ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАЗАҢЫ
1
,
2
Қабылданды: 07.11.1982 №: 2709
КІРІСПЕ
(Өзгеріс: 23/7/1995-4121/1)1
Ұлтжандылық тұжырымдамасына, сондай-ақ Түркия Республикасының
негізін салушы, мәңгілік көшбасшысы және маңдайалды сардары Ататүрік
жариялаған нысандар мен принциптерге сәйкес, Түркия ұлты мен Отанының
мәңгі өмір сүретінін, сонымен қатар Түркия мемлекетінің ажырамас бірлігін
бекітетін осы Атазаң мыналарды:
Түркия Республикасының әлем халықтары отбасының тең құқылы,
лайықты мүшесі ретінде өмір сүруін, әл-ауқатын, сондай-ақ материалдық және
рухани игілігін, заманауи өркениет стандарттарының жетістіктерін тұрақты
түрде қорғау ниетін;
ұлт еркінің абсолютті ұлықтығын және егемендіктің Түркия ұлтына
толығымен және сөзсіз тиесілі екенін, сонымен қатар осы егемендікті ұлт атынан
жүзеге асыруға уәкілетті ешбір адам немесе ешбір орган оның талаптарына
сәйкес белгіленген либералдық демократия мен құқықтық құрылыс аясынан
шығуға тиіс емес екенін түсіну; бір мемлекеттік органның екіншісіне
бағынатынын емес,
Атазаң мен заңның ұлықтығы жағдайында функцияларды ынтымақтасып
әрі бөлініп атқаруды білдіретін, кейбір мемлекеттік өкілеттіктер мен міндеттерді
бөлу ғана болып табылатын биліктің бөліну принциптерін;
(Өзгеріс: 3/10/2001-4709/1) ешбір көзқарастар мен наным-сенімдердің
Түркияның ұлттық мүдделеріне, Түркия азаматтарының өз елімен және
аумағымен, Түркияның тарихи және рухани құндылықтарына немесе
Ататүріктің ұлтжандылығына, принциптеріне, реформалары мен өзгерістеріне,
сондай-ақ оны зайырлы мемлекеттің принциптері талап еткендей, мемлекеттік
істерге және саясатқа қарсы қойылмауға және киелі діни сезімдерге ешбір ықпал
етпеуге тиіс екенін мойындау;
Әрбір Түркия азаматының теңдік пен әлеуметтік әділдік талаптарына
сәйкес осы Атазаңда жазылған негізгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыру арқылы ұлттық мәдениет, өркениет және құқықтық құрылыс жағдайында
лайықты өмір сүруге және өзінің материалдық әрі рухани игіліктерін дамытуға
ешкім айыра алмайтын құқықтарын растау;
Ұлтқа ортақ қуаныш пен қайғы үшін, ұлттың өмір сүруіне қатысты
олардың құқықтары мен міндеттері, жетістіктері мен қиыншылықтары үшін
және ұлт өмірінің кез келген көріністерінде барлық Түркия азаматтарын ұлттық
ар-ождан мен намыс біріктіретінін мойындайды, олардың бір-бірінің құқықтары
мен бостандықтарын сөзсіз сақтауға негізделген бейбіт өмірді орнықтырады,
1
1 Осы Атазаң 1982 жылы он сегізінші қазанда халықтың дауысқа салу мақсатында қабылданды. 1982
жылдың жиырмасыншы қазанында №17844 заңға сәйкес Атазаң ресми хабаршыда жарияланды.1982
жылғы қазанда, жалпыхалықтық дауыс беруден кейін, №17863 заңға сәйкес, 1982 жылғы тоғызыншы
қарашада Атазаң ресми хабаршыда жарияланды.
2
Бул мәтіннін аудармасын
ТүркПА Халықаралық хатшылығы, Дурыстау және жаңартуларын ТҰҰМ
Сыртқы Байланыстар және Хаттама Бөлімі Аудармашысы Алмыла Хакім жасаған.
өзара сүйіспеншілік пенжолдастықты, сондай-ақ «Үйде тыныштық болса, әлемде
де тыныштық болады» деген принципке сенуді талап етуге құқылы.
ПІКІР, НАНЫМ ЖӘНЕ ШЕШІМІМЕН түсіну, сөзі мен рухына бул жөнде
курметпен сөзсіз адалдыкпен анғартып іске асыру үшін,
ТҮРІК ҰЛТЫ ТАРАПЫНАН демократияға гашык Түрік перзенттерінін
мемлекет және ұлт махаббатына тапсырылып беріледі.
1-БӨЛІМ
Жалпы принциптер
I. Мемлекет нысаны
1-БАП. Түркия мемлекеті - республика.
II. Республиканың сипаттамалары
2- БАП. Түркия Республикасы - құқық нормаларына негізделген;
қоғамның тыныштығы, ұлттық ынтымақтастық пен әділдік тұжырымдамасына
сүйенетін; адам құқықтарын құрметтейтін, Ататүріктің ұлтжандылық
мұраттарына адал және кіріспеде мазмұндалған принциптерге негізделген
демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет.
III. Мемлекеттің бүтіндігі, ресми тілі, туы, мемлекеттік әнұраны мен
астанасы
3- БАП. Түркия мемлекеті, оның аумағы мен ұлты - бірыңғай
ажыратылмас бүтін. Ресми тілі - Түрік тілі.
Нысаны арнайы заңмен белгіленген Туында қызыл фонға салынған ақ
жарты ай мен жулдыз бейнеленген.
Мемлекеттік әнұраны - «Тәуелсіздік маршы».
Астанасы - Анкара.
IV. Өзгермейтін ережелер
4- БАП. Атазаңның мемлекет нысанын Республика ретінде орнықтыратын
1-бабының ережесі, Республиканың сипаттамасы туралы 2-баптың ережесі және
3-баптың ережесі өзгертілмейді әрі оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге
болмайды.
V. Мемлекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттері
5- БАП. Мемлекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттері - Түркия ұлтының
тәуелсіздігі мен бүтіндігін, елдің, Республиканың және демократияның
бөлінбестігін қорғау; құқықтық нормаларды тануға негізделген әділдік пен
әлеуметтік мемлекеттің принциптерімен сыйыспайтын тәсілмен адамның негізгі
құқықтары мен бостандықтарын шектейтін саяси, экономикалық және
әлеуметтік кедергілерді жою үшін күресу; жеке тұлғаның материалдық әрі
рухани дамуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
VI. Егемендік
6- БАП. Егемендік ұлтқа толығымен және сөзсіз тиесілі. Түркия ұлты
егемендігін уәкілетті органдар арқылы Атазаңда белгіленген принциптерге
сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
Егемендікті жүзеге асыру құқығы қандай да бір жеке адамға, топқа немесе
тапқа тиісті болмауға тиіс.
Ешбір адам немесе орган Атазаңда көзделмеген қандай да бір мемлекеттік
функцияларды жүзеге асыра алмайды.
VII. Заң шығарушы билік
7- БАП. Түркия ұлты атынан заң шығарушы билік Түркия Ұлы Ұлттық
Мәжілісіне тиесілі. Бұл билік берілмейді.
VIII. Атқарушы билік және өкілеттіктер
8- БАП. Атқарушы билік пен өкілеттіктер Атазаң мен заңдарға сәйкес
Республика Президенті мен Министрлер кеңесіне беріледі және олар жүзеге
асырады.
IX. Сот билігі
9- БАП. Сот билігін Түркия ұлтының атынан тәуелсіз соттар жүзеге
асырады.
X. Заң алдындағы теңдік
10- БАП. Тіліне, нәсіліне, дүниетанымына, жынысына, саяси бағытына,
философиялық көзқарастарына, дініне және сеніміне, т.б. қарамастан, барлығы
заң алдында тең.
(Қосымша тармақ: 7/5/2004-5170/1) Ерлер мен әйелдердің құқықтары тең.
Мемлекет осы теңдікті жүзеге асыруға өкілетті. Осы мақсатта алынған
шараларды қалай болғанда да теңдік принципіне қарсы түсіндіруге болмайды.
(Қосымша тармақ: 12/9/2010-5982/1) Балаларға, егде адамдарға, іс-
әрекетке қабілетсіз деп танылғандарға, соғыста, сондай-ақ қызметтік міндеттерін
орындау барысында қаза тапқан батырлардың әйелдері мен балаларына, және
ардагерлерге ұсынылған жағдайлар ешбір тең құқылықты бұзу болып
саналмайды.
Қандай да бір адамға, отбасына, топқа немесе тапқа ешбір артықшылық
берілуі мүмкін емес.
Мемлекеттік органдар мен әкімшілік билік өз өкілеттіктерін жүзеге асыру
барысында заң алдындағы тең құқылық принципіне сәйкес әрекет етуге тиіс.
3
XI. Атазаңның ұлықтығы және міндетті күші
11- БАП. Атазаңның ережелері заң шығарушы, атқарушы және сот
органдары, сондай-ақ әкімшілік сатылар мен басқа ұйымдар және тұлғалар үшін
міндетті негізін салушы құқықтық нормалар болып табылады.
Заңдар Атазаңға қайшы келмеуге тиіс.
2-БӨЛІМ
Негізгі құқықтар мен міндеттер
1-БӨЛІК
Жалпы ережелер
I. Негізгі құқықтар мен бостандықтардың мәні
12- БАП. Әркім өзіне тән қол сұғылмайтын, айыруға болмайтын және
ажыратылмайтын негізгі құқықтар мен міндеттерге ие болып табылады.
Азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары деп сондай-ақ оның
қоғамның, отбасының және басқа да адамдардың алдындағы міндеттері мен
жауапкершілігін түсінуге болады.
II. Негізгі құқықтар мен бостандықтарды шектеу
13- БАП. (Өзгеріс: 3/10/2001-4709/2)
Негізгі құқықтар мен бостандықтар Атазаңға сәйкес, олардың мәнін
қозғамай- ақ Атазаңның тиісті баптарында көрсетілген белгілі бір себептер
бойынша заңмен шектелуі мүмкін. Бұл шектеулер Атазаңның дәлме-дәл мәні
мен маңызына, зайырлы мемлекеттің демократиялық құрылысына және
орындылық принциптеріне қайшы келе алмайды.
3
9 Ақпан 2008 жылы 5735 нөмірді заңнын 1. Бабымен бул тармақка «бүткіл жумыстарында»
айтылымынан кейін «және әр түрлі мемлекеттік қызметтерден пайдалануында» айтылымы косылган
бырақ Атазаң Сотынын 5 Маусым 2008 жылы Е: 2008/16, К: 2008/116 нөмірді шешімі мен жойылган.
(Р.Г.:22/10/2008, 27032)
III. Негізгі құқықтар мен бостандықтарды асыра пайдалануға тыйым
салу
14- БАП. (Өзгеріс: 3/10/2001-4709/3)
Атазаңда белгіленген ешқандай құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің
бөлінбес аумақтық және ұлттық тұтастығын бұзу, демократиялық, зайырлы
республиканы жою мақсатында жүзеге асырылмауы керек.
Осы Атазаңның бірде-бір ережесі құқықтар мен бостандықтарды бұзуға
құқық беретін немесе Атазаңда белгіленгеннен артық шектеуге итермелейтін
тәсілмен түсіндірілмеуі қажет.
Бұл тыйымдарды бұзатын адамдарға қарсы қолданылуы қажет санкциялар
заңмен белгіленеді.
IV. Негізгі құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруды тоқтата
тұру
15- БАП. Соғыс уақытында, мобилизация кезінде, әскери және төтенше
жағдайларда негізгі құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру ішінара немесе
толықтай тоқтатыла тұруы немесе халықаралық құқықтардан туындайтын
міндеттемелер бұзылмайтын талаппен Атазаңда белгіленген кепілдіктерді
кемітетін белгілі бір жағдайларда шаралар қолданылуы мүмкін.
(Өзгеріс: 7/5/2004-5170/2) Тіпті 1-бөлімде сипатталған жағдайлардың
өзінде әскери уақыт заңына сәйкес болатын өлімді және өлім жазасы белгіленген
үкімдерді орындау кезін қоспағанда, адамның өмір сүру құқығына, жеке
адамның материалдық және рухани игілігіне қол сұғыла алмайды; ешкімді де
дінге деген өзінің қарым-қатынасын көрсетуге, ойын білдіруге немесе сендіру
арқылы әрекеттерді мәжбүрлі түрде істетуге болмайды және олар діни
көзқарастарына бола айыптала алмайды; құқық бұзушылық пен санкциялардың
кері күші болмайды, осыған сәйкес ешкім де істеген әрекеттері сот шешімімен
дәлелденбейінше, кінәлі болып табылмайды.
V. Шетелдіктердің мәртебесі
16- БАП. Шетелдіктердің негізгі құқықтары мен бостандықтары
халықаралық құқықтар негізінде заңға сәйкес шектелуі мүмкін.
2 -БӨЛІК
Жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттері
I. Жеке тұлғаның өміріне, оның материалдық және рухани игілігіне
қол сұғылмаушылық
17- БАП. Әркімнің өмір сүруге және өмірін қорғауына, сонымен қатар
өзінің материалдық және рухани дүниесін жақсартуға құқығы бар.
Медициналық қажеттілік пен заңда көрсетілген жағдайларға байланысты
болмаса, жеке тұлғаның дене бітіміне нұқсан келтірілмеуі керек; жеке тұлғаның
келісімінсіз оған ғылыми және медициналық тәжірибелер жасалмауға тиіс.
Ешкімге де жәбір-жапа көрсетілмеуі керек немесе оған дөрекі қарым-
қатынас жасалмауы тиіс; ешкімді адамгершілік ар-намысына тиетін сөздермен
балағаттауға немесе жазалауға болмайды.
(Өзгеріс: 7/5/2004-5170/3) Өзін-өзі қорғау кезінде өліп кеткен, заңды түрде
тұтқындалған немесе сотталған адамдарды ұстау, қамау, олардың қашып
кетуінің алдын алу сияқты қажетті шараларда заңмен рұқсат етілгеніндей қару
қолдану нәтижесінде болған қазада, жасалған тәртіпсіздіктерді немесе
көтерілістерді басу, сондай-ақ әскери немесе төтенше жағдайлар кезінде
уәкілетті органдардың шығарған өкімдерін орындау секілді жағдайлар 1-
бөлімнің ережелерін қолдану салаларынан тыс болып табылады.
II. Мәжбүрлеп еңбек еткізуге тыйым салу
18- БАП. Ешкімді еңбек етуге мәжбүрлеуге болмайды. Ақы төленбейтін
мәжбүрлі еңбекке тыйым салынады.
Қамауда болған немесе тұтқындалған кезеңдегі мәжбүрлі жұмыстар,
азаматтардан төтенше жағдайлар кезінде талап етілетін жұмыстар, елдің
қажеттілігі азаматтық борышты міндетті түрде атқаруды талап ететін дене және
зияткерлік жұмыстар егер осындай еңбек түрлері нысаны мен шарты бойынша
заңда белгіленетін болса, мәжбүрлі еңбек деп есептелмейді.
III. Жеке бастың бостандығы мен қауіпсіздігі
19- БАП. Әркімнің бас бостандығы мен жеке өміріне қол сұғылмауына
құқығы бар.
Ешкім де заңда көзделген рәсімдер мен талаптардан басқа жағдайларда;
атап айтқанда, бас бостандығын және қауіпсіздік шараларын атқаруды
шектейтін сот шешімдерінің орындалу жағдайларынан; тұлғаларды сот
шешіміне немесе заңда қарастырылған талаптарға сәйкес тұтқындау немесе
ұстау жағдайларында; қадағалауда болған немесе құзырлы органдарға
жеткізілген кәмелетке толмағандарды қайта тәрбиелеуге бағытталған
шешімдерді орындайтын жағдайлардан; есі ауысқандарға, маскүнемдерге немесе
нашақорларға арналған арнаулы мекемелерде емделіп жатқан, білім алып немесе
қайта тәрбиелеуден өтіп жатқандардың заңды ережелерге сәйкес қабылданған
шараларды жүзеге асыратын жағдайлардан, сонымен бірге қаңғыбастар мен
қоғамға қауіпті жұқпалы ауру таратушы тұлғаларға; елге өткісі немесе заңсыз
өтуге тырысқан тұлғаларды ұстау немесе тұтқындау немесе елден шығарып
жіберуге шешім қабылданған тұлғаларға қатысты жағдайлардан басқа
жағдайларда, бас бостандығынан айырыла алмайды.
Қылмыс жасады деп кінә тағылған маңызды негіздемесі бар тұлғалар
олардың қашып кетуінің немесе жоюдың алдын алу мақсатында, сонымен қатар
айғақтарды бұрмалау не заңда көрсетілген жағдаяттар кезінде тұтқындау қажет
деп табылған басқа да соған ұқсас жағдайларда тек қана сот шешімімен
тұтқындалулары мүмкін. Жеке тұлға қылмыс жасалған жерде ұсталған немесе
оны тұтқындауды кешіктіру салдарынан нәтижесі қауіпті зардаптарға әкелетін
жағдайларда ғана сот шешімінсіз тұтқындалуы мүмкін; мұндай әрекеттерді
қолдану талабы заңға сәйкес белгіленеді.
Тұтқындалған немесе ұсталған тұлға барлық жағдайларда кешіктірмей
жазбаша түрде, ал егер жазбаша хабарлау мүмкін болмаса, онда қылмыскерді
ұстау немесе тұтқындаудың және оған қарсы тағылған айыптаулардың негізі
туралы ауызша хабарлануы тиіс; топпен жасалған қылмыс жағдайында оларды
сотқа таныстырғанға дейін хабарлау керек.
(Өзгеріс: 3/10/2001-4709/4) Тұтқындалған немесе ұсталған тұлға сотқа
қырық сегіз сағат ішінде, ал топпен жасалған қылмыс жағдайында олардың
сотқа келгенге дейінгі кеткен уақытын қоспағанда, төрт күн ішінде берілуі керек.
Ешкім де жоғарыда көрсетілген мерзім өтпейінше, сот шешімінсіз бас
бостандығынан айырыла алмайды.Бұл мерзімдер төтенше немесе әскери
жағдайларда, сонымен бірге әскери іс-қимылдар кезеңінде ұзартылуы мүмкін.
(Өзгеріс: 3/10/2001-4709/4) Тұтқындалған немесе ұсталған тұлғаның
жақын туыстарына ол туралы хабарлануы керек.
Ұсталған тұлғалардың белгіленген мерзімдерде жауап алу өткізуді немесе
алдын ала немесе сотта тергеу кезінде босатуды талап етуге құқығы бар. Босату
сотта істі қарауда және сот шешімін орындауда тұлғалардың қатысуын
қамтамасыз ететін тиісті кепілдіктердің берілуі арқылы шартты түрде болуы
мүмкін.
Бас бостандығынан айырылған тұлғалардың кез келген жағдайда өзіне
қатысты сотта істі қарауды тездетуді немесе ол заңсыз ұсталған жағдайда
босатуды талап етіп, тиісті сот сатыларына жүгінуге құқығы бар.
(Өзгеріс: 3/10/2001-4709/4) Жоғарыда көрсетілген ережелер бұзылып,
залал келтірілген тұлғаға мемлекет шыгынының есесін төлеу қуқығына сәйкес
өтемақы төлейді.
IV. Жеке өмір құпиясы және оны қорғау
A. Жеке өмір құпиясы
20- БАП. Әркімнің жеке және отбасылық өмірінің құпияларын сақтауға
құқығы бар. Жеке және отбасылық өмірдің құпиялары өзге тараптан бұзыла
алмайды. (Жойылған сөйлем: 3/10/2001-4709/5)
(Өзгеріс: 3/10/2001-4709/5) Заңда қарастырылған және соттың қабылдаған
тиісті шешімі болған жағдайда, сонымен бірге істі қарауды кешіктіруге
болмайтын және уәкілетті заң сатыларының нұсқаулары болған кезде ешкімге де
ұлттық қауіпсіздікке, қоғамдық құқықтық тәртіпке, адамдардың қоғамдағы өмірі
мен денсаулықтарына қауіп төндіретін жағдайлардан басқа тінту жүргізілмеуі
керек, ешкімнің де жеке қағаздары мен заттары тексеріліп және алынып қойыла
алмайды.
(Өзгеріс: 12/9/2010-5982/2) Әркімнің жеке мәліметтерін қорғауды талап
етуге құқығы бар. Бұл құқық жеке мәліметтерді пайдалану туралы барлық
ақпаратты алу, оған қол жеткізу, оған өзгерістер енгізуді немесе ақпаратты
жоюды талап ету, сонымен қатар жеке мәліметтерді пайдаланудың
мақсаттылығы туралы ақпарат алу құқығынан тұрады. Жеке мәліметтерге
өзгертулер енгізу заң шеңберінде немесе азаматтың жеке бастамасы бойынша
жүзеге асырылады. Жеке мәліметтерді қорғаудың негізі мен рәсімі заңмен
реттеледі.
B. Тұрғын үйге қол сұқпау
21- БАП. (Өзгеріс: 3/10/2001-4709/6)
Әрбір адамның тұрғын үйіне қол сұғылмайды. Заңда қарастырылған және
соттың қабылдаған тиісті шешімі болған жағдайда, сонымен бірге істі қарауды
кешіктіруге болмайтын және уәкілетті заң сатыларының нұсқаулары болған
кезде ұлттық қауіпсіздікке, қоғамдық құқықтық тәртіпке, адамдардың қоғамдағы
өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіретін жағдайлардан басқа, ешкімнің де
тұрғын үйіне кіруге, тінту жүргізуге немесе ондағы мүліктерге тыйым салуға
болмайды. Уәкілетті заң сатыларының нұсқаулары жиырма төрт сағаттың ішінде
сотқа берілуі керек. Судья тұтқындалғаннан немесе мүлікке тыйым салынғаннан
кейінгі қырық сегіз сағат ішінде өз шешімін жариялауға міндетті. Өйтпеген
жағдайда тұтқындау немесе мүлікке тыйым салу туралы шешім автоматты түрде
жойылады.
C. Хабарламалар жасауға берілетін еркіндік
22- БАП. (Өзгеріс: 3/10/2001-4709/7)
Хабарламалар
жасау
бостандығына
әркімнің
құқығы
болады.
Хабарламалардың құпиясы - негізгі қағидат.
Заңда қарастырылған және соттың қабылдаған тиісті шешімі болған
жағдайда, сонымен бірге істі қарауды кешіктіруге болмайтын және уәкілетті заң
сатыларының нұсқаулары болған кезде ұлттық қауіпсіздікке, қоғамдық
құқықтық тәртіпке, адамдардың қоғамдағы өмірі мен денсаулықтарына қауіп
төндіретін жағдайлардан басқа кездерде хабарламалардың құпиясына кедергі
келтіріле және құпиялылығы бұзыла алмайды. Судья тұтқындалғаннан немесе
мүлікке тыйым салынғаннан кейінгі қырық сегіз сағат ішінде өз шешімін
жариялауға міндетті. Өйтпеген жағдайда тұтқындау немесе мүлікке тыйым салу
туралы шешім автоматты түрде жойылады.
Қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің осы ережелерді орындауға қатысты
айрықша құқықтары заңмен белгіленеді.
V. Тұрғылықты жерді таңдауға және орын ауыстырып көшуге
берілетін еркіндік
23- БАП. Әркімнің тұрғылықты жерін таңдауына және орын ауыстырып
көшуіне құқығы бар.
Тұрғылықты жерді таңдауға заңға сәйкес құқық бұзушылықтың алдын
алу, әлеуметтік және экономикалық даму, қалаға шоғырлануды заңды әрі
ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті қорғау мақсатында
шектеу қойылуы мүмкін;
орын ауыстырып көшуге құқық бұзушылықтарды сотта қарау, сонымен
бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шектеу қойылуы мүмкін.
(Өзгеріс: 3/10/2001-4709/8-бап; Өзгеріс: 12/9/2010-5982/3) Азаматтың
шетелге шығу еркіндігіне оның қылмыстық іздеуде болуына, сонымен бірге сот
қудалауына байланысты шектеу қойылуы мүмкін.
Азаматтар елден қуылып немесе отанына қайтып оралу құқығынан
айырыла алмайды.
VI. Дін және ар-ұждан бостандығы
24- БАП. Әркімнің ар-ұждан, дінді ұстауы мен діни наным-сенім
бостандығына құқығы болады.
Құдайға құлшылық ету, діни салт-дәстүрлер 14-баптың ережелерін
бұзбайтын талаппен еркін өткізілуі керек.
Ешкім де мәжбүрлі түрде діни ғибадаттарға жіберілуге немесе діни
рәсімдер мен салт-дәстүрлерге қатысуға, өздерінің діни наным-сенімдерін
білдіруге және өздерінің діни наным-сенімдері үшін айыпталуға немесе
сотталуға тиісті емес.
Дін мен әдепке тәрбиелеу және оқыту мемлекеттің бақылап
қадағалауымен жүзеге асырылады. Діни мәдениет пен әдепке үйрету бастауыш
және орта мектептердің оқу жоспарларының міндетті элементі болып табылады.
Басқа қандай да бір діни тәрбие мен білім алу тұлғаның жеке қалауына, ал
кәмелетке толмағандар үшін олардың заңды өкілдерінің талаптарына
байланысты болады.
Ешкімге де дінді немесе діни сезімдерін, сондай-ақ жеке немесе саяси
ықпалын немесе мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси және құқықтық
құрылысының басты тіреуін діни қағидаттар негізінде ішінара болса да,
негіздеуді қамтамасыз етуге арналған киелі деп танылған заттарды пайдалануға
немесе асыра пайдалануға рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |