Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет68/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

ӘОЖ 821.512/22:908(405) 

 

МҰРАТ ӨСКЕНБАЙҰЛЫ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 



 

Джетибаева А., Иманғалиева Ғ. 

Ғылыми жетекші: Тоқбаева Л. 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 

Қазақстан 

 

Андатпа.  Мұрат  Өскенбайұлының  шығу  тегі,  өмір  жолы,  күйшілік  өнерінің  бастау  алған 

жылдары қарастырылған. Домбыра тартудың өзгеше дәстүрін  енгізген күйші. Күйшілікпен қатар 

жыршылық қабілеті де болғандығы, Маңғыстау мәдениетінде ерекше орын алатындығы айтылған. 



Түйінді сөздер: күй, домбыра, жырау, дәстүр, тарих. 

 

«Қазақстанның батыс аймақтарындағы Маңғыстау  



күйшілерінің өзіндік бір мектеп дәстүрін осы дәуірге  

ұластырған Мұрат Өскенбайұлы өнеріне де назар аударар  




156 

 

уақыт жетті. Соңғы жылдары Алматыға бүкіл Маңғыстау, 



Үстіртке тараған домбыра тартудың тағы бір ерекше 

дәстүрін бізге күйші Мұрат Өскенбайұлы алып келді.  

Мұраттың тартысы біз әңгіме еткен дәстүрлердің өкілдеріне 

 ұқсамайды. Оның репертуарында үш жүзге жуық ірілі – 

ұсақты күйі бар. Мұрат тек шебер күйші ғана емес, 

сонымен қатар ән де айтып,жыр да жырлай алады. 

Оның кішкене музыкалық тенорлық даусы бар.  

Әннің нақысын да, ырғағын да жақсы келтіреді.» 

Ахмет Жұбанов 

 Мұрат  Өскенбайұлы  Адайдың  Жаңай  руынан,  Жаңайдың  Әлісі  Әлменбеттен  Қалманбет 

туған,  Қалманбеттен  Өскенбай,  Үлкенбай  атты  екі  ұл,    Көркей,  Шырай,  Ақыжан  атты  үш  қыз 

өрбіген.  Қалманбеттің  осы  бес  перзенті  бірін  -  бірі  жібермейтін,  бірімен  -  бірі  тайталасқан  атты 

шулы  домбырашылар  болған.  Осы  бес  өнерпаздың  өнер  тарихында  белгілісі  Мұрат 

Өскенбайұлының әкесі Өскенбай Қалманбетұлы ( 1860- 1925).  Қазақ халық композиторларының 

төл туындыларын салыстырмалы зерттеуден өткізіп, өзіндік бағасын берген өнертану ғылымының 

докторы,  академик,  композитор  Ахмет  Қуанұлы  Жұбанов    Өскінбайдың  табиғи  таланттылығы, 

шынайы  күйшілігі  туралы  өз        еңбектерінде:  «Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Дина,  Абыл 

дәстүрлерінің  ешқайсысына  тікелей  соқпайтын  творчестволық    бағытында  да,    орындаушылық 

дәстүрінде  де,  өз  алдына  бір  төбе  болып  тұрған  адайлық  күйлердiң    негiзiн    бiр    басына  

жинақтаған    Өскенбайдың    халықтық    аспап  музыкасында  алатын  орны  ерекше”,-деп  жазады. 

Академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов  айтқандайын,  қазақ  халық  композиторларының  ортасында  

өз  алдына  бiр  төбе  болып  тұрған  Өскенбайдың  күйлерiнен  бiздiң  дәуiрiмiзге  жеткенi  жиырма 

шақтысы  ғана.  Олар:  “Шалыс  өре”,  “Жаңылтпаш”,  “Ыңғай  төкпе”,  “Соқыр  қыз”,  “Жетi  бұлбұл” 

немесе  “Бұлбұл  ақ  желең”,  “Жирен  жорға”,    “Кербез    Айша”,    “Түрiкпен”,    “Құлбай    бақшымен  

тартыс”, “Баланазойы”, “Қынжал”, “Өмiр өттi”, т.т. 

Осы  бiр  аты  аңызға  айналған  дүлдүл  күйшi  Өскенбайдан  Жұмағұл,  Хамит,  Мұрат,  Ишан 

атты төрт ұл, екi-үш қыз дүниеге келген. 

Өскенбайдың  жетi  перзентiнiң  iшiнде  Хамит  өз  заманында  Маңғыстау  өңiрiндегi    атақты  

әншiлердiң    бiрi    болған.    Ұлы    Отан    соғысына    аттанған  сапарынан  хабарсыз  кеткен 

азаматтардың  бiрi.  Ал  Өскенбайдың  Мұраты  өнер  тарихы    төрiнен    орын    алған    атақты    да  

талантты    күйшi,    қазақ  композиторларының  бiрi.  Өскiнбайдан  өрбiген  Мұраттың  күйшiлiк 

өнерiнiң  бастау  қадамы  өскен  ұясындағы  әдемi  дәстүрде  жатыр  десек,  ақиқат  шындық  көрiнiсi. 

Мұрат  Өскенбайұлы  1904  жылы  қаңтар  айының  бiрiншi  жұлдызы  күнi  дүниеге  келген.  Кiндiк 

кесiп,  туып-өскен  жерi    Маңғыстаудың  Қарақия  ауданына  қарасты  Жетiбай  елдi  мекенiнiң 

“Жетiбай құдығы” аталынған жер. Алты-жетi жасында анасы қайтыс болған бала Мұрат аға, iнiсi, 

апаларымен бiрге әкесi Өскенбайдың қолында тәрбиеленедi.  

Алты  жасынан  әкесі  Өскенбай  күйшінің  қасына  еріп,  әкесі  мен  Есбайдың  ,  Абыл  мен 

Сәулебайдың күйлерін үйренеді. Көпеш мен Арал күйшілерден өнеге алады. Шамғұл мен Қартбай

Әмірхан  мен  Сарығұл  күйшілермен  бірге  өнер  қуады  .  Мұрат  Өскінбайұлы  бірқатар  жылдар 

Түрікменсттаның  Қарабұғаз  ауданы  халық  театрында  артист  болып  ,  домбыра  үйірмесін 

басқарады  ,  Красноводск  облысында  қазақ  ансамблінде  домбырашы  (1944)  болып  істеді.  Екінші 

дүниежүзілік соғысқа (1944- 1945) қатысқан . Түрікменстанда болған кезінде (1931-1954) түрікмен 

күйлерін  де  шебер  орындауға  жетіледі.  Сол  елдің  белгілі  дутаршылары    Пүрлі  ,  Мылла, 

Ташмамбет , Қарлы, Алты ,Қылышжан, Солтанаха және Мәмбетпен бір жүріп, «қазақ өрені - ұлы 

бахшы  (  үздік  күйші  )»  атанады.  Кеін  Қазақ  мемлекеттік  филармониясында  (1954-1960), 

Қазақконцертте (1960-1965)  домбырашы болды.  1958 жылы қазақ өнерінің Мәскеу қаласындағы 

онкүндігіне қатысты. 

Мұрат Өскенбайұлы -  қазақ , түрікмен күйлерін шебер орындаушы. 300-ге  жуық күйлері 

болған. Қазақ музыка өнеріне Мұрат Өскенбайұлының әкелген күйлер ішінде Абыл мен Есірдің, 

Есбай мен Өскенбайдың , Құлшар мен Құрманғазының бұрын белгісіз күйлері, сондай ақ көршілес 

түрікмен, қарақалпақ, әзірбайжан, ноғай елдерінің күй саздары, көне түркі тайпаларының «Алпыс 

тарау тайы» дейтін күйлер циклінің «Қарт Науаи», «Бала Науаи» « Шәһр Науаи», «Тамшы Науаи», 




157 

 

«Қақпалы  Науаи»,  «Тел  Науаи»  аталатын  үлгілері,  ежелгі  халық  мұрасынан  «Ел  айырылған» 



дейтін  күйлер  бар.  Мұрат  Өскенбайұлы    түрікмен  күйлерін  де  (  «Сахып  Жамал»  ,  «Есерлі»  , 

«Кептер»  ,  «Торғай  құшлар»,  «Пияла»,  «Көріғұлы»,  «Әуезім  күйі»,  «  Сенсен»,  «Ашыл  баш», 

«Азатлық»,  «  Көршмез»,  «Душмуш»,  «Нәзіл  байрам»,  «Гелдіңме»)    шебер  орындаған.  Өзі  де 

ондаған  күй  шығарған.  Оның  күйлерінің  көпшілігі  осы  заман  тақырыбына  («Қоштасу»,  «Халық 

сәлемі»,  «Жеңіс»,  «Кең  жайлау»,  «Қазақстан»,  «Көктем»,  «Ана  даңқы»,  «Оркестр»,  «Халықтар 

достығы», «Бейбіт өмір», «Өрлеу», «Маңғыстау», «Жетібай», т.б.) арналған.   Мұрат Өскенбайұлы 

күйлері  абзал  арман  мен  туған  елге  деген  азаматтық  асыл  сезімдерді  бейнелейтін  мазмұнды  да  

ақжарқын  оптимистік  туындылар  .  Халық  арасында  Қашаған,  Өскенбай,  Аралбай,  Елбай  сияқты 

ақындар  толғауларын  айтып,  таратқан;  Мұрат  Өскенбайұлының  өзі  шығарған  толғаулары  да 

(«Оркестр»,  «Күй»,  «Домбыры»  ,  «Еңбек  өрендеріне  ,  «Республика  тойларына»,  «Қара  алтынды 

Маңғыстау»  т.б.)  бар.  Мұрат  Өскенбайұлының  жырлары  1977  жылы  «Шұғыла»  атты  жырлар 

жинағына енді.  

 Мұрат  мұрасының  жаршысы  атанған,  Жаңаөзен  қаласындағы  7  орта  мектеп  ән  пәнінің 

мұғалімі,  халық  ағарту  ісінің  үздігі  Серік  Харесовтен  Қазақстан  жазушылар  одағының  мүшесі 

Темір Мыңжастың алған сұхбатынан: 

-  Сәке,  сiздiң  Мұрекеңмен  алғашқы  таныстығыңыз  қалай басталды? 

-  Мен  Атырау  (бұрынғы  Гурьев)  пединституты  музыка  факультетiнiң  iргетасын 

қаласқанмын,  сол  оқу  орнында  сабақ  бердiм.  Тағдыр  айдап,  дәм  тартып  1980  жылы  Жаңаөзенге 

келiп,  Төлесiн  Әлиев  атындағы  мектепке  қызметке  тұрдым,  өзiм  жатақханада  жататынмын.  Бiр 

күнi  үзiлiстемектептiң  сол  кездегi  мұғалiмдерi  Саналбай  Тасболатов,  Шәрiп  Төлендиев  үшеумiз 

әңгiмелесiп тұрғанбыз. Әңгiме күйге, күйшiлiкке ойысқан кезде олар Мұрат Өскiнбайұлының осы 

Жаңаөзенде  тұратынын  айтты.  Бұған  мен  елең  еттiм.  Өйткенi  бұрын  Форт-Шевченкода  қызмет 

iстеп  Атырауға  оралған  математик  ағамыз    Закария  Қабдолұлы  Жұмағазиевтен  Мұрекең,  оның 

күйшiлiгi жайында естiген болатынмын. Сондықтан әңгiменi төтесiнен тарттым: 

- Ол кiсiнi қайдан табуға болады, мекен-жайын бiлетiндер бар ма? Осы  мектепте,  бесiншi  

сыныпта  оның  немересi  оқиды  ғой,  содан бiлуге болады, -дедi Саналбай. 

- Жақсы ендеше, сол сыныпта бүгiн менiң сабағым бар едi, -дедiм мен. Сонымен 5-сыныпқа 

бардым. «Сыныпта Әзiрбай Өскiнбаев деген бала бар  ма?» - деймiн.  “Менмiн”,-деп  кiшкентай,  

арық  қара бала  орнынан көтерiлдi. Мұрекең жайлы сұрастырып, мекен-жайын жазып алдым. Ол 

кезде олар  ұмытпасам,  қаланың  екiншi  шағын  ауданында,  екi  бөлмелi  пәтерде тұрады  екен.  

Бiр  күнi  iздеп  бардым.  Есiк  алдында  Мұрекеңнiң  зайыбы Нұрбалқан шешемiз самауыр қойып 

жатыр да, үйде бiрi –iрi толық та, екiншiсi –арықша, қағiлез келген екi кiсi отыр екен. Арықшасы 

бұл  үйдiң  қонағы  болып  шықты.  Аты  Сейiлхан,  руы  –жаппас,  көп  жыл  газет  редакторы  болған 

өнерлi  жан  болып  шықты.  Бiрер  күй  тартты.  Кезек  келген  соң  мен  «Жалдықараны»  тарттым. 

«Мынау  Қалидың  тартысы  ғой»,-дедi  Мұрекең.  Бұл  -Қали    Жантiлеуовты    айтқаны.    Әңгiме  

шешiлiп  сала  бердi.  Сол танысуымыз жолдастыққа, жолдастығымыз сыйластыққа ұласты.  

-  Сiздi  жұртшылық  Мұрат  Өскiнбайұлының  өнерiн,  оның  күйлерiн  насихаттаушы, 

зерттеушi ретiнде бiледi. Мұны Мұрекеңнiң өзi құп көрiп, риза болды ма? 

- Бiр рет үйiне барып отырғанымда, ағамызға күйлерiн жазып алып, нотаға түсiрсем деген 

ойымды айттым. «Талай адам келдi, шығарамыз деп, жазып алады да, «шу қарақұйрық» дегендей 

хабарсыз  кетедi»,-деп  жатыр  Нұрбалқан    шешей.    Содан    оның    үш-төрт    күйiн    жаздым.    Олар  

«Өрлеу»,  «Отаным  мәңгi  жүректе»,  Мұраттың  орындауындағы  Өскiнбайдың  «Бұлбұл  ақжелеңi»  

бар.  Екiншiден,  бұл  iстi  қолға  алуыма  сол  кезде  мәдениет саласының  басшылығында  жүрген  

Т.П.Догадованың  күйшi-композитор күйлерiн  нотаға  түсiру  жөнiндегi  ұсынысы  қамшы  болды.  

Әрине,    менен  басқа  да  кейбiр  домбырашылар  оның  шығармаларын  түсiрмек  болған,  бiрақ  бұл 

оңай  шаруа  емес  және  олардың  түсiрген  кейбiр  ноталарын  тыңдап  көрген  Мұрекең    жарыққа  

шығаруларына    қарсы    болған.    Менiң    жазғандарымды  тыңдағаннан  кейiн  өзi  «Серiк,  сенiкi 

дұрыс,  жалғастыра  беруiңе  болады»,-деп,  ыңғай  танытты.  Мұраттың  «Отаным  мәңгi  жүректе», 

«Олимпида-80»  атты күйлерін тұңғыш рет оркестрге шығарып өзіне тыңдаттым. 

Өмірінің соңғы жылдары Жаңаөзен қаласын мекен еткен Мұрат Өскенбайұлы жылы ұзаққа 

созылған  науқастан  өмірден  өтті.  Дүние  салып  ,  топырағы  бұйырған  жері  әкесі  Өскенбай 

жерленген  «Қырғын  қауымы»  Қарақия  жотасының  «Доңаза»  деп  аталынатын  жері      Мұрат 




158 

 

Өскенбайұлы күйші , композитор ғана емес , жыршы , термеші, ақын ретінде де көпке танылған. 



Мұрат Өскенбайұлы  өзi  шығарған  жыр,  терме  өлеңдерi  1986  жылы “Аманат”  деген  атпенен  

кiтапша    ретiнде    баспа    бетiнен    жарық    көрдi.  Жиырмадан  астам  күйлерi  күйтабақшаларға 

жазылып, халық арасына кеңiнен таралды. 

Орындаушылық    шығармашылығындағы    отызға    жуық    күйлерi  республика    радио-

теледидар  алтын  қорында,  жиырмадан  астам  күйлерi Құрманғазы атындағы өнер институтының 

фольклорлық бөлiмiнде, жүзден астам күйлерi республикағылым академиясының музыка секторы 

бөлiмiнде  сақтаулы.  Құрманғазы  атындағы  өнер  институтының  Буданов,  Жаңбыршиев  секiлдi 

түлектерi  мезгiлiнде  Мұрат  шығармашылығынан  дипломдық  жұмыс  қорғаса,    академик    Ахмет  

Қуанұлы    Жұбановтан    бастап,    музыка    өнерi  қайраткерлерi    мен    зерттеушiлерi    Қ.Тастанов,  

Б.Ғизатов,  У.Бекенов, Т.Мерғалиев,  жазушылар  Ә.Кекiлбаев,  Қ.Сыдиықов,  тағы  басқа  бiрнеше 

журналист  қаламгерлер  өз  еңбектерi  мен  мақалаларында  талантты  күйшi,  композитор  Мұрат 

Өскiнбайұлының  шығармашылығы  мен  орындаушылығы  төңiрегiнде    жылы    лебiздi    ой,  

пiкiрлерiн  жазды.  Мұраттан  маңғыстаулық терме, толғау өлеңдерi мен күйлерiн үйренбеген жас 

өнерпаздар  кемде-кем.  Олардың    қатарында    марқұм    Әлқуат    Қожабергеновтен    бастап,  

М.Панаев, С.Шәкратов секiлдi республикамызға танымал домбырашылар бар. Халық өзi таңдаған,  

өз    талғамынан  шыққан    өнерпаздарды    кейiнгi    ұрпаққа  шашпай-төкпей  жеткiзiп  отырады, 

дәрiптейдi.  Мәселен,  Мұрат  Өскiнбайұлы  өмiрден  өткеннен  кейiн  1984  жылы  Жаңаөзен 

қаласының халқы оның 80 жасқа , 1989 жылы 85 жасқа толу құрметiне арналған өнер мерекелерiн 

ұйымдастырды.  Соған  орай,  Жаңаөзен  қаласына  тақау  Теңге  елдi  мекенiнде  М.Өскенбаев 

атындағы    көше    дүниеге    келдi.    Қаладағы    балалар    музыка    мектебiне    М.  Өскенбаев    есiмi  

берiлдi.    Қаланың    екiншi    шағын    ауданындағы    ол    тұрған  мекен-жайға    ескерткiш    тақта  

орнатылды.    Бұның    барлығы    өнер    адамына  деген  халықтық  сый,  құрметтiң  шын  көрiнiсi  деп 

түсiнген жөн.Бұл өмiр бойы бұзылмаған және бұзылмайтын дәстүр болса керек. 2004 жылы Ақтау 

қаласында  Мұрат  Өскенбайұлының    100  жылдық  мерейтойы  республика  көлемінде  аталып  өтіп, 

ғылыми конференция мен республикалық күйшілер сайысы ұйымдастырылды. 2005 жылы Мұрат 

Өскенбайұлының есімі Маңғыстау облыстық филармониясына берілді. 

Өзі  өлсе  де,  артына  өлмес  өнер  мұрасын  қалдырған  жерлесіміз  Өскенбайұлы  Мұратты 

«сегіз  қырлы  бір  сырлы»  деп  аталатын  өнерпаздар  қатарынан  тану  лайықты.  Оны  Қазақстан 

музыка мәдениетінің дамуына атсалысып, үн қосқан талант иелерінің бірі деп білуімізге болады. 

Бес-алты жасынан бастап қолына домбыра алып, әртүрлі әуендерді әнге қосқан, халықпен 

біте  қайнасып  бірге  өскен,  оған  қалтқысыз  қызмет  еткен  Мұрат  Өскенбайұлы,  өмірінің  соңғы 

кезеңдеріне дейін елі үшін тынбай ән-күйімен жырлап өткен.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Ғалым Әріп.Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы 4 том. 205, 206 бет 

2. Маңғыстау энциклопедиясы, 2012 жыл 

3. Ұлттық энциклопедия Қазақстан 2007 жыл, 263 бет  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет