Тұрақты және тұрақсыз мотивация


Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар



бет10/28
Дата05.05.2023
өлшемі282,04 Kb.
#90206
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Ерікті қалай түсінеміз?

  2. Еріктің пайда болу жолдарын ата.

  3. Ерік дағдылары қандай кезеңдерден тұрады?

  4. Ерікті тұрақтандырудың жолдары.

НӘ: [5,6]; ҚӘ:[4].
Дәріс № 5. 1 сағ.
Тақырып:
"Тұлғаның жеке-тұлғалық ерекшеліктері"
Жоспары: 1. Адамның көп қырлы әлемі
2. Тұлғаға тән ерекшеліктер
3. Тұлғаның әлеументтенуі, әлем дағдарыстарының әсері.
Негізгі мақсаты: Жантану ілімінің тарихына үңілу.Студенттерге ежелгі қазақ мүшелі жас саналуын түсіндіру, күні бүгінге дейінгі даму сатысын айқындап көрсету. Тұлғаға тән ерекшеліктерді атап, оның әлеументтенуін, әлем дағдарыстарының тұлғаға әсерін ашу.
Негізгі түсініктер: Тұлға, мүшелі жас, рух,қажеттілік, табиғи, жасанды.
Адам табиғаттың жанды бөлшегі, тіршілік иесі. Адамның бүкіл тіршілігі өсу және өшу делінетін өмір ұстамдарымен сипатталады. Адамның тіршіліктегі орыны оның кезеңдерімен анықталады. Жас кезеңдерін анықтауда есепке алынатын көрсеткіштер:
1 Анотомо- физиологиялық
2. Жас кезеңдері: Туғанна13 жас –бір мүшел бұл елеулі жас кезеңі, Адамға 7 мүшел ерекше, яғни Адам өмір сүруге тиісті жас мөлшері. 100-жылда 4ұрпақ алмасуы заңды құбылыс. Олар: бала, әке-шеше, ата-әже, улкен ата-әже. Адамның отбасындағы орыны әлеуметтік және туысқандық болып бөлінеді.
Әлуметтік адамның жасына, жынысына бөлінеді.
Туысқандық адамның перзент саны, перзент орны.
Адам өзін -өзі құрметтеу үшін алдымен өз жандүниесін тазаланғаны жөн. Ол үшін Адам денсаулығын күтіп, жүйке қызметін реттеп (көңіл-күйін), рухын биік ұстау.Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарымқатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмаубіртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарымқатынасқа түсуқай жастағыларға болмасын, оған киімкешек, баспана ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен қарым – қатынас жасай білу де сондай қажет.
Тұлғаның қасиеттері:
Кісілік, имандылық, артазалығы, намысты, адамдық.
Тұлғаның түрткілері(мотив):мұқтаждық екіге бөлінеді :материалды, рухани.
Қажеттілік-өмір сүру , тіршілік арқауы 2-бөлінеді: табиғи,жасанды
Тұлғада жүретін үрдістер: өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі сену, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі реттеу.
Адамның әлеуметтенуі: гендерлік, жаһандану. Адам болмысын өмірлік құбылыс айқындайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ зиялыларыменкездесудегі айтқаны: Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психикалықәлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылысым дүние санаға сілкініс керек.
Сана түзелсе, ой түзеледі. Қазақ халқы жерден (топырақтан) жаратылған, дарынды. Қай жерде де тіршілік етуге бейімделгіш, зеректігі арқасында бәрін де меңгере алады. Қазіргі қазақ халқына тән олқалықтар: бір-бірімізді бағалай алмаймыз, өзгенің артықшылығымен санаспаймыз, күңшілдік белең алған, барымыздың парқын білмейміз, өзге осымызды пайдаланып келеді.
Жалпыға мәлім, адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуде қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін қанағаттандырмау-біртіндеп оның касаң сезімді,мейрімсіз болып өсуіне,кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соктыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу-қай жастағыларға болмасын,оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса,айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап , басқалармен араластырмай устау-жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды, өзгелермен қарым-қатынас жасау –бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат,(хабар)алмасу деген сөз.Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады,еңбек пен тұрмыс дағдыларына машыктанады,адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді.Әрине,қарым-қатынас ақпарат, алумен ғана шектелмейді,оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те - осының бәр-бәрі-қарым-катынастыңсан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей,жүзбе-жүз не жанама (хат жүзінде,радио,теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей бетпе-бет,телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші!
Әсіресе ,адамдар арсындағы қарым-қатынастардың,басқалармен тікелей аралас-құралас болудың маңызы анақұрлым қажетті болатыны айдан анық. Осындай қарым-қатынастың мән мағынасы,олардың түрлі көріністері жеке адамдар мен топтықұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
Олай болса,адлымен қарым-катынас ұғымымен тікелей байланысты топ,ұжым деген ұғымдардың сыр-сипатымен қысқа болса да таныс болғанымыз абзал.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды,сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіптіршілік етуі тиіс дедік, мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан. Мәселен, мұның бірі-нақты (релады) топтар. Бұл- ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте,белгілі уақыт ішінде,бір-бірімен қоян-қолтық араласып,іс-әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро),ресми,биресми,формалы,формасыз,ұйымдасқан,ұйымдаспаған,жасанды,табиғи,референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес,бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесінің күш-жігері бір мақсатқа (оқу,еңбек,т.б.) бағытталады. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі,топ алдында тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адамнан құралып, әрісі, 30-40 адамнан аспауы тиіс.
Отбасы,өндірістік бригада,ұшақ пен ғарыш кораблінің экипажы, поляр станциясысында қатысушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүрлі іс-шаралардың бәр-бәріне де қатысады. Ол-футбол командасының, не пән үйірмесінің мүшесі, не жетекшісі,т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім тотағы кез-келген адаммен өз қалауынша,нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі,оның бір мушесі екіншісін жақын тұтады,бір-бірімен жиі араласып жүреді,байланыстары түрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз(биресми) болып бөлініске түседі.
Формалы топ үшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну,тиісті құқықты орындау,ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше корінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялык әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйлмау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа колайсыз әсер етеді,оның табысты болуына залалын тигізеді.
Формасыз (бейресми) топ-бұл ұнату,көз қарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізіне туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау,аңшылықпен айналасу,отау тігу,дос-жарандық қатынаста болу –осындай топтың мысалдары, бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу ерекше байқалады. Егер мұндай қасиеттер топтан орын алмаса, онда ол біртіндеп ыдырап,топ болудан қала бастайды.
Әр түрлі деңгейдегі топтардың ішіндегі референттік топтың мәні ерекше. Бұл-адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10 астам топқа қатарынан енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекше тәнті болып,соны ғана қастерлеп,қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алган тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап тілектерді,белгілі бір принциптердіқолдап қана қоймай , оны қызғыштай қорғайды,тіпті соның жолында жанын пида етуге дейн барады.
Нақты топтардың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі-ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып,бір жеңнен қол,бір жағадан басшығаратындай халге жетуі,топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда ырың-жырыңнын орын алмауы, дамудың биік деңгейіне котеріле алмайтыны да көбінесе осындай топқа келеңсіз жағдайлапдың орын тебуінен туындайды.
Әр адам топқа кандай болмасын белгілі бір роль атқарады.бірақ,оның бір ролі тұрақты болмайды. Мәселен, сен бір кез сынып старостасы болдың делік, біраз уақыттан кеін сен енді санитар міндетін атқаруың мүмкін. Осы ұжымның қатардағы мүшесі болатыны тагы өз алдына. Кісінің аткаратын ісі неғұрлым көп болса,соғғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады,ол адамның ұжымға ықпалы тиімдірек болады.
Адамның топка ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді. Орамды ақыл терең сезім,күшті ерік-жігер,кажыр-қайрат,қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмір бай болса,дағды икем,шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіе тез сіңіп, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғарықойса,әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкапарлық көрсетсе,оның жұртқа ықпалы төмендеп,бара-бара беделінен айырлатын болады.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, мектеп сыныптарындағы (35-40) адамның ішінен тек үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. Мұның себебіне келсек:біріншіден,олардың топ мүшелерімен қатынас жасай білу қасиетінің жоғарылыгында,яғни басқаның журегіне жол таба біліп,қашанда копшілікке жақын,белгілі болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау,жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болысымен,қадір қасиетімен,ашық мінезімен табады. Сйтіп, адамның топ ішінде белгілі болуы оның баскалардың жағдайын түсіне білуі негізінде қалыптасады екен. Екіншіден, ондай ондай адам білімділігі,іскерлігі,өз білгенін басқалардан аямай,олармен риясыз бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылыгымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, кісінің сырт бейнесі мен келбет-кескінін,яғни дене күші факторын да ескермеске болмайды.Расында да, кей жағдайда қара күшке ие,жұдырық жұмсай білетін құрбыларын құрметтейді.
Топ мүшелерінің көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен ондағыәр адамның өзгелерден гөрі жиі байланысқа түсетін, яғни муддесі бір,әңгімелері жарасқан ортақ істі құлшына орындайтын жолдастық , достық қатынастағы адамдар да болады.
Енді бір жағыдайда таптағы адамдардың ішінде ешкіммен жеке қатынасқа түспей,яғни өзіне лайықты серік таба алмайтындары да кездеседі. Жұрт ондайларды жек көріп, жуытқысы келмейді.
Оқушы топтарында жекеленген балалардың өзгелермен араласпай,оқшау жүруі, топ мүшелерінің кейбіреулерді жандарына жолатпай жүретіндігінің себептері де сан алуан. Мұндай оқушы сабақты нашар оқиды, тіпті жақсы оқуғаталаптанбайды. Оның осы немқұрайлығы ұжымнан оқшаулануына себеп болады. Бұлар үсті-басы салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға немқұрайлыгы олардың жекеленген тума қасиеттермен тоқайласып жатады.
Ізденуші, шығармашылықпен еңбектенетін педагог Ғ.Т.Сұлтанова өзінің ұзақ жылғы тәжірибесін жүйелей отырып, тұлға қалыптастыру мәселесін ғылыми деректерге сүйеніп, адамның тұқым қуалау арқылы анатомиялық-физиологиялық құрылымдық ерекшеліктері мен нышандары негіз болатындығына талдау жасайды.
Адам өзінің ішкі ерекшеліктерін, өзінің белсенділігін негізге ала отырып, қоршаған орта, тәрбие ықпалына ыңғайланып, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзінің білімін жетілдіруге бағытталса ғана жеке тұлға бола алады.
Тұлға дамуы адам ағзасында және психикасында болатыны сандық және сапалық өзгерістердің жүруі, оның нәтижесімен сипатталады. Даму нәтижесінде адам биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі.
Автор жоғарыда айтылған ойларынан адам өзіне тән құрылымы бар тіршілік иесі деп тұжырым жасайды. Тұлға қалыптасуы мәселелерін зерттеген психолог, педагогтар еңбектеріне талдау жасай келе тұлға дамуы төмендегі заңдылықтарды басшылыққа алады деп ой түйеді:
-ішкі және әлеуметтік жағдайлармен байланысы;
-адамның өзінің белсенділігімен байланысы;
-жетекші әрекетпен байланысы;
-іс-әрекет мазмұнымен байланысы;
-жыныстық, жас ерекшеліктерімен байланысы;
-дамудың көп факторлылығы.
Тұлға дамуына ықпал ететін негізгі факторлар бірі-тұқым қуалаушылық, яғни тектілік. Тектілік атадан балаға берілетін сапалар мен ерекшеліктер. Халық ұғымында тектілік ұрпаққа анадан берілетіні дәлелденген. Көп жағдайда тектілік сапалар төрт атаға дейінгі аралықтағы ұрпақ жалғастығында көрініс алатыны табиғи заңдылық болып саналған.
Адам ғарыштық қуат тербелістерінің үйлесуі негізінде өзін-өзі таниды, жетіледі. Жетілу сатылары нәтижесінде адамның рухани деңгейі анықталады.
Олар: Ақылды адам
Зерделі адам
Кемел адам- өзін-өзі таныған, жан-дүниесі ізгі, рухы биік. Ғарыштық адам- рухы биік, талғамы шексіз.
Тұлғаның ерекшелігі, құндылығы- қайталанбас дара сипатында.
Адам тұлға болып қалыптасу үшін екі "Мен" -ді жетілдіру керек. Олар: ішкі "Мені" - жансыртқы "Мені" – тән. Адам жаратылысы тәуелді Материалдық қажеттілік. Руханият (ақылы, жүрегі, рухы, ұжданы)
Дара тұлға болу дегеніміз- ешкімге ұқсамайтындай бірегей ішкі рухани жан-дүниесін құрай білу, өзіндік ерекшелігіне сай кісілік қасиеттерге ие болу.
Индивид- ол адамзаттың әлеуметтік және психологиялық сипаттарын таратушы көрсеткіші.
Тұлға- бұл адамның қоғамдық жемісі, индивидтің дамуының қорытындысы. Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады.Ғалым педагогтар мен психологтар өз еңбектерінде адам дамуының әр кезеңінде тұлға қалыптасуының негіздеріне талдау жасайды.
Тұлғаның психикалық ерекшеліктері.

  1. Тұлғаның өзіндік тұрақтылығы

  2. Тұлғаның өзіндік тұтастығы + өзіндік болмыс- бітім

  3. Тұлғаның өзіндік белсенділігі- ортаны таниды.

Бұл туралы ғалымдар не дейді?
1) Психиатр пайымдауы: "табиғат адамды жаратады, ал қоғам оны қалыптастырады".
2) Философтар: адам сыртқы дүниені таниды, өзінің ақыл-ойын (дүниетанымын) дамытады.
Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясының 1 томының 140 бетінде жеке адамға былай деп анықтама берген: "... танылған табиғи және әлеуметтілік қажеттілік негізінде әрекет етуге қабілеті мен мүмкіндігі бар тіршілік иесі" Тұлғаға тән қасиеттер, оның түрткілері (мотивтері):
- дүниетаным-таным-әлемдік дүниетаным.
- Мақсат, мұрат (идеал)
- Сенім, қызығушылық, бейімділік, қажеттілік.
Тұжырым:
- Әлеуметтік орны (қоғамдағы)
- Философиялық- ұлттық ұғымдар
- Психологиялық пайымдаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет