«Тоқыма өндірісінің технологиясы» кафедрасы тк ttotzhP 3307– «Тігін-трикотаж өндірісінің технологиялық жабдықтары және процессстері»



бет22/22
Дата13.09.2022
өлшемі1,04 Mb.
#38981
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
3) үтіктейтін үстелдер;
4) үтіктер;
5) қосалқы және басқада жабдықтар.
Прес-бүландырғыштың қарапайым престен айырмашылығы өңдейтін бөлшекті жастықшасы тығыз қыспайды, оның жоғарғы жастығы бумен қызады да сол буды шығаратын көптеген тесіктері болады.
Шағын өндірісте ОАГ –2 буландырғыш аппарат кеңінен таралған, оның көмегімен дайын бұйымдардан престеу кезінде пайда болған жылтыр дақтарын кетіреді.
Буландырғыш сәнмүсін иықты тігін бұйымдардың соңғы ылғалды жылумен өңдеуне арналған. Сәнмүсін желдеткіш, негіз және тұлғадан тұрады, оған белгілі мөлшерде фигураның формасы бойынша жылутұрақты матадан тысқап кигізген.
Дайын бұйымды сәнмүсінге кигізіп, оны жазып, шетін арнайы қысқышпен қысып ауа жіберетін желдеткішті қосады. Нәтижесінде бұйымның барлық қыртыстары жазылады.
Сонан соң бұйымды жылы бумен буландырып, ыстық ауамен жазылған түрінде кептіреді.
Үтіктейтін үстелдер (үтікпен бірге немесе үтіксіз) әр түрлі маркалары шығарылады: үтіктейтін үстел жазық төрт бұрышты, үтіктейтін плитасы бұйымның түріне байланысты мөлшері әр түрлі болады.
Үтіктерді бұйымдарды ылғалды жылумен өңдеу үшін, оны шығару процесінде және соңғы өңдеу кезінде қолданылады. Қызу тәсіліне байланысты үтіктер булы, электрлі және булы-электрліге бөлінеді.
Декатирлерді маталардың сапасын жақсарту мақсатымен – тығыздау, жұмсақтығын арттыру және апшуын болдырмау үшін бумен өңдегенде қолданады.


Бақылау сұрақтары

1. Ылғалды жылумен өңдеу процесі қанша кезеңнен тұрады? Әрқайсысының ерекшелігін түсіндіріңіз.


2. Ылғалды жылумен өңдеу процесінде матаға қандай әсер жұмсалады?
3. Ылғалды жылумен өңдеу процесінде қандай жабдықтарды қолданылады?
4. Матада декатирлерді қандай мақсатпен қлданылады?
5. Үтіктердің қандай түрлері болады?


Әдебиет тізімі
1. ЕрмаковА.С. Оборудование швейных предприятий. – М.: Издательский центр «Академия», 2003. – 432 с.
2. Франц В.Я.Оборудование швейного производства. –М.: Издательский центр «Академия», 2005. –448с.
3. Суворова О.В. Швейное оборудование(Сер.«Учебники XXIвека»).–Ростов-на-Дону:«Феникс»,2000.–352 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет