Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет66/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

ӘОЖ 82.09(574) 

 

АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ, ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БИІК 



БЕЛЕСІ 

 

Каримсакова Б.А 

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті,  

Қазақстан 

 

Аңдатпа. 

Мақалада 

адамгершілік, 

имандылық 

мәселесі 

ақындарымыздың 

шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан. 

Түйінді сөздер: дін, иман, адамгершілік. 

 

Қаншама  ғасырлық  адамзаттың  жаратылысында  дін  мен  әдебиет  үнемі  тығыз  бірлікте 



болып,  халық  поэзиясының  көне  жанрлық  болсын, мейлі жаңа замандық болсын, қай түрінде де 

жырланып  келгені  мәлім.    Қай  халықтың  болмасын  өзіндік  даму  тарихында  діни  мәселелер  сөз 

етілген.  

Жаратылысты  бар  деп  саналатын  тылсым  күш  −  Алланың  құдіретін  кез  келген  пенденің 

мойындайтыны  хақ.  Осы  ұлы  күшті  тану,  ол  арқылы  өмір  сүрудің  тепе-тендігін  сақтау,    рухани 

жігерлеу  сияқты  құбылыстар  қазақ  елінде  де  қоғамдық  жағдайлармен  қатар  жырланып  отырған. 

Адам  баласы  қаншама  уақыт  бойы    тіршілік  етіп  енсе,  соншама  уақыт  дін  де  өмір  сүріп  келеді. 

Адамзат дінсіз болған деген дәуір болмаған. Көне фольклорлық туындылардың қай жанрын алсақ 

та діни танымның бір сызаты аңғарылады. Оның ар жағында жатқан мифологиялық   түсініктердің   

барлығы    да      қасиетті      саналып,  халықтың  нанымында  шынайы  орын  алған.  Ендеше  жыр  етіп 

дүниеге  келген  әрбір баланың  санасы   діни  таныммен сусындайды.  Бұған  әрине  әдебиеттің  

тікелей  әсері      бар.  Әдебиеттің  белгілі  бір  жанрында  жазылған  шығармалар  арқылы  халық  өз 

бойына,  өз  санасына  діни  танымды  кіргізеді.  Халық  әдебиетінің  қай  дәуірінде  болмасын  діни  

сюжеттер  мен діни түсініктер міндетті  түрде болатыны белгілі  десек,  XIX  ғасыр  мен ХХ  ғасыр 

басындағы халық ағартушылық діни бағытты ұстанған ақындар поэзиясы   − діни әдебиеттің биік 

белесі болып саналады. 

Тақырыбымызға  арқау  болып  отырған  имандылық  мәселесі    ақындарымыздың 

шығармашылығында  кеңінен  көрініс  тапқан.  Имандылыққа  шақырған  жаратушы  −  Аллаға  сену 

арқылы  өз  мүмкіндіктерін  шындауға  уағыздаған  ақындар,  замандастарын  биіктеуге,  рухани 

адамгершілік  жақтан  өсу  арқылы  өз  өмірін  өзгерте  аларлық  мүмкіндіктерге  ие  болуға,  рухани 

қоғамдық  құлдықтан  босануға  шақырады.  Қарастыра  келсек,  XIX  ғасырдағы  ақындардың  діни 

сарынды  идеясы  −    діни  фанатизмге  итермелеу  емес.  Олардың  діншілдігі  −    адамшылығыңды, 

кісілік қасиетіңді сақта, тәңірі  − жаратушының оң көрген ісін сақта, өз күшіңе сен деген ойларды 

уағыздаушылық,  имандылыққа  шақырушылық,  яғни  бұл  тұстағы  поэзия  өкілдері  ұстанған 




148 

 

адалдық  концепциясы  имандылықты  сақтау,  көкірекке  арамдық  ұялатпау,  ар-ұятты  бәрінен  де 



жоғары қою талаптарымен үндеседі. Ақындарды өмір сүруге тіршіліктің тереңіне үңілуге, адами 

қатынастарға  деген  реалистік  тұжырымдардан  арашалап  алатын  ой-пікірлер  нақ  осы  дін-иман 

туралы көзқарастарын танытқан өлеңдерден табылады. 

  

Бұл тұста зерттеуші Б. Омарұлының мына  пікірін айта кетсе болады:  «Заман жыршылары 



қоғамның  сипатына  сай  өзгерген  нәрселерге,  тосын  жаңалықтарға  өзіндік  ой  биіктігінен  қарап, 

баға  береді»  [1,  258  б.].  Ақындар  қарсы  болған  (үрке  қараған,  шошына  қараған,  көңілі  толмаған 

т.б.)  нысандар  баршылық.  Мұның  бәрі  жаңалықты  жатсыну  ретінде  қабылдағандығы  белгілі. 

Әйтсе  де  бұл  топтағы  ақындардың  қоғамдық  қатынастардың  ауысуы  арқылы  келген  әр  түрлі 

құбылыстар  мен  жаңалық,  өзгерістерге  мәселен,  ақшаға  көз  қарастары  халықтық  таным,  адами 

болмыс тұрғысынан зерттеп-зерделеуге лайық. 

 

Не ғажайып кейбір дәулет насқа бітер, 



 

Рақымсыз, жібімейтін тасқа бітер,  

 

Ішіп, киіп, не беріп қызық көрмей,  



 

Дүниеден тарлықпен босқа кетер. 

 

Бір тиынды иманнан жақын көріп,  



 

Тұтамдап құйрығынан ұстап өтер [2, 41 б.]. 

деп  жырлаған  Нұржан  ақынның  айтпақ  ойы  ақша  үшін,  бар  қадір-қасиетін,  иманын  аяқ 

астына  таптаған  наданның  күйкі  тірлігін  сынға  алады.  Нұржан  Наушабайұлының  бұл  өлең 

жолдарындағы идеясын Әбубәкір Кердері әрі қарай тереңдете түседі: 

 

Ғаділдік сипаты еді бір Алланың,  



 

Билерім ғаділ болып тұра алмадың. 

 

Он тиын жан қалтаңа пара кірсе, 



 

Фақырға һеш шафағат қыла алмадың.  

 

Нашарда ақ та болса дұшпан тұтып,  



 

Шырайын фақилардың шығармадың, −  [3, 268 б.] 

деп  Әбубәкір  ақшаға  құнығып,  елден  алым  алып  пара  пәлені  көбейтіп  елге  жексұрын 

атанып жүргендерді айтады. Олардың жүмысқа екі жүзділіктері, халыкқа қиянат жасап, қайғысын 

зорайтып жатқанын шебер бейнелейді. Оларды пара үшін туған-туыстарын сатуға да даяр, нағыз 

залымдар деп Шортанбай да дұрыс сынайды. 

  

 

 



Қаныққан соң жалаға.  

 

 



Көшеде жүрген көп тілмаш  

 

 



Мініп шабар шанаға...  

 

 



Өңкей арам залымдар  

 

 



Зәремізді алады.  

 

 



Арам берсең жымиып, 

 

 



Қалтасына салады [3, 118 б.]. 

 

Елді  қанаушылардың  жаңа  тобының  ақшалы  байлар,  алыпсатар  саудагерлер  екенін 



айқын  суреттейді,  оларды  нағыз  ел  ырысын  еміп,  сездірмей  сорып  жатқан  араны  толмас 

алпауыттар  деп  бейнелейді.  Ақшаға  байланысты  елдегі  қайғы-қасіреттің  де  шынайы  суреті 

жасалады. 

 

 



Арам арсыз жан шықты, 

 

 



Қайыры жоқ бай шықты.  

 

 



Сауып ішер сүті жоқ  

 

 



Мініп көрер күші жоқ,  

 

 



Ақша деген мал шықты [3, 95 б.]. 

 

Бұрынғы  айырбас  саудасына  үйренген  көк  тиыны  жоқ  ел  ақшалы  саудаға  бірден 



үйреніп кете алмайды. Ақшаның құнын, есебін біліп болмаған елді алдау-арбау — оңай іс. 

 

 



Биге пара байларға өсім болды,  

 

 



Бой тартқан, арамдықтан барма қашқан?  

 

 



«Сен кімсің қорқасың?» − деп жел береді 

 

 



Кісі жоқ «қой» дейтұғын, жұртты басқан [3, 35 б.]. 


149 

 

 Бұл  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  осы  турасында  айтқан  бір  өлеңінен  үзінді.  Бұл  сияқты 



зұлым қылықтар алаяқ іскер сымақтарға көп пайданы түсірді. Сондықтан қарапайым халық ілкіде 

ақшаны бірден қабылдай алмады. Сататын мал-мүлкі тегін сатылып, алары қымбатқа түсті. 

 

 

Қайыр кетіп байлардан,  



 

 

Бұзауға ақша беріп тұр.  



 

 

Пәлен теңге торпақ боп,  



 

 

Тиынға тиын өніп тұр  [3, 98 б.]. 



 Бұл  мазмұндағы  өлеңдер  аталған  ақындарымыз  өмір  сүрген  дәуірдегі  қоғамдық 

құбылыстардың  көрінісі.  Өз  қоғамында  болып  жатқан  келеңсіз  құбылыстардың  бәрін  өлеңге 

қосып жырлаған поэзия өкілдері өз жырларымен ниеті бұзылуға айналған халықтың ой-санасына 

кішкене де болса, өз ықпалдарын тигізуді мұрат тұтты. 

 

Сонымен  қатар  ақындарымыз  өздері  өмір  сүрген  қоғамдағы  әділетсіздік  пен 



зұлымдық,  жауыздық  атаулыға  адамгершілік  пен  ізгілік,  адалдықты  қарама  қарсы  қою  арқылы 

адам  санасын  тәрбиелеуді  алдына  басты  міндет  етіп  қойды.  Бұл  үшін  алдымен  өз  басының  сол 

талапқа сай болуын ойластырып, бойындағы өзгеге өнеге боларлық қасиеттерді айқындап алуды 

жөн көрді. 

 

 

Ешнәрсе таба алмассың қармағанмен, 



 

 

Көңілді кіршік басып шаң болған соң.  



 

 

Талабым халыққа ғибрат таратпаққа  



 

 

Ойда фаһім, тілде сөз бар болған соң  [3, 112 б.]. 



Жамандық  пен  жақсылық,  арамдық  мен  адалдық  арасын  ажырата  білуге,  достық  пен 

қастық,  шындық  пен  жалғанды  айырып,  бірін  жақтап,  екіншісіне  қарсы  тұру,  міне,  осы 

тақырыптар ақындарымыздың толғанғанын көреміз. Мысалы Шортанбай: 

 

 



Жаулық пенен жалғыздық  

 

 



Жалғанның иман тарлығы. 

 

 



Ісің түссе жаманға, 

 

 



Жағадан алар сорыңа. 

 

 



Көп ішінде аз болсаң, 

 

 



Әр неме түсер ойыңа. 

 

 



Ел ішінде жоқ болсаң

 

 



Мін тағылар бойыңа.  

 

 



Жолдас болсаң жақсымен 

 

 



Қолың жетер Қырымға... 

Осы  тұрғысында  қазақ  әдебиетінің  тарихын  зерттеуші  ғалым  Ханғали  Сүйіншәлиевтің 

Шортанбай  творчествосы  хақында  айтқан  мына  пікіріне  көңіл  бөле  кетсек,  «Ар-намыстан  ада, 

нағыз  имансыздар  елді  аздырып,  ақырзаман  тудырып  жатқан  сол  сымпыстар  деп  қазақтың  өз 

арасынан  шыққан  азулылардың  жаңа  тобын  әшкерелейді.  Қазіргі  адамдар  жақсылық,  әділет 

дегеннен  жұрдай  деген  ойлар  Шортанбай  шығармаларында  жиі-жиі  қайталанып  тұрады»  [4,  117 

б.]. 

 Шортанбай  шығармаларының  негізгі  арқауы  деп,  оның  жырларының  ақылгөй  өсиетшіл, 



иманшыл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік жайында  ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды 

өзінің  зор  мақсаты  саналғандықтан  болса  керек.  Ол  өсиеттерін  қалың  қазаққа,  оның  басшы 

адамдарына,  ұл-қызына,  кәрі-жасына  арнайды.  Оларды  өз  өнері  арқылы  имандылыққа  үндейді. 

Ақынның мына өлеңінде осы турасында былай делінеді: 

 

 

Иманнан басқа нәрсені 



 

 

Құдайдан көп сұрама! 



 

 

Жерден қайыр күтпесе, 



 

 

Өлтірмейді  ешкімді 



 

 

Өлшеп берген нәсіпке, 



 

 

Халықпенен қас болып, 



 

 

Өнбес  іске  өшікпе,    −  деп  әр  адамның  өлшеулі  несібесі  болады,  сондықган 



сұғанақтанбай  бұйырғанға  қанағат  еткенің  жөн  дейді.  Ал  қанағатшылдық  Алланың  бергеніне 

тәубе келтірушілік  − имандылықтың бір көрінісі. 




150 

 

Алланың  елшісі  Мұхаммед  (ғ.с)  пайғамбардың  хадистерінде  былай  делінеді:  «Алла 



тағаланың бергеніне қанағат етіп, Аллаға иман айту зауалдан сақтайды. Адам баласы өзіндегі бар 

жақсылыққа  қанағат  келтіруі  керек»  [5,  21  б.].    Ақмолла  ақынның  да  шығармашылығында  осы 

сынды өлеңдерді кездестіреміз: 

 

 



Төртінші қымбат нәрсе  − шүкір деген,  

 

 



Нығматқа шүкіршілік күпір деген. 

 

 



Жатқан жерден «құдай кешір» деген қорлық, 

 

 



Себеп іздеп түзу жолмен жүгір деген [3, 339 б.]. 

  

Бұл  ақынның  да  айтпақ  ойы  Шортанбайдың  осы  тұрғыда  айтқан  жоғарыдағы  өлең 



жолдарымен  үндеседі.  Ақмолланың  өлеңдерінде  имандылық  мәселесі  кеңінен  көрініс  табады. 

Адам  бойындағы  асыл  қасиеттердің  жетістігін  жаман  қасиеттердің  жиіркеніштігін  талдап  өтеді. 

Мысалы: 

 

 



Ең әуелі аршу керек іштің кірін, 

 

 



Іште толып жатпасын сасық-ірің, 

 

 



Аһ, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын, 

  

 



Болмаса пайда бермес құры білім  − деген өлең жолдарындағы жеткізбек ойы, 

көңілің, жан-дүниең, жүрегің таза болмаса ондай адамда иман болмайды. 

Сонымен қатар ақындарымыздың өз шығармашылықтарында көп толғанған нәрсе   − адам  

бойындағы   жағымсыз  қылықтар. Осы жайында Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың хадистерінде де 

айтылады.  «Ақыры  жамандықтан  ұрындыратын  нәрселерден  бойыңды  тартып  ұста.  Яғни, 

жұмысты бұл өмірде ойланып істеген жөн. Сонда ақырында өкінбейсің» [5, 41 б.].  Ақындарымыз 

осы хадисте айтылған өсиетті одан әрі өрбіте түседі. 

«Сабыр  − ақылдың серігі» демекші,  имандылықтың бір баспалдағы − сабыр. Сабырға тең 

келетін күш жоқ, жамандықты жақсылыққа жеңіп беретін сол. Мұны жырлауда да ақындарымыз 

қалыс қалған емес. Мәселен Әбубәкірдің мына өлеңі осыған дәлел: 

 

 

Беймағал жеңіл көңілден  



 

 

Сабыр еткен ой артық. 



 

 

Кішілік жоқ ақылға,  



 

 

Керек емес бой артық,  −  



дей келе, 

 

 



Кір жұқтырмай бойыңа  

 

 



Сақтап жүрер басын артық, − 

деп бойыңды жаман қылықтардан, жағымсыз әдеттерден аулақ ұста деген өсиет айтады. Әр 

адам  өз  өмірінің  қожайыны,  өз  бойындағы  жамандық-жақсылық  қасиеттерді  адам  өз  қалауымен 

игереді. Демек адамның жақсы қасиеттерді өз бойында көрсете алуы өз қолында: 

Әдеп, ақыл, білімді,  

 

 



Үйрене ешкім тумайды.  

 

 



Көруменен ысылар, 

 

 



Ілгері тәңрі бастырса, 

 

 



Өнерін күн-түн асырар [3, 65 б.]. 

Бұл жерде ақын көксеген ой − Алланың ақ жолын тандасаң бойыңнан жаман әдеттер аулақ 

болады. Иманыңның алдында арың таза болса, Алла тағала сені желеп-жебеп жүреді деген идея. 

Біздіңше,  халқының  тағдырын  ойлаған  ақындарымыздың  жарғақ  құлағы  жастыққа  тиген 

жоқ.  Ел-жұртының  қасіретін  арқалап  бойындағы  бар  күштерін  сол  үшін  сарп  етті.  Сол  тұстағы 

қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп ілгері жетеледі. Ел 

ішіндегі әртүрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алауыздыққа, берекесіздікке, ойсыз-опасыздыққа 

қарсы шықты. Жігерін оятып, Алла жолында адал болуына шақырады. Отаршылар мен оның қазақ 

жеріңдегі  сыбайластары  билеген  заманды  олар  халық  басына  түскен  ақыр  заман,  елдің  береке-

бірлігін  кетірген  тар  заман,  жұрт  болашағын  тұйыққа  тіреген  заман  деп  есептеді.  Бұл  заманның 

енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, 

үйреншікті,  сүйегіне  сіңген  әдет-ғұрпынан,  наным-сенімінен,  иманынан  айырды.  Осылайша 

халықтың  ұлттық  тұрпаты,  елдік  сипаты  бұзылды.  Мұсылман  халқына  тән  имандылық, 



151 

 

адамгершілік  қасиеттерге  нұқсан  келтірген  бұндай  заманды  ақындарымыздың  зарлана  жырлауы 



заңды нәрсе деп есептеймін. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


Омарұлы Б. Заман біреу, зар  – ортақ // Зерде.  -1998.  – № 5-6. 33-39 бб.  

2. 


Наушабайұлы Н. Алаш. // Баспа үйі. - 1997. – 123-127 бб. 

3. 


Ай, заман-ай, заман-ай. Алматы, 1991. – 235-245 бб. 

4. 


Уәлиханұлы Қ. Діни ағартушылық ағым. Алматы, Білім. -1999. –23 б. 

5. 


Әділбеков Р. Иман нұрландырар // Нұр. 1998. – № 9. 45 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет