Травматология


ЖҮРЕК ПЕНОНЫҢ ҚАБЫНЫҢ ЖАРАҚАТЫ



Pdf көрінісі
бет90/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

ЖҮРЕК ПЕНОНЫҢ ҚАБЫНЫҢ ЖАРАҚАТЫ 
Көптеген деректерге қарағанда жарақаттың осы түрі 11-12% шамасында 
кездеседі /Б.Д. Комаров 1972, Е.А. Вагнер 1981/. 
Е.  Дегта  /1955/  бойынша  жүрек  жараланганда  онымен  қоса  70-95% 
шамасында өкпе қабы, 17-42% өкпе, 5-10% кеуде аралық көк ет жараланады. 
Ал  бауыр,  ұлтабар,  асқазан,  көк  бауыр,  бүйрек,  жұлын  барлығы  небәрі  5% 
шамасында жаралануы мүмкін. 

 
Жаралардың мынадай жерде болғанында жүрек жарақаттануы мүмкін: 
алдынан  II  –  қабырға  маңында,  төменнен  сол  жақ  қабырға  етегі,  оң  төстің 
жанында және асқазан манында болғанда. 

 
Аурудың  хал-жағдайын  байқау  қажет,  ол  абыржулы  болса,  түсі 
бозарса, суықтер басса, өте сақ болу керек. 


87 
 

 
Қан  кетуі,  жүрек  жараланғанда  өкпе  қабының  арасына  2-2,5  литрге 
дейін қан құйылады. Сыртқа қарай қан жай сыздықтап ағуы да мүмкін. 

 
Жүрек қалтасының ішіне қан құйылуы. Онда көбінесе  оң  жақ  жүрек   
қабы  және  жұқа  вена  тамыры  қысылады.  Cayкезде  оң  жақ  жүрек  қабының 
систолалыққысымы31-33ммсу.бағ.кейде27-81ммсу.бағ. 
Ісжүзінде  егерде  жүрек  қалтасына  бірден  200  мл  қан  құйылса,  аурудың 
өліп кетуі  мүмкін,  ал  егер  қан біртіндеп  толса,онда  жүрекқабына  400-500мл 
қан толуы және ауруда тампонада болмауы мүмкін. Бірден тампонада болса,  
онда  үш  түрлі  белгі  болады:  қан  қысымы  төмен  түсіп  кетеді,  орталық  көк  
тамыр қысымы бірден жоғарылайды. Жүрек қағыс дыбысы төмендейді және 
жүрек  соғысы  мен  қан  тамыр  соғысы  бірдей  /парадоксальный  пульс/ 
болмайды.  Рентгенде  жүрек  суреті  дөңгелек  шар  тәрізді  болады.  Аурудың 
түсі  бозғылт  тартып  көгілдірленеді,  кейде  сұрғылт  болады.  Дем  алуы 
жиілейді  және  терең  болмайды,  қан  тамыр  соғысы,  демді  ішке  тартқанда 
жоғалып  кетеді  /парадоксальный  пульс/.  Мойын  қан  тамырлары  білеуленіп 
(вздутие)  тұрады.  Осындай  жағдайда  ең  бір  дұрыс  шешім  табуға  жүрек 
қабына ине жіберіп көру тәсілі көмектеседі. 

 
Мафан  тәсілі:  ауруды  жартылай  отырғызып,  оған  төс  шеміршектің 
орта астыңғы жағынан тері астына 0,25% новокаин ерітіндісін жіберіп, инені 
астынан  үстіне  қарай  4см.  тереңдікке  батырып,  содан  кейін  иненің  ұшын 
аздап артқа қарай /омыртқаға/ жылжытып барып жүрек қабына кіргізеді. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет