Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет74/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: әңгіме-аңыз, ақыл-парасаты, дастан, хас хажиб, әділдік, бақ-дәулет, ақыл-

парасат, қанағат-ынсап, идея, қоғам, мемлекет, тәуелсіздік, кемелдену, құтты білік, үйлесімділік. 

 

Құтты  білік  шығармасының  мәніне  үңілетін  болсақ,  ежелгі  түрік  қоғамындағы  ақыл-ой, 



мораль,  құқық  және  мемлекетті  басқару  туралы  тұжырымдаманы  зерделейтін  терең  де  өте  бай  

деректермен  таныс  бола  аласыз.  Құтты  білік    ежелгі  түрік  тілінен  аударғанда  «адамды  бақытқа 

жетелейтін  ілім  және  мемлекетті  басқару  үлгісі»  деген  мағынада  аударылады.  Жүсіптің  өзі  осы 

шығарманы ханның өтінішімен жазғанын , яғни бір негізгі мәселеге тоқталатын болсақ ел басқару 

деңгейінде туындының маңызы өте зор болғандығына ереше мән берген. «Құтты білік»  - әңгіме-

аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат.  

Түркі әдебиеті тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі –Қарахандар әулеті билік құрған 

Х-ХІІ  ғасырлар.    Бұл    кезеңдегі    әдеби    шығармаларда    ислами    құндылықтар    кешенді  түрде  

көрініс    тауып,  халықтың  таным  дүниесіндегі  елеулі  өзгерістерді  байқатып  жатты.  Қарахан 

дәуірінен  бізге  жеткен  ең  алғашқы    әрі    бас-аяғы    толық    туынды  –Жүсіп    Хасхажып  

Баласағұнның  «Құтты  білік»  дастаны. Шығармада жалпы түркіге ортақ елдік мұраттар кешенді 

түрде  қамтылған  [1.148].  «Құтты  білік»  дастанындағы  елшілдік  сарындарды  талдай  отырып,  ел 

тарихындағы  тарихи  мәні  мен  маңызын    ғылыми  негізде  саралап  көрсеткен.    Өз  зерттеуімде 

шығарманың тарих сахнасындағы өзіндік  ерекшелігін ғылыми  дәйектемелер негізінде талдаулар 

жасалынды.    Дастан  елдегі  Ата  заң  қызметін  атқарған.  Жүсіп  Баласағұн  өз  туындысында  

патшалар  мен  уәзірлердің,  хан  сарайының  қызметкерлері  мен  елшілерінің,  әскербасылар  мен 

нөкерлердің, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен 

міндеттері  қандай  болу  керектігін  жеке-жеке  баяндап  шығады.  Ақын  ең негізгі  мәселені  әмірші-

патшаның  өзінен  бастайды.  Халықты    басқаратын  адам  –  ақыл-парасаты  ұшан-теңіз,  ниеті  түзу, 

сөзі шырын, білім мен өнерді жетік меңгерген , қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек 

сақтамайтын жан болуы шарт екенін басып айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, 

сауық-сайранға  құштарлық,  қатыгездік,  кекшілдік  сияқты  жаман  қылықтардан  бойларын  аулақ 

ұстауға ерекше мән береді.Бұдан кейін ақын  ел басқарған патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас 

хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, саралап  айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап-

тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы қажет. 

“Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар ереше мән бере отырып, сипатталып жазылған. Елші 

ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. 



168 

 

Дастанда  осылайша  елдегі  барлық  лауазым,  кәсіп  иелеріне  қойылатын    талаптар  сипатталып 



көрсетілген.  Шығарманың  негізгі  идеясы    саяси-қоғамдық  өмірді  өзгертудегі  реформасы 

турасында маңызды мәнге ие. 

“Құтты  білік”  дастаны,  негізінен,  мемлекетті  басқару  мәселесіне  арналған  шығарма. 

Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті  дұрыс басқару  үшін 

қара  қылды  қақ  жаратындай  әділ  заңның  болуы.  Автор  әділдіктің  символдық  бейнесі  ретінде 

Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт-береке қонсын деген тілек. Бақ-

дәулет  мәселесі  патшаның  уәзірі  Айтолды  бейнесі  арқылы  жырға  қосылған.  Үшіншісі,  ақыл-

парасат.  Ақыл-парасаттың  қоғамдық-әлеуметтік  рөлі  уәзірдің  баласы  Өғдүлміш  бейнесінде 

жырланады.  Төртіншісі,  қанағат-ынсап  мәселесі.  Бұл  мәселе  дастанда  уәзірдің  туысы,  дәруіш 

Одгүрміш  бейнесі  арқылы  әңгімеге  қосылған.  Жүсіп  Баласағұн  ғибратында  суреткерлік, 

ойшылдық,  ғұламалық  қасиеттердің  үйлесім  табуы  ғалым  ойларының    даналығымен 

біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің 

қуатты  ықпалымен  толысқан  ойшыл  өз  шығармашылығында  адамның  қоғамдағы  орны  мен 

қызметін  түсінуге  ұмтылып,  мінсіз  қоғам  жайындағы  өзінің  биік  философиялық  ой  мұраттарын 

баяндайды.  Жүсіп  Баласағұнның  “Құтты  білігінде”  өмір  мәні  пайымдалып,  жалпыадамзатқа  тән 

рухани байлықтардың  мәні  жан-жақты сараланған. Жүсіп Баласағұн ақиқатқа жету жолын адам 

мен әлемнің сол ғұмырлы өмірдің  әрбір ұсақ дүниелер арасындағы үйлесімділіктің  болуы туралы 

қағидаға  негіздейді.  Төрт  құдірет  –  от,  су,  ауа,  жер  жайлы  ежелгі  дәуірдің  философиялық 

түсінігіне  сүйене  отырып,  ойшыл  әлемді  осы  төрттағанның  үйлесімінен  жаралған  деп  санайды. 

Жүсіп  Баласағұнның  қоғам  және  өмір    туралы  ойларында,  яғни  қазіргі  түсініктегі  әлеуметтік 

философиясында  әділет,  бақыт,  ақыл  және  қанағат  ретінде  бейнеленіп,  “Құтты  біліктің”  төрт 

кейіпкерінің бойына осы ерекше ұғымдарды  жинақтаған.Мына  жалған дүниені ақыл таразысына  

салып жүйеге түсіруге болатынына да сенген. Ғұлама тұлға  әлемдік үйлесімділік негізі- әділетті 

адамзат қоғам құруды армандады және өз алдына соны негігі мақсат етіп қоя білді. Сондықтан ол 

өз  шығармасында  ғылым  мен  білімге  ереше  мән  берген.  Жүсіп  Баласағұн  адамзатқа  ортақ 

парасаттың, танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшудің өзі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп 

біледі. Ғылымен білімге жан-жақты  сусындаған адам ғана көздеген мақсат міндеттеріне өзгелерде 

ерте қол жеткізе алады. Автор пікірінше білім  – даналық, денсаулық – жан мен тәннің толысуы. 

Жүсіп  Баласағұнның  ойынша,  қоғам  құрылымындағы  кемелдікті  жеке  адамның  бостандығы, 

тәуелсіздігі  анықтайды  деп  санады.  Жүсіп  Баласағұн  өзінің  әлеуметтік  философиясында 

қоғамдағы  кемелдіктің  негіздері  мен  іс  жүзіндегі  көріністерін  өзара  тығыз  байланыста 

қарастырады.  “Құтты  білікте”  ол,  ең  алдымен,  даналық  яғни  қазіргі  түсініктегі  теориялық  зерде 

туралы  ой  толғап,  даналық  табиғатын,  оның  ерекшелігін,  туа  біткен  қабілеттер  мен  қасиеттер  

кейінгі    алған  білімін  жинақтаудағы  адамның  өз  рөлі,  таным  процесінде  ақиқатқа  ұмтылу,  т.б. 

мәселелерді  қарастырады.      “Құтты  біліктің”  оқырманға    негізгі  айтар  ойы  –  адамның  адами 

жетілуі  мен  кісілік  қасиеттерінің  кемелденуі,  сол  арқылы  мемлекет  пен  қоғамды  қуатты,  мықты 

тұғыры  биік  құтты  ел  мәртебесіне  көтеру.  Кісілік  кемелдену  жолына  түскен  адам  –  өзінің 

қасиетіне, жалпы болмысына үнемі сыни көзқараста жүретін асыл жан. Дастан оқырманына құт-

берекемен,ақыл–парасатпен,ізгі тілектер және  бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге 

болатынын  ұқтырады.  Ондағы  “өзіңді  сақтау”,  “өзіңді  ұмытпау”,  “өзіңді-өзің  құрметтеу”, 

қағидасы  адамның  адамшылығын  танытар  қасиеті  –  адамгершілік  пен  кісілікті  жетілдіруге 

бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең философиялық оймен толғанады. 

Шығарма  да  біз  білетін  төрт  кейіпкер  -  Күнтолды,  Айтолды,  Өгдүлмүш,  Өғдүрміш 

бейнелері арқылы сұхбаттасу ізімен жазылған. Осы төртеуінің өзара бірлесуі нәтижесінде бірнеше 

мінез құлықтық қасиеттер мен құқықтық принціптерді  жан-жақты түсінуге мүмкіндік мол. Төрт 

кейіпкерлерге  сипаттама  жасап  кетсек  артық  болмайды:  Күнтуды  –  хан,  ол  заң  мен  әділдіктің 

жаршысы,  Айтолды-  уәзір,  ол  мемлекеттік  билік  пен  сәттілікті  бейнелейді,  Өгдүлміш-  

Айтолдының  ұлы,  ол  кейін  әкесінің  орнын  басып  уәзір  болады,  ақыл,білім,  өмірсүйгіштік 

кейіпкері,  Өғдүрміш  –  ақиқат  өмірден  безініп,  адамдардан  алыс,  тауда  өмір  сүреді,  күй 

талғамайтын,  кезбе,  алладан  басқаны  ойламайтын  кейіпкер.  Шығарманың  баяндалуы  жағынан 

ұғыну  күрделі  емес.  Айтолды  –  рухтанған,  жігерленген,  ақылды,  идеялары  көп  қаланың 

орталығымен  хан  сарайынан  алыс  емес  елді  мекенде  дүниеге  келген  жас  жігіт.  Құтты  біліктің 




169 

 

авторы  Айтолдының  адамгершілігі  мен  абыройын    ерекше  ынта  жігермен  суреттеген.  Автордың 



ойынша  Айтолды    пайымдағыш,  белсенді,  адал,  әділетті,  жайдары,  адамгершілігі  мол,  тілмәр, 

барлық мәліметтен хабардар кемел тұлға. Талас пен сұхбат түрінде жазған шығармасында Жүсіп 

Баласағұн  шамасы  түріктердын  ұлтык,  мінез-күлыкты  және  саяси  дәстүрлерін  сақтай  отырып, 

түріктердің  рухын  көтеруге  сол  арқылы  олардың  ғаламдық  энергиясын  аспандатуға  тырысқан. 

Діннің  жетегіне  кете  беретін  қоғамның  кейбір  қабатына  соны  түсіндіре  отырып,  даралыққа 

кезбешілікте емес, қоғамда белсенді адамгершілігі жоғары деңгейде өмір сүруді насихаттайды.  

Имандылық,  сабырлылық,  рақымшылдық,  ақыл-парасаттылық,  әділеттілік,  бостандық, 

ғылым-білім,  достық,  бауырмалдық,  адалдық,  аманат,  ар-ұят,  қарапайымдылық,  тазалық,  өзара 

құрмет,  іс-қимыл  т.с.с.  құндылықтарын  түркі  ойшылдары  өз  еңбектерінде  қарапайым  халыққа 

түсінікті тілде жеткізе білді. 

Алла атымен бастадым сөз әлібін. 

Жарылқаған,жаратқан бір тәңірім! 

Жаратты ол:жасыл көк, ай,күн,түнді, 

Қара жер,ел,заман,уақыт,бұл күнді [2.77].  

Бұл  –  Құдайға  құлшылық  етудің  шынайы  жүректен  шығып,  кіршіксіз  амалмен  іске 

асатындығы  туралы  ойшылдың  шынайы  сенімінен  туындаған  ойы.  Жаратушыға  деген 

сүйіспеншілік пен денің ниеті мен амал-әрекетінен туатындығы айдан анық. Ниет тазалығы және 

амалдың  айқындылығы  құлшылықтың  мәні  мен  мағынасын  байытып,  мұсылманның  иманын 

күшейтеді.  Ниет  –  адам  пейіліндегі  мақсат.  Құлшылық  атаулының  қабыл  етілуі  ниетке 

байланысты. Дін құлшылық пен ғибадатты қажет етеді. 

Мейірбанға айтар кісі жан сырын, 

Бауырмал жан жанын берер, бар шыным. 

Мейіріңе кәміл сеніп, сырластым, 

Мейіріммен сөйле, үнсіз тұрмассың![2.244] 

Баласағұн шығармашылығына тән ерекшелік адам болмысының мәні және адамның әдебін 

ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және 

көкке көтеретін – ар мен ұят. Адам бойындағы ар-ұят сезімі оның ибалылығын, қайырымдылығын, 

бақытын, әділетті ұстанымын, парасат-пайымын қанағатшыл құлқын асқақтатады. 

Баласағұн шығармасында білім мен ғылымның мәніне де зор көңіл аударылады. 

Тілегім сөз еді білгір, ей,бегім, 

Ақыл бегім жайлы келді сөйлегім. 

Ақыл –шырақ, қара түнді ашатын, 

Білім-жарық, нұрын саған шашатын [2.102]. 

«Құтты білікте» білім  өмір  мәні  және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің  өлшемі  ретінде 

көрсетіледі.  Ойшылдың  пікірінше,  білім  мен  парасат  адам  мен  қоғам  өмірінде  кездесетін 

зұлымдықтардың  алын  алу  үшін  қажет.  Білім  адамның  өз  болмысын  танып  білуге,  иманын 

жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол. «Құтты 

білік»-  адамзаттың  бойына  адамгершілік  ,имандылық  ,  қанағаттық    қасиеттерді  сіңіруге  ерекше 

ықпал ететін туынды. Тәуелсіздігімізді мәңгілікке сақтап тұруда шығармадағы негізгі приниптерді  

басшылыққа алып ұстанудың маңызы зор .   

«Құтты  біліктің»  мазмұны  ақылға  парасатқа  толы.Жүсіп  Баласағұнның  негізгі  пікірі-

әділеттік  пен  ақыл,ақылды  қарапайым  адам  басқарғаны  жайлы  ,берекелі  молшылыққа    кенелген 

елді  аңсауы.Көрнекті  ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Х.Сүйіншәлиев 

ежелгі  дәуір  әдебиетінің  ең  үздік  туындысы  «Құтты  білік»-  Орта  ғасыр  түркілерінің    таңдаулы 

мұрасы.Оны  кезінде  «киелі»  кітап  тұтып  ,  үстем  тап  өз  мүлкі  ,  жекеменшік  мұрасы  тұтқан. 

Әлемдік  мәні  әйгілі,  түгел  түркі  хлықтарының  мақтанышы  дерлік  мұра,жазба  әдебиетінің  ең  ірі 

шығармасы» деген  жоғары деңгейдегі бағасын берген [3.117].  

 «Құтты  білік»  күні  бүгінге  дейін  өзінің  құндылығы,  мәні  мен  маңызын  жоймаған  және 

жалпыадамзаттық  идеялар  мен  ойлар  айқын  көрініс  тапқан  туынды.  Қазақтың  классикалық 

поэзиясы  өзінің  шығармашылық  бастауын  «Құтты  біліктен»  алған.Тәуелсіз  еліміздің  «Рухани 

жаңғыруында» осындай озық үлгілерді жан- жақты танысып білу біздің азаматтық борышымыз.  



170 

 

Тарихи  сананы  қалыптастыру,  ұлттық  рухты  жас  ұрпақ  бойына  сіңіру  арқылы 



мейірімділікке,  имандылыққа,  ерлікке,  батырлыққа  тәрбиелеу.  Туған  жерін,  елін  сүюге, 

адамгершілікке,  ізгілікке  баулу.  «  Құтты  білік»  дастаны  түркі  тілді  туысқан  халықтардың  бізге 

келіп  жеткен  дүниежүзілік  мәнге  ие  бірден-бір  жазба  әдеби  ескерткіші.  әдеби  тілдің  даму 

жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі. 

Өз  заманынын  да  ғылым  саласымен  толық  танысып  кемелденген  шағында  «Құтты  білік» 

тәрізді классикалық шығарма тарих сахнасына келді. Ана тілінің көркемдік қуатын әлемге таныту 

бағытын ұстанған  көркем тілді шығарма. «Құтты білік» — түркі тілді халықтардың қоғамдық ой 

санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем 

туынды. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Жорабай.  Т.С.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты,  Алматы,  Қазақстан 

«Құтты  білік»  дастанындағы  елдік  идеялар:  жалпы  сипаты,  сюжет  пен  композициялық  астар.  // 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  Хабаршысы.  Филология 

ғылымдары» сериясы. –2017. – No3(61) 2017 г –Б.148-153 

2 .Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн. Құтты білік / Аударған А. Егеубай. – Алматы, 2011. - 431б. 

3.  Х.Сүйіншәлиев.Қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы : Санат,2006.-904б 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет