орнын көрсету үшін, мысалы, Қазақстандағы жоғары оқу 

орындарының рангтерін анықтау және т.б. 



Рангтерге жіктеу әдістемесі. Кейде бұл көрсеткіштер әртүрлі топқа жатады: халыққа 

қатысты  немесе  экономикалық  деректер,  тіпті  жердің  ауданына  байланысты  мәліметтерді 

салыстыруға  тура  келеді.  Бұл  салыстыруды  күрделендіріп,  нәтиже  алуымызды  қиындатып 

жібереді.  Сол  үшін  әртүрлі  саладағы  көрсеткіштерді  салыстыру  Рангтерге  жіктеу 

әдістемесінің  көмегімен  жеңілдетіп  жүзеге  асырылады.  Бұл  әдістеме  әртүрлі  көрсеткіш 

бойынша  нақты  рангтерін  анықтау  арқылы  оларды  салыстыра  аламыз.  Алдымен 

көрсеткіштер берілген жинақталған кесте құрастырылып, жинақталған мәліметтер негізінде 

қанша  рангке  бөлетінімізді  анықтаймыз.  Мысалы,  3  рангке  жіктейміз  десек,  әр  көрсеткіш 

бойынша 3 ранг бойынша анықталады, яғни интервалды анықтаймыз: Х= 

max-min


 

 

                               



Мұндағы  max  –  көрсеткіштің  максимум  шамасы,  min  –  көрсеткіштің  минимум 

шамасы, х – интервал. Осылайша, алынған статистикалық мәліметтер бойынша қай уақытта 

болғанына байланысты рангтері анықталады. 

1)

 

min көрсеткіштен у (min-х) көрсеткішке дейін



2)

 

у көрсеткіштен z (у-х) көрсеткішке дейін; 



3)

 

z көрсеткіштен max көрсеткішке дейін. 



Нәтижесінде, рангтер кестесі жасалады. 

Матрицаны өңдеудің келесі сатысы рангтер жиынтығын анықтау және айырмаларын 

салыстыру болып табылады.  

Жіктеу  үлгілері.  Қазіргі  кезде  географиялық  зерттеулерде  жіктеу  үлгілері  кеңінен 

қолданыла бастады, олар ақпаратты жинақтап, ретке келтіру арқылы оны талдауға мүмкіндік 

береді. Мұндай үлгілер құрастыру географиялық деректер матрицасын жасауды қажет етеді. 

Матрица бағана-вектор (а

1

, а


2

, а


3

) қызметін зерттелетін аумақтық бірліктер (аудан, облыс, ел 

және  т.б.)  атқарады,  ал  көлденең-вектор  (а

12

,  а



13

  және  т.б.)  –  әрбір  аумақтық  бірлікті 

сипаттайтын көрсеткіштер. 

 

Кесте 1 - Географиялық деректер матрицасының макеті [4]



 

 

Аумақтық бірліктер 



Көрсеткіштер 

а

1



 

а

11



 а

12

 а



13

 а

14



 а

15

 



а

2

 



а

21 


а

22 


а

23 


а

24 


а

25

 



а

3

 



а

31 


а

32 


а

 

а



34 

а

35



 

 

Осы аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласындағы қауіпті табиғи құбылыстардың 



бірі  жерсілкінісінің  бір  күнде  бірнеше  рет  қайталануы  арқылы  рангтерге  жіктеліп 

статистикалық-математикалық үлгілеу бойынша авторлық тарапынан бағалау жасалынды.  

Жерсілкіну  әрекеттері  қозғалмалы  белдеулерде  жиі  байқалады.  Қазіргі  уақытта  қала 

аумағында  күшті  жерсілкінулер  пайда  болу  ықтималдылығы  өте  жоғары  болып  келеді. 

Алматыда  болған  жерсілкінісін  осы  ранг  әдісімен  көрсететін  болсақ,  яғни  1-3  баллдық 

көрсеткіштің арасы 1-ші ранг, 3-5 балл аралығы 2-ші ранг, ал 5 баллдан жоғары болса бұл 3-

ші рангке жатады. Математикалық ақпараттық үілгілер бойынша ранг көрсеткішінің әдісімен 

қауіпті  табиғи  құбылысының  (ҚТҚ)  пайда  болуы  табиғи  және  табиғи-техногендік 

факторлары эндогендік және экзогендік үдерістер кешенімен және антропогендік фактормен, 

жерасты  және  жерүсті  суларымен  шарттасқан  табиғи  ортаның  аймақтық  қайта  өзгеруімен 

сипаттауға  болады.  ҚТҚ  заңдылықтарын  анықтау  үшін  бір  немесе  бірнеше  жылда 

қайталануы  бойынша  статистикалық  мәліметтерге  сүйене  отырып  жіктеу  арқылы  бағалау 

жасалды [5].  

 

Кесте 2 - Алматы қаласындағы жер сілкінісінің қайталануы (авторлық құрастыру) 

 

№ 

Жылы, 



айы-күні 

Уақыты 


Қайталануы 

Балл 


 

   1. 


01.05.2011 

08:31-17:37 

5,4-4,9 


 1.1 

08:31 



5,4 


 1.2 

09:05 



 1.3 



10:07 


3,2 


 1.4 

13:41 



4,8 


 1.5 

15,13 



4,8 


 1.6 

17:37 



4,9 


31.05.2012 

03:56-20:30 

3,9 



29.01.2013 

10:29-12:50 

3,9-4,2 



3.1 

10:29 



3,9 


3.2 

11:29 



3,9 


3.3 

12:32 



4,2 


3.4 

12:50 



4,2 


14.08.2014 

03:15-21:15 

4,5 



05.02.2015 

04:58-05:05 

3,8-3,4 



 

Кесте 3 - Ранг бойынша көрсеткіш (авторлық құрастыру) 

 

№ 

Жылы, 



айы-күні 

Рангтер 


Қорытынды 

ранг 


1-ші 

көрсеткіш 

бойынша 

2-ші 


көрсеткіш 

бойынша 


3-ші 

көрсеткіш 

бойынша 

01.05.2011 





2,0 

31.05.2012 





2,0 

29.01.2013 





1,0 

14.08.2014 





2,0 

05.02.2015 





1,0 

 

5,4-3,4:3=2 



2+3,4=5,4  1 р 

5,4+2=7,4   2 р 

 

Осылайша,  Алматы  қаласында  жиі  болып  тұратын  жерсілкінісі  3  ранг  кестесі 



бойынша  жасалынды.  Осы  ранг  әдісін  пайдалана  отырып,  басқа  уақыт  кезеңінде 

сипаттайтын  деректер  болса,  онда  табиғи  апатты  құбылыстың  біртіндеп  дамуына  талдау 

мүмкіндігі  пайда  болады.  Мәселен  2015  жылдың    9  маусымда  Алматыда  10  сағат  бойы 

жауған жаңбыр селге ұласа жаздады.  

Алматыда  9  маусымда  түнімен 

толассыз


  шелектеп  жауған  жаңбыр  түске  таяу 

басылды.  Бір  күн  алдын  ғана  ауаның  температурасы  +40  градусқа  дейін  көтеріліп,  аптап 

ыстыққа  шыдай  алмаған  қала  тұрғындары  сая  таппай,  әбігерге  түскен.  Жауған  жаңбырдан 

шаһардағы  үлкен  айналма  жолдардың  астында  су  жиналып,  көлік  қозғалысы  қиындады. 

Таулы  аймақта  лай  ағынынан  Шымбұлақ  шатқалына  баратын  жолда  да  қозғалыс  бірнеше 

сағатқа  тоқтады.  «Қазселденқорғау»  ММ  қызметкерлері  жолды  лай  ағынынан  құлаған 

ағаштар  мен  тастардан  тазартуда.  Секундына  11  метр  жылдамдықпен  соққан  желдің 

салдарынан қалада ағаштар опырылып, бірнеше жарықтандыру желісі үзілген. Көшелердегі 

суды  сору үшін арнайы техника, адам күші жұмылдырылды. Алматы қаласының Төтенеше 

жағдайлар  жөніндегі  комитеті  ұялы  телефондар  арқылы  алдын-ала  sms  жолдап,  таулы 

аумақтарда  сел  қаупі  болатынын  ескертіп,  тұрғындарды  сабырлыққа  шақырды.  Алайда, 

тынбай  жауған  ақ  жауын  таңғы  мезетте  қаланың  барлық  аумағын  шалшық  суға  толтырды. 

Техникалық  ақаумен  тоқтап  қалған  көліктер  көше  кептелісін  туғызды,  бірақ,  жол  апаты 

болған  жоқ.  Бір  автокөлікті  тіпті,  су  ағызып  әкетті.  Автобустардың  өздері  күшті  ағынға 

шыдамай жарты жолда тұрып қалған. 

Алматынының  біраз  бөлігі  бір  түнде  су  астында  қалды.  Бірнеше  сағат  толассыз 

жауған  нөсердің  суы  ағып  үлгермей,  көшелерді  басқан.  Салдарынан  көлік  қозғалысы 

қиындап,  жұрт  ұзын-сонар  кептелісте  тұруға  мәжбүр  болды.  Кей  жерлерде  тіпті  ағын  суға 

шыдамай жолдар қақ айырылған. Нөсер жауынға көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары 

да  төтеп  бере  алмай,  пәтерлердің  төбесінен  су  сорғалады.  Су  соратын  құрылғының 



көмегімен  суды  сорып  тазартулар  жасалды.Түндегі  нөсер  жабындыны  жұлып  әкетіп, 

жұртты әбігерге салды. Төбеден сорғалаған су жоғары қабаттағы пәтерлерді түгел жайлаған. 

 


 

 

1-сурет. Алматы қала көшесіндегі жауын суы (9 маусым 2015ж.) 



 

Шелектеп  жауған  жауыннан  кәдімгідей  су  басып  қалды.  Электр  сымдарына  да 

ақаулар  болып,  су  алған  бірнеше  үйлер  жарықсыз  қалды.  Ал  «Қазгидрометтің»  мамандары 

алда  күн  тағы  бұзылып,  тіпті  бұршақ  жауады  деп  болжауда.  Дегенмен  көкте  күннің  көзі 

көрініп,  селдің  қаупі  сейіліп,  ауаның  температурасы  қайта  көтеріле  бастады.  «Қазгидрмет» 

орталығының берген мәліметі бойынша түс қайта ауаның температурасы +20 градустан асты 

[3].  

Қауіпті  апаттар  аса  динамикалық  үдерістермен  байланысты  болып  табылады.  Бұл 



құбылыстардың  ерекшелігі  олардың  пайда  болу  мерзімінің  белгісіздігі  мен  тигізетін 

салдардың  біртекті  еместігінде.  Сондай-ақ  бұл  құбылыстардың  қалыптасуы  мен  дамуы 

ерекшелігі  қарастырылып  отырған  аумақтың  географиялық  жағдайымен  тығыз 

байланысты.  Қауіпті  табиғи  құбылыстардың  даму  заңдылықтарын  айқындау  және  табиғи-

техногендік  жүйелердің  тұрақтылығын  бағалау  өзекті  мәнге  ие  болып  отыр.  Сол  себепті 

қауіпті  апаттар  мәселесін  қазіргі  таңда  ғылыми-техникалық  жетістіктерді  және  табиғи 

ортаға адам әрекеттері әсерінің артуын ескере отыра зерттеледі. 

Кез-келген  аумақта  қауіпті  табиғи  құбылыстар  мен  апаттардың  көрініс  беруі  өзіндік 

ерекшелікке  ие  болып  келеді.  Қауіпті  табиғи  құбылыстар  аймақтық  геожүйе  жағдайын 

анықтайды  және  әртүрлі  физикалық-географиялық  ортада  дамиды.  Сондықтан  да  қауіпті 

табиғи  құбылыстарды  зерттеудің  әдістемелік  аспектісін  айқындау  және  физикалық-

географиялық  жағдайы  апатты  табиғи  құбылыстардың  көрініс  беруінің  алғышарты  ретінде 

қарастырып,  зерттелу  аумағы  бойынша  қауіпті  табиғи  құбылыстардың  көрініс  беру 

құрылымы  мен  динамикасына  талдау  жасалып,  географиядағы  үлгілеу  әдістері  арқылы 

бағалауға  болады.  Сондықтан  географиялық  зерттеулердегі  дәстүрлі  міндеттерді  шешу 

матрицамен жұмыс, картография және алынған нәтижелерді қорытындылауды қамтиды. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Абдиманапов  Б.Ш.  География  природных  опасностей  и  рисков:  учебник  –  Алматы  / 



КазНПУ имени Абая, 2012. – 240 с. 

2.

 



Боранқұлова Д.М., Дуйсенова А.Ж. 

Физикалық-географиялық жағдайы апатты табиғи 

құбылыстардың көрініс беруінің алғышарты ретінде. Ізденіс. -2015. -№2. 254-258 б.

 

3.



 

http://egemen.kz/2015/06/09/65729. 

4.

 

Бейсенова  Ә.С.,  Каймулдинова  К.Д.,  Абдиманапов  Б.Ш.  т.б.  Алматы  қаласының 



әлеуметтік-экономикалық  даму  мүмкіншіліктері  /  Монография  –  Алматы.  Абай  атындағы 

Қаз ҰПУ. «Ұлағат» баспасы, 2013. – 136 б. 



5.

 

Холина  В.Н.  География  человеческой  деятельности:  экономика,  культура,  политика. 



10-11 классы – М.:2001.-352 с. 

 

Document Outline

  • OLE_LINK32
  • OLE_LINK33
  • OLE_LINK8
  • OLE_LINK9
  • OLE_LINK11
  • OLE_LINK12


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет