«Осы хат арқылы Әлiмхан Ермековтiң Мұхтар Әуезовтiң атына жолдаған құжаттары мен оның фотокөшiрмелерiн жолдап отырмыз»,– деп түсiнiктеме берген.
ОГПУ-дiң бұл түсiнiктемесi Ташкент қаласынан жолданып отыр. Демек, зерттеушiлердiң назарына ұсына кететiн жай, бiз ұшығына жете алмай жүрген не iз-түссiз жоғалып кеткен қолжазбалар мен құжаттардың түпнұсқасын Ташкенттен iздеу керектiгi.
Өйткені тергеу ісіндегі айғақтар да, мұрағат деректері де, эпистолярлық жазбалар да бұл екеуінің жиі байланысып тұрғанын дәлелдейді. Бұл тұста Смағұл Сәдуақасовпен ерекше достық ниетте болып, оны рухани үлкен тiрегi ретiнде бағалады. Смағұл да оған барынша құшағын кең жайып, қалтқысыз достық ниетiн танытты. Олар – өмiр қыспағында сыннан өткен жұп едi. Сондықтан да Мұхтардың бұл қысылтаяң кезде қандай саяси бағытты ұстағаны өзiнен-өзi түсiнiктi. Мұхтардың өмiрiндегi Смағұл Сәдуақасовтың қандай орын алатындығы оған жолданған төмендегi хаттың мазмұнынан анық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |