Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»


 1917 жылғы көктеміндегі Семей облыстық съезіне қатысушылар Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды. 24



бет21/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122
23. 1917 жылғы көктеміндегі Семей облыстық съезіне қатысушылар Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды.
24. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда Жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.
25. 1917 жылғы сәуір айында Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті.
26. 1917 жылғы мамырда мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі болып өтті
27. 1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы – Түркістан федералистер партиясы құрылды.
28. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революциялық одағы» құрылды.
29. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті.
30. 1917 жылдың көктемінде эсер ұйымдары пайда болды.
31. 1917 жылғы маусымда шаруа және қазақ депутаттарының біріккен Қостанай уездік Кеңесі, Өскеменде шаруа, казак және қазақ депутаттарының уездік Кеңесі құрылды.
32. 1917 жылдың мамыр айында Семей облысының Даубай кенішінің қазақ жұмысшылары ереуіл жасады.
33. 1917 жылы 29 тамызда Перовск Кеңесі кәсіподақтармен және солдаттармен бірлескен мәжіліс өткізіп, онда бүкіл өкімет билігін кеңестерге беру туралы қарар қабылдады.
34. 1917 жылдың 22 қарашасында Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезі ашылды.
35. 1917 жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың орасан зор манифестациясы болды.
36. 1918 жылғы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болды.
37. 1918 жылдың 5 ақпанында Қоқан қаласы шабуылмен алынды.
38. 1917 жылдың желтоқсанында Орынборда өткен Жалпықазақ съезі Түркістан автономиясының басшысы М.Шоқайдың баяндамасын тыңдап, «Қоқан оқиғасын ұлт-азаттық қозғалыстағы демократиялық мазмұнды мойындамау, басқаша ойлағандарды қатаң жазалау, идеологиялық төзімсіздік, пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік» деп бағалады.
39. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі Алаш партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет