ТҮркия республикасының атазаңЫ 1, 2 Қабылданды



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата12.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#1753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

IV. Есеп Палатасы 

160-БАП 

(Өзгеріс: 

29/10/2005-5428/2) 

Есеп 


Палатасының 

міндеттемелеріне  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  атынан  жалпы  және  қосалқы 

бюджетпен  қаржыландырылатын  мекемелердің  кірісі,  шығыс  және  меншігіне 

қатысты  барлық  есеп-шоттарға бақылау  жасау, жауапты лауазымды адамардың 

әрекеті  мен  есеп-  шоттарына  қатысты  түпкілікті  шешім  қабылдау,  сондай-ақ 

сұрау  салу,  ревизия  және  шешім  шығару  секілді  заңға  сай  талап  етілетін 

функцияларды  атқару  жатады.  Мүдделі  тараптар  Есеп  Палатасының  түпкілікті 

шешімін  қайта  қарау  туралы  өтінішті  шешім  туралы  оларды  жазбаша  хабардар 

еткен күннен бастап он бес күн ішінде бір рет бере алады. Осындай шешімдерге 

сот бақылауын қою үшін әкімшілік соттарға ешбір өтініш берілмеуі тиіс. 

Мемлекеттік  кеңес  пен  Есеп  Палатасы  арасында  салық  салу  мәселелері 

немесе  осы  тұрғыдағы  қаржылық  міндеттемелер  мен  тапсырмалар  жөніндегі 

шешімдерге қатысты Мемлекеттік кеңестің шешімі басымдыққа ие болады. 

(Қосымша 

тармақтар: 

29/10/2005-5428/2-бап.) 

Жергілікті 

билік 


органдарының қаржылық операциялары мен есептарі туралы шешім қабылдауды 

және оларды бақылауды Есеп Палатасы жүзеге асырады. 

Бақылауды ұйымдастыру, қызмет ету мен әдістер, мүшелердің біліктілігі, 

тағайындалуы, міндеттемелері мен өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттемелері, 

олардың  жеке  мәртебесі  мен  төрағасы  және  мүшелеріне  кепілдік  етуді 

қамтамасыз ету секілді өзге де мәселелер заңмен реттеледі. 

(Күшін жойған: 7/5/2004-5170/10 бап.) 

 

4. БӨЛІМ. 



Қаржылық және экономикалық жағдайлар 

1.ТАРАУ. 

Қаржылық жағдай 

I. Бюджет 

А. Бюджетті дайындау мен орындау 

161- 

БАП.  Мемлекеттік  және  де  мемлекеттік  экономикалық 

кәсіпорындары  болып  табылмайтын  мемлекеттік  корпорациялардың  шығысы 

жыл сайынғы бюджетпен белгіленеді. 

(Өзгеріс:  29/10/2005-5428/3  бап.)  Қаржылық  жыл  басталу,  сондай-ақ 

жалпы  және  қосалқы  бюджетті  дайындау  мен  орындау  тәртібі  заңмен 

белгіленеді. 

Заңда  бір  жылдан  артық  созылатын  экономикалық  даму,  бизнес  және 

қызмет көрсетуге қатысты жоспарларға салынатын қаржылық үлесі үшін арнайы 

мерзімі мен ресімдерін жазып көрсетуі мүмкін. 

Бюджетке  қатысы  бар  ережелерден  басқасы  бюджет  туралы  заңға 

енгізілмеуі тиіс. 

B. Бюджетті талқылау 

162-  БАП.  (Өзгеріс:  29/10/2005-5428/3)  Министрлер  Кеңесі  Түркия  Ұлы 

Ұлттық  Мәжілісіне  жалпы  және  қосалқы  бюджет  жобасын,  сондай-ақ  ұлттық 

бюджеттік баға баяндалған баяндаманы, қаржылық жылдың басталуына кемінде 

жетпіс бес күн қалғанда ұсынады. 

Осы  бюджет  пен  баяндама  жобасын  қырық  мүшеден  тұратын  Бюджеттік 

комиссия  қарайды.  Бұл  Комиссияның  құрамы  билеуші  партиялардың 

коалициясы кезінде билеуші партиялары тобына кемінде жиырма бес орын беру 

шартымен  түрлі  саяси  партиялық  топтар  мен  Мәжілістің  тәуелсіз  мүшелері 

өкілдігіне орай пропорционалды анықталады. 

Бюджеттік комиссия елу бес күн ішінде қабылдайтын бюджеттің жобасын 

Мәжіліс қарайды және қаржылық жылға дейін қабылдайды. 

(Өзгеріс:  29/10/2005-5428/4)  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  мүшелері 

өткізілген  пленарлық  отырыс  кезінде  болатын  талқылаулар  барысында 

қызметтік,  ведомстволық  және  қосалқы  бюджеттерге  қатысты  әрбір  бюджет 

және жалпы бюджет туралы өз пікірлерін білдіреді; түзетулер үшін тараулар мен 

ұсыныстар оқылуы және қосымша талқылаусыз дауыс беруге қойылуы тиіс. 

Пленарлық  отырыстағы  бюджет  туралы  заң  жобасын  талқылаулар 

барысында  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  мүшелері  шығыстарды  өсіретін 

немесе кірістерді азайтуға әкеп соғатын ұсыныстарымен сөз сөйлей алмайды. 

C. Бюджеттік түзетулерге қатысты принциптер 

163.  БАП.  (Өзгеріс:  29/10/2005-5428/5)  Жалпы  және  қосалқы  бюджет 

бөлінетін  қаражат  бөлімнің  мүмкін  болатын  шығыс  шегін  көрсетеді. 

Министрлер  Кеңесінің  шешімі  бойынша  шығыс  шегін  асыру  мақсатында 

бюджетке  ешбір  ережелер  енгізіле  алмайды.  Министрлер  кеңесі  заң  күші  бар 

қаулысымен  бюджетке  түзетулер  енгізуге  өкілетті  емес.  Ағымдағы  қаржылық 

жылға бюджеттің бөлінген қаражатындағы қаржы бөлімінің ұлғаюын көздейтін 

түзету  жобасы  және  қосымша  қаржылық  шығыстарды  көздейтін  заң  жобалары 

мен  заң  ұсынымдары  болған  жағдайда,  ағымдағы  немесе  келесі  жылдың 

бюджетін  қарастыру  кезінде  көрсетілген  шығыстарды  жабатындай  қайнар 

көздерді көрсетуі тиіс. 



D. Қорытынды есеп 

164-  БАП.  Бюджеттің  атқарылуы  туралы  түпкілікті  есеп  жобасын 

Министрлер  кеңесі,  егер  заңмен  неғұрлым  қысқа  мерзім  белгіленбесе,  тиісті 



қаржылық  жыл  аяқталған  соң  жеті  ай  ішінде  береді.  Жоғары  қаржылық  кеңес 

бюджеттің  атқарылуы  туралы  есеп  жобасының  сәйкестігі  туралы  хабарламаны 

оны  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісіне  ұсынғаннан  кейін  жетпіс  бес  күн  ішінде 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне береді. 

Бюджеттің  атқарылуы  туралы  қорытынды  есеп  жобасы  бюджеттік 

комиссияның күн тәртібіне жаңа қаржылық жылға арналған Бюджет туралы заң 

жобасымен  бірге  енгізіледі.  Бюджеттік  комиссия  Бюджет  туралы  заң  жобасын 

толық  Мәжіліске  түпкілікті  шоттардың  жобасымен  бірге  ұсынылады:  толық 

Мәжіліс  жаңа  қаржылық  жылға  арналған  Бюджет  туралы  заң  жобасымен  бірге 

бюджеттің  орындалуы  туралы  түпкілікті  есеп  жобасын  қарайды  және  шешім 

қабылдайды. 

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісіне  бюджеттің  атқарылуы  туралы  түпкілікті 

есеп  жобасы  мен  оның  сәйкестігі  жайлы  хабарламаның  берілуі  тиісті  жылға 

қатысты  аяқталмаған  шоттарға  бақылау  жасауды  жалғастыруға  кедергі 

жасамауы  тиіс  және  ол  осы  мәселе  бойынша  түпкілікті  шешім  қабылданғанын 

білдірмейді. 



Е. Мемлекеттік экономикалық ұйымдарды тексеру 

165-  БАП.  Капиталының  жартысынан  астамы  тікелей  немесе  жанама 

түрде  мемлекетке  тиесілі  қоғамдық  мекемелер  мен  серіктестіктердің  шоттары 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі бақылауының негіздері заңмен реттеледі. 

 

2. БӨЛІМ. 



Экономикалық ережелер 

I. Жоспарлау; Экономикалық, әлеуметтік Кеңес

17

 

166- БАП. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуды жоспарлау, ел 

бойынша өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын теңгерімді және үйлесімді дамуын 

тез  қамтамасыз  ету,  жан-жақты  талдау  және  бағалау  негізінде  ұлттық 

ресурстарды  тиімді  пайдалану,  сондай-ақ  осы  мақсат  үшін  қажетті  ұйымдарды 

құру - мемлекеттің міндеті. 

Жоспарға  ұлттың  гүлденуі  мен  өндірісті  нығайтуды,  сыртқы  сауда 

мәмілелерінде  бағалары  мен  теңгерімдер  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету, 

инвестицияларды  қолдау  және  пайдалануды  көздейтін  шаралар  енгізіледі; 

инвестициялар  кезінде  қоғамдық  мүдделер  мен  қажеттіліктер  ескеріледі, 

ресурстарды  тиімді  пайдаланудың  мақсаты  белгіленеді.  Кәсіпкерлікті  дамыту 

осы жоспарға сай жүзеге асырылады. 

Түркия  Ұлы  Ұлттык  Мәжілісінде  даму  жоспарлардын  дайындалуы,  іске 

асырылуы, өзгертілуіне байланысты жобалар заңмен реттеледі. 

(Қосымша тармақ: 12/9/2010-5982/23-бап.) Экономикалық және әлеуметтік 

саясатты қалыптастыру мен дамыту көзқарасы тұрғысынан Үкіметті таныстыру 

үшін Экономикалық және Арнайы кеңес құрылады. Экономикалық және Арнайы 

кеңесті  ұйымдастыру  және  оның  қызметі  заңмен  реттеледі.  Кеңес  жұмысының 

принципі заңмен реттеледі. 

                                                           

17

  Бул  баптын  аты  «І  жоспарлау»  деп  аталган  кезде  12/9/2010  жылы  5982  нөмірді  заңнын  23.  бабымен  



өзгертіліп  мәтінге енгізілген. 

 


II.  Нарық  жағдайы  мен  сыртқы  сауданы  реттеудің  жай-күйіне 

бақылау жасау 

167-  БАП.  Мемлекет  ақшаның,  кредиттің,  капиталдың,  тауарлар  мен 

қызмет нарығының қалыпты жұмыс істеуін және қолдауын қамтамасыз ету үшін 

шаралар  белгілейді;  нарықтарда  іс  жүзінде  немесе  келісімдер  негізінде 

монополиялар мен картельдердің құрылуына кедергі жасайды. 

Сыртқы сауданы реттеу мақсатында, елдің экономикасын дамыту мүддесі 

үшін  Министрлер  кеңесі  заңға  сәйкес  салыққа  және  осындай  міндеттемелерге 

қосымша  импортқа,  экспортқа  және  өзге  де  сыртқы  сауда  операцияларына 

қосымша қаржылық алымдарды енгізуге немесе жоюға құқылы. 



III. Табиғи ресурстарды пайдалануды зерттеу 

168-  БАП.  Табиғи  байлықтар  мен  ресурстар  мемлекеттің  билігінде  және 

бақылауында болады. Ресурстарды зерттеу және пайдалану құқығы мемлекетке 

тиесілі.  Мемлекет  бұл  құқықтарды  жеке  және  заңды  тұлғаларға  белгілі  бір 

мерзімге беруі мүмкін. Табиғи байлықтар мен ресурстардың қайсысын мемлекет 

жеке және заңды тұлғалармен  бірлесіп зерттейтіні және пайдаланатыны заңмен 

белгіленеді.  Осындай  жағдайларда  жеке  және  заңды  тұлғалар  сақтауға  тиіс 

талаптар,  мемлекеттің  тарапынан  бақылау  мен  қадағалау  рәсімдері  мен 

принциптері, сондай-ақ қолданылуға тиіс санкциялары заңмен реттеледі. 



IV.  Орман  қорықтары  мен  орман  қорықтарындағы  ауылдардың 

тұрғындары 

IV.  Орман  қорықтарын  коргау    және  орман  және  орман  алаптарын 

кеңейту 

 169-БАП.  Мемлекет  орман  қорықтарын  қорғау  және  орман  алаптарын 

кеңейту  жөнінде  қажетті  шаралар  мен  заңнама  қабылдайды.  Өртеніп  кеткен 

орман  қорықтары  аудандарында  қайтадан  орман  ағаштары  отырғызылады;  өзге 

ауыл  шаруашылық  жұмысы,  сондай-ақ  асыл  тұқымды  малды  өсіру  бұл 

аудандарда  жүргізілмейді.  Барлық  басқа  қорықтар  мемлекеттің  қамқорлығында 

және бақылауында болады. 

Мемлекеттің  меншігі  орман  қорықтарына  ажыратылмайды.  Мемлекеттік 

орман  қорықтарын  мемлекет  заңға  сәйкес  басқарады  және  пайдаланады.  Бұл 

ормандар мерзімі әлдеқашан өтті деген желеумен жеке меншікке алына алмайды 

және қоғамдық пайдалану мүддесінен басқа мүлік меншігінен ажыратылмайды. 

Орман қорықтарына зиян келтіруі мүмкін әрекеттер мен актілерге тыйым 

салынады.  Орман  қорықтарының  жойылуына  әкеп  соғуы  мүмкін  ешбір  саяси 

насихатқа  орын  берілмеуі  тиіс;  орман  қорықтарына  қарсы  қылмысқа  қатысты 

ешбір  амнистия  немесе  кешірім  жариялана  алмайды.  Орман  қорықтарын 

әдейілеп  өртеу  немесе  бүлдіру  ниетімен  жасалған  қылмыстар,  сондай-ақ  орман 

қорықтары  аудандарын  қысқарту,  басқа  жағдайда  амнистия  немесе  кешірім 

қолдануы мүмкін жағдайлардың тізбесіне ене алмайды. 

Ғылыми-техникалық  тұрғыдан  пайдасыз  болып  есептелетін  орман 

қорықтарын  санамағанда,  орман  қорықтары  шекарасын  қиюға  тиым  салынады, 

керісінше,  ауыл  шаруашылығы  жеке  меншігіне  ауыстырылуы,  1981  жылғы  31 

желтоқсаннан  бастап  орман  шаруашылығы  үшін  толығымен  өзінің  маңызын 

жоғалтты деп саналған және қала, кент және ауыл шаруашылығының қарқынды 

құрылысы  жүріп  жатқан  аудандарда  жүзім  шарушылығы,  бау-бақша,  зәйтүн 



ағаштарын  отырғызу  орындарын  қоспағанда,  белгілі  бір  дәрежеде  пайдалы 

болып саналады. 



В. Орман қорықтары ауылдарындағы тұрғындарды қорғау 

170- 

БАП.  Мемлекет  пен  орман  қорықтарында  немесе  оның 

айналасындағы  ауылдардың  тұрғындары  арасындағы  ынтымақтастықты 

қамтамасыз  етуге,  орман  қорықтарын  бақылау  мен  пайдалануды,  олардың 

сақталуын  қамтамасыз  ету  үшін  қолданылатын  шаралар  онда  орналасқан 

тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында заңмен белгіленеді; 

заң  1981  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  ғылыми-техникалық 

тұрғысынан  орман  құндылығын  жоғалтқан  облыстардың  дамуын  реттейді; 

ғылыми-техникалық  тұрғыдан  орман  қорықтары  ретінде  сақталуы  пайдасыз 

болып есептелетін ормандар аудандарын табу және орман қорығы шекарасынан 

шығару,  орман  қорықтарындағы  ауыл  тұрғындарын  ауылдар  бойынша 

толығымен  немесе  жартылай  көшіріп,  қоныстандыру  мақсатында  мемлекеттің 

күшімен жоғарыда аталған аудандарды абаттандыру шаралары белгіленеді. 

Мемлекет  осы  тұрғындардың  ауыл  шаруашылығы  құрал-жабдықтарын 

сатып  алу  және  өзге  де  салымдарды  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етуі  үшін 

шаралар қабылдайды. 

Орман  қорықтарынан  шығарылған  ауыл  тұрғындарына  тиесілі  жер 

учаскелеріне  бірден  орман  ағаштары  отырғызылады  және  мемлекеттік  орман 

қорықтары құрылады. 



V. Кооперативтерге қолдау көрсету 

171-  БАП.  Мемлекет  ұлттық  және  экономикалық  мүдделерді  ескере 

отырып,  ең  алдымен,  өндірісті  ұлғайту  мен  тұтынушыларды  қорғауға  арналған 

кооперативтердің дамуын ілгерлету үшін шаралар қабылдайды. 

(Күшін жойған: 23/7/1995-4121/15 бап) 



VI. Тұтынушыларды, ұсақ саудагерлер мен қолөнершілерді қорғау 

A. Тұтынушыларды қорғау 

172-  БАП.  Мемлекет  тұтынушылардың  мүддесін  қорғау,  түсіндіру 

жұмысын  жүргізу  бойынша  шаралар  қабылдайды,  тұтынушылардың  өзін-өзі 

қорғау жөніндегі дербес қадамдарына қолдау көрсетеді. 

B. Ұсақ саудагерлер мен қолөнершілерді қорғау 

173-  БАП.  Мемлекет  ұсақ  саудагерлер  мен  қолөнершілерді  қорғау  және 

қолдау үшін шаралар қабылдайды. 

 

5- БӨЛІМ 

Түрлі ережелер 

I. Реформа туралы заңддарды қорғау 

174-  БАП.  Атазаңның  ешбір  ережесі  Атазаңға,  Түркия  Республикасының 

қазіргі  заманғы  өркениет  және  зайырлы  сипатын  сақтап  қалу  үшін  Түркия 

қоғамының қол жеткізуіне бағытталған төмендегі реформалар туралы заңдардың 

ережелерінің  жалпы  халықтық  дауыс  беру  кезінде  Атазаң  ережелеріне  қарсы 

келетіндей түсіндірілмеуі және қаралмауы тиіс:  

1) 1340 жылғы (1924 жылғы) 3 наурыздағы N430 «Білімді бірегейлендіру 

туралы» Заң; 


2) 1341 жылғы 25 қарашадағы (1925 жылғы) N671 «Бас киімдер туралы» 

Заң;  


3) 1341 жылғы (1925 жылғы) 30 қарашадағы N 677 «Дәруіштер ордендері 

мен  шырақшыларға  тыйым  салу,  дәруіштер  аты  жазылған  қорымдардағы 

бірқатар қарауылдарды жою туралы» Заңы; 

4) 1926 жылғы 17 ақпандағы N 743 «Мемлекеттік қызметшілердің некені 

тіркеу  туралы»  Азаматтық  хал  актілері  туралы  Заңның  ережесі  мен  аталған 

Заңның бабының ережесі

5)  1928  жылғы  20  мамырдағы  N1288  «Халықаралық  бірліктер  жүйесі 

туралы» Заңы; 

6)  1928  жылғы  1  қарашадағы  N1353  «Түрік  әліпбиін  қабылдау  және 

қолдану туралы» Заңы; 

7)  1934  жылғы  26  қарашадағы  N2590  «Эфенді»,  «бей»,  «паша»  секілді 

қаратпалар мен титулдарды жою туралы» Заңы; 

8) 1934 жылғы 3 желтоқсандағы N2596 «Кейбір киім түрлерін киіп жүруге 

жол берілмеу туралы» Заңы. 

 

6- БӨЛІМ 

Уақытша Ережелер 

1-  УАҚЫТША  БАП.  Осы  Атазаңды  референдумда  қабылдау  рәсіміне 

сәйкес,  Түркия  Республикасының  Атазаңын  жариялау  кезінде  Ұлттық 

қауіпсіздік  кеңесінің  төрағасы  мен  Мемлекет  басшысы  бір  тұлға  ретінде 

референдум  кезінде  Республика  Президенті  мәртебесіне  ие  болады  және 

Президенттің Атазаңмен белгіленген функциялары мен өкілеттіктерін жеті жыл 

бойына  жүзеге  асырады.  Оның  1980  жылы  18  қыркүйекте  қабылдаған  анты 

күшінде  қалады.  Республика  Президентінің  сайланған  мерзімі  біткеннен  кейін 

Атазаңның ережелеріне сәйкес сайлау өткізіледі. 

Республика Президенті сонымен  қатар  N  2356 Заңғы  сәйкес Түркия Ұлы 

Ұлттық  Мәжілісін  шақырғанға  және  бірінші  жалпыға  бірдей  сайлаудан  кейін 

Мәжіліс  Президиумын  құрғанға  дейін  1980  жылы  12  желтоқсанда  құрылған 

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 

Егер  әлдебір  себептерге  байланысты  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісін 

шақырғанға  және  оның  қызметі  басталғанға  дейін  Республика  Президентінің 

орны  бос  қалса,  Ұлттық  қауіпсіздік  кеңесінің  жасы  үлкен  мүшесі  Республика 

Президентін  ауыстырады  және  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  шақырылғанға 

және  Атазаң  ережелеріне  сәйкес  Республиканың  жаңа  Президентін  сайлағанға 

дейін оның барлық Атазаңдық функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асырады. 



2-  УАҚЫТША  БАП.  1980  жылғы  12  желтоқсандағы  N2356  Заңына 

сәйкес  құрылған  Ұлттық  қауіпсіздік  кеңесі,  өз  функцияларын  Атазаңдық 

құрылыс туралы N2324 Заңына және Құрылтай Мәжілісі туралы N2485 Заңына 

сай  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  шақырылғанға  дейін  және  Атазаңға  сәйкес 

дайындалып,  Саяси  партиялар  туралы  Заң  және  Сайлау  туралы  Заңға  сәйкес 

өткізілген  бірінші  жалпыға  бірдей  сайлау  өткен  соң  Мәжіліс  Президиумы 

құрылғанға дейін атқаратын болады. 


Атазаң  қабылданған  соң,  №2356  Заңның  қандай  да  бір  себеппен  Ұлттық 

қауіпсіздік  кеңесіндегі  босаған  орынды  ауыстыру  рәсіміне  қатысты  3-бабы 

қолданыламайды. 

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  шақырылып,  жұмысын  бастаған  соң, 

Ұлттық  қауіпсіздік  кеңесі  алты  жыл  мерзімге  Президенттік  Кеңес  болып 

аталады,  ал  Ұлттық  қауіпсіздік  кеңесінің  мүшелері  Президенттік  Кеңесінің 

мүшелері  мәртебесіне  ие  болады.  Олардың  Ұлттық  қауіпсіздік  кеңесінің 

мүшелері  ретінде  1980  жылғы  18  қыркүйекте  қабылдаған  анты  өз  күшінде 

қалады.  Президенттік  кеңесінің  мүшелері  Атазаңға  сәйкес  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісі  мүшесіне  берілетін  құқықтар  мен  иммунитеттерге  ие  болады. 

Президенттік кеңестің заңды жұмысы алты жыл өткен соң тоқтатылады. 

Президенттік кеңестің функциялары мынадай: 

а)  Атазаңда  көзделген  негізгі  құқықтар,  бостандықтар  мен  міндеттерге 

қатысты  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  қабылдаған  және  Республика 

Президентіне  ұсынылған  заңдарды  зерттеу,  лаицизм  принципі;  Ататүрік 

реформаларын,  ұлттық  қауіпсіздік  пен  теледидар  мен  радиоға,  халықаралық 

келісімдерге  қатысты  қоғамдық  тәртіпті  қорғау,  шет  мемлекеттерге  Қарулы 

Күштерін  жіберу  және  Түркияға  шетелдік  Қарулы  Күштерді  орналастыру; 

төтенше  жағдайлар,  әскери  жағдай  мен  соғыс  жағдайы  туралы  мәселелерді 

қарастыру,  сондай-ақ  Президенттің  тыйым  салуы  үшін  ұсынылан,  Республика 

Президенті зерделеу қажет деп тапқан заңдарды 15 күндік кезеңнің алғашқы 10 

күні ішінде зерттеу; 

b) Президенттің сұрау салуына сәйкес: 

белгіленген  мерзімде  жалпыға  бірдей  жаңа  сайлау  мәселесі  бойынша 

пікірлерді  жинақтау  және  қарастыру;  төтенше  ережелер  кезінде  қабылданатын 

төтенше  өкілеттіктер  мен  шараларды  қабылдау;  радио-  телевизииялық 

корпорацияны бақылау, жастарды тәрбиелеу және діни істерді жүргізу; 

c)  Республика  Президентінің  сұрау  салуына  сәйкес,  ішкі  және  сыртқы 

қамтамасыз ету мәселесін, сондай-ақ қажет деп табылатын басқа да мәселелерді 

қарастыру және зерделеу әрі нәтижелерін Республика Президентіне беру. 



3-  УАҚЫТША  БАП.  Атазаңға  сәйкес  бірінші  жалпыға  бірдей  сайлау 

өткен соң Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін шақыруға және Мәжіліс Президиумын 

құруға байланысты: 

a) Атазаңдық құрылыс туралы 1980 жылғы 27 қазандағы №2324 Заңы; 

b) Ұлттық қауіпсіздік кеңес туралы 1980 жылғы 12 желтоқсандағы №2356 

Заңы;  


c)  Құрылтай  Мәжілісі  туралы  1981  жылғы  29  маусымдағы  №2485  Заңы 

күшін  жояды  және  Ұлттық  қауіпсіздік  кеңесі  мен  Консультативтік  Мәжілісі 

жұмыс істеуін заңды түрде тоқтатады. 

4- УАҚЫТША БАП. Күшін жойған. 

5-  УАҚЫТША  БАП.  Жоғарғы  сайлау  комиссиясы  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісінің бірінші жалпыға бірдей сайлауының нәтижелерін жария еткен соң, 

10- күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Анкарда сағат 15.00-де өз бетімен дербес 

түрде  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  ғимаратына  жиналады.  Бұл  сессияға 

жасы үлкен депутат төрағалық етеді. Осы сессияда депутаттар ант қабылдайды. 


6- УАҚЫТША  БАП.  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі  осы Атазаңға сәйкес 

құрылғанға  дейін  және  Атазаңға  сай  сессияда  жаңа  Регламент  қабылданғанша, 

жұмысын  бастау,  жүргізу  және  жалғастыру  үшін  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісінің 1980 жылғы 12 қыркүйекке дейін қолданыста болған және Атазаңға 

қайшы келмейтін Регламент ережелері қолданылады. 

7- УАҚЫТША БАП. Қызмет орнындағы Министрлер кеңесі өз қызметтік 

міндеттерін  жалпыға  бірдей  сайлаудан  соң  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі 

шақырылғанға  және  жаңа  Министрлер  кеңесі  құрылғанға  дейін  атқаратын 

болады. 


8- УАҚЫТША БАП. Атазаңға сай белгіленген жаңа органдар, мекемелер 

және  өкілдіктерді  ұйымдастыру,  құзіреті,  міндеттемелер  мен  жұмыс  істеуге 

қатысты заңнамалар және қабылдануы немесе қолданылуы Атазаңмен көзделген 

заңнама,  Атазаң  қабылданған  соң,  Құрылтай  Мәжілісімен  қабылданады;  осы 

кезең  ішінде  қабылдануы  мүмкін  болмайтын  заңнама  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісінің бірінші сессиясынан соң бір жыл ішінде қабылданады. 



9-  УАҚЫТША  БАП.  Бірінші  жалпыға  бірдей  сайлаудан  соң  жиналатын 

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  Президиумы  құрылған  соң,  алты  жыл  ішінде 

Республиканың Президенті Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің қарауына одан әрі 

қарастыру  үшін  Мәжіліс  қабылдаған  кез келген  Атазаңдық  түзетулерді  қайтара 

алады.  Бұл  жағдайда  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің  Атазаңдық  түзетулер 

жобасын өзгертпестен, Республика Президентіне кері қайтаруы тек Түркия Ұлы 

Ұлттық Мәжілісінің мүшелері жалпы санының төрттен үшінің дауысын алғанда 

ғана мүмкін. 



10- УАҚЫТША БАП. Жергілікті билік органдарына сайлау Түркия Ұлы 

Ұлттық Мәжілісінің бірінші сессиясынан соң бір жыл ішінде өткізіледі. 



11-  УАҚЫТША  БАП.  Атазаң  референдумы  өткізілген  кезде  Атазаңдық 

сот  өзінің  қызметтік  міндеттерін  атқарған  кезде  негізгі  мүшелер  мен 

орынбасарлар  өз  қызметтерін  жалғастырып  және  функцияларын  атқара  береді. 

Бұрын Атазаңдық сотпен белігілі бір лауазымдарға сайланған адамдар осындай 

жолмен қол жеткізген мәртебесін сақтайды. 

Негізгі мүшелерінің саны он бірге дейін азаймайынша, Атазаңдық соттың 

негізгі  мүшелерінің  бос  орындарын  ауыстыру  мақсатында  ешқандай  сайлау 

өткізілмеуі  тиіс,  бұл  ретте  сайлаулар  негізгі  мүшелер  мен  орынбасарлардың 

жалпы  саны  -  он  бестен  аз  болмайынша,  орынбасарлардың  бос  орындарын 

ауыстыру мақсатында өткізілмеуі тиіс. Атазаңдық сот жаңа жүйеге көшпейінше, 

негізгі  мүшелері  он  бірден  азаюы,  ал  негізгі  мүшелер  мен  орынбасарлардың 

жалпы  саны  -  он  бестен  азаюы  салдарынан  болатын  сайлаулар  осы  Атазаңда 

белгіленген негізінде және сол тәртіппен өткізіледі. 

Атазаңдық соттың негізгі мүшелерінің саны 11-ге дейін қысқармайынша, 

1962  жылғы  22  сәуірдегі  №44  Заңмен  белгіленетін  кворум,  барлық  жағдайлар 

мен сот талқылауларын қарастырған кезде сақталуы тиіс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет