Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«ОГПУ-дiң коллегиясына қазақ ұлтшылдарының қылмысты iсi бойынша тұтқынға алынған Мұхтар Әуезовтiң мәлімдемесі



бет19/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   273
«ОГПУ-дiң коллегиясына қазақ ұлтшылдарының қылмысты iсi бойынша тұтқынға алынған Мұхтар Әуезовтiң мәлімдемесі.

Айыптау статьялары қайтадан өзгертiлiп (переквалификация статей) көрсетiлген соңғы жолғы маған тағылған кiнә бойынша, мен: 1) ұлтшыл Байтұрсынов пен Бөкейхановтың тiкелей нұсқауымен кеңес мекемелерi арқылы аты аталған адамдар жетекшiлiк ететiн контрреволюциялық астыртын ұйымның тапсырмасын жүзеге асыру үшiн қаскүнемдiк мақсатпен БК(б)П-ның қатарына өтiппiн».

Әлкей Марғұлан: «Мұхтар «Алаш» партиясының ешқандай қызметіне сайланбаған. Бұрын-соңды басынан кешкен көп тексерісте соның бірі дәлелденбеді, айғақ табылмады. Оның барлығы жай долбар, топшылау. Студент кезімізде әр түрлі жиналысқа қатыстық. Бірақ, шығып сөз сөйлегеміз жоқ. Кеңес өкіметі орнасымен Мұхтар төңкеріс жолына қызмет етті. Дутов пен Анненковтың бандаларының бүлігін басуға жетекшілік етті. 1921-22 жылы Қарқаралыда бас көтеріп жетпіс сегіз адамды азаптап өлтірген полковник Токаревтің қанқұйлы әрекетіне тойтарыс берген отрядты алып барған Мұхтар болатын. Ол, әншейін, Мұхтардың творчествосын түсінбеген, көзқарасын теріске жатқызған, «Кеңес ісін – кеңес тұсында оқығандар ғана шешсін, бұрынғы оқығандарға сенім жоқ. Салт-санасы уланған»,– деген даурықпалардың қауесеті»,– деп жауап берді.

Өзге-өзге, Әлкей Марғұланның бұл сөзіне сенбеу мүмкін емес. Сондықтан да, «басқарма» атынан берілген әр түрлі «атақтар» уақыттың өзі көрсеткеніндей, тарихтың әділ бағалағанындай негізсіз байбалам болып қала берді.

Осы ретте Ә.Марғұланның жауабынына соңғы пікіріне айғақ ретінде жиналған қосымша мәліметтерді қыстыра кетуді жөн көрдік. Өйткені М.Әуезов: партия қатарына губкомның ұсынысы арқылы өткендігіне қанша сендірсе де, оның бұл уәжі жай сылтау есебінде қабылданды. Өмір бойы бетіне шіркеу ретінде басылған осы мәселе қашан көз жұмғанша жанын жегідей жеп, әр кез алдынан шығып отырды. Арада жеті жыл өткен соң өзінің сенімді досының бірі Ораз Жандосов 1937 жылы 20-қыркүйекте қауіпсіздік комитетінің тергеушілері лейтенант Бернер мен сержант (!) Калининге берген жауабында:



«Мен мүше болып кірген кеңес өкіметіне қарсы құрылған қазақ ұлтшылдарының ұйымы өзінің алдына: Қазақстандағы кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлатуды; Қазақстанның СССР-ден бөлініп кетуіне қол жеткізуді; сөйтіп капитализмді қайтадан орнатуды; тәуелсіз қазақ буржуазиялық мемлекетін құруды мақсат етіп қойды... Әлихан Бөкейханов кеңес өкіметіне бейімделу бағдарламасын ұсынды. Кеңес өкіметіне қарсы ұлттық мамандардың билік басында қалып, қастандық әрекеттерін ұйымдастыру үшін өзінің пікірлестеріне: партия мен кеңес өкіметінің мекемелеріне сіңіп кету туралы тікелей нұсқау берді. Ә.Бөкейхановтың тікелей нұсқауымен М.Әуезовтің, Ә.Лекеровтің, С.Сәдуақасовтың, Жаманмұрыновтың және басқалардың партияға кіргені маған белгілі. Сонымен қатар, Ә.Бөкейхановтың: Қазақстанда социализм құрылымын орнату мүмкін емес, – деген теориясын ұлтшыл топтардың барлық мүшелері мойындайтын»,– деп тағы да бір атап өтті.

Демек, бұл қауесетті кеңес сұрқылтайлары «социализм жеңіске жеткен дәуірде» де ұмытпаған.

Жауап берудің кезегі тағы да Ә.Байділдинге келген. Келесі айыптауға «Қаламның» мына сүйкетпесі себеп болған.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Бұдан кейін бәрімізді сынақтан өткізген өте қиын жағдайға тап болдық. Қазақстанның біраз губернияларында (Орал, Торғай, Қостанай, Ақмола т.б.) ашаршылық басталды. Партия мен үкімет мекемелері бұл мәселеге тиісті көңіл бөлді. Бірақ та бұл мәселеге «Алашордашылар» мен ұлттық интеллигенция қатты назар аударды. Барлық жерде аштарға көмек ұйымын құру туралы сөз қозғала бастады. Семейдегі Жүсіпбек Аймауытов басқаратын «Қазақ тілі» бұл мәселені бірінші болып көтерді. Сонымен қатарласа Ташкенттегі Қожанов пен Бірімжанов басқарып отырған «Ақ жол» газеті де даурыға айғайлап, оны науқанға айналдырып жіберді. Ташкентте оқып жүрген К.Жәленов, Ғ.Тоғжанов, С.Капин, У.Омаров, Д.Әділев т.б. бастатқан қазақстандық студенттер үлкен шу көтерді. Орынборда да бұл мәселе жөнінде сөз шыға бастады.



Бұл iстiң де бастамашысы Әуезов болғаны тегiн емес. Ол (1921 жылдың желтоқсанында ғой деймiн) Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң атынан қазақ қызметкерлерiнiң (партия мүшелерiн де, партияда жоқтарын да) үлкен мәжiлiсiн шақырды, оған үкiмет мүшелерiмен қоса жекелеген еуропалық жауапты қызметкерлер де қатысты, ашаршылық туралы мәселенi талқылауды күн тәртiбiне қойды. Мәселенi талқылау барысында бұл мәжiлiс: аштарға көмек көрсетудi дереу қолға алу керек, ол үшiн Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң жанынан аштарға көмек көрсету комиссиясы құрылсын – деген шешiм қабылдады. Бұл комиссияның құрамын бекiту кезiнде әдеттегiдей жiкшiлдiк ұсыныстар жасалды. Әр топ (меңдешевшiлер, сәдуақасовшылар, Асылбековтiң өкiлдiгiмен айқындалатын сейфуллиншiлер, алашордашылар) өз адамдарын кiргiзуге ұмтылды. Соның iшiнде өте тосын: комиссияның төрағалығына Ахмет Байтұрсынов сайланып, партияда жоқ көрнектi адамдар оның құрамына мүше боп кірсін – деген ұсыныс (ұмытпасам Әуезов) түсiрдi. Ол бұл пiкiрiн: коммунистерге қарағанда олардың (алашордашылардың) қазақ тұрғындары арасындағы беделi зор, сондықтан да комиссияның жұмысы жемiстi болады – деп дәлелдемек болды. Бұл ұсыныс iшiнара ғана қабылданды. Меңдешев төраға, Байтұрсынов пен Әуезов төрағаның орынбасары болып сайланған бұл комиссияның мүшелiгiне сол кездегi жауапты қызметкерлердiң көпшiлiгi сайланды. Сонымен мәжіліс аяқталды».

Халықтың басындағы қасіретті сейілтуге жанталаса ұмтылу да қылмыс болып па? Егер Ахмет Байтұрсыновтың үндеуі мың адамды емес, бір сәбиді аштан құтқаруға септігін тигізсе, соның өзі кеңес өкіметіне сауап емес пе? «Қазақ тұрғындарының арасында коммунистерге қарағанда алашордашылардың беделi зор, сондықтан да комиссияның жұмысы жемiстi болуы үшін» оларды қызметке тартуы да қылмыс па? Өкінішке орай, қылмыс екен.

С.Меңдешев: «Аштарға көмек комиссиясының» жұмысын кеңес өкіметін құлатуға пайдалану үшін және аштыққа ұшыраған тұрғындарды астыртын ұйымға тарту үшін Әуезов Мұхтар мен Ахмет Байтұрсынов Қазақстанның түкпiр-түкпiрiне үндеу жолдады. Ал Ж.Аймауытов «Алашордашылардың» туыстарына мал таратып беру үшін «Аштарға көмек көрсететін» комиссияның мүшелiгiне қасақана кірген»

Қазақ халқының мүддесін қорғауға тиісті шешуші сәтте Өлкелік партия ұйымының хатшысы Меңдешев ымырашылдық танытты. Бұдан кейінгі Орал, Торғай облысының қазақтары аштан қырылып жатқандығы туралы мәжілісте де шара қолданудың орнына «Алашорданы» әшкерелеп, оған Смағұл Сәдуақасовты теліп, Байтұрсыновты биліктен шеттетуді талап етумен шектелген. Екі жиналыста да Меңдешев қазақ халқының тәуелсіздік күресін «коммунист-колонизаторлармен» ымыраластыруға тырысқан. Соңғы жолы, ашаршылыққа қарсы комиссия құруға қарсы болған. Байтұрсынов табандап тұрып алған соң оның қазақ халқына арнап жазған Үндеуін шығартпай, комиссияға өзі төрағалық етуге мәжбүр болған. Ел-елді аралаған адамдардың соңына тыңшыны қосып жіберген.

С.Меңдешев пен Ә.Байділдиннің пайымдауынша:

М.Әуезов (жалғасы): «Сол мақсатпен отарлаушыларға қарсы күрестi желеу етiп өзiне пайдалы адамдарды кеңес мекемелерiне қызметке орналастырған», болып шықты.

Сонда, олар қазақ мемлекетінде тұрып қазақ мекемесінде істемегенде қайда істейді, қалай жан бағып, қайтіп күн көреді? Екіншіден, «оқу-ағарту мен ғылым саласына еңбек сіңірмесе» (Ә.Бөкейханов) «өзге жол жабық болатын». Сондай-ақ бұл тұста «жергілікті маманды тарту» (коренизация) науқаны жүріп жатқан. Кілтипанның басы осында және…

М.Әуезов (жалғасы): «Сондай-ақ Байтұрсынов, Сәдуақасав, Досов және тағы басқалар дайындаған бағдарламаны 12 партсъезде өткiзiп жiберу үшiн мен Бүкiлқазақстандық ІІ кеңес құрылтайына жиналған барлық қазақ өкiлдерiнiң басын қосып, мәжiлiс өткiзiппiн».

Бұл өзге емес Ф.И.Голощекиннің өзінің:

«Партияның 12-съезiн өз мүдделерiн жүзеге асыру үшiн Бөкейханов, Байтұрсынов, Сәдуақасов Смағұл, Досов қол қойған «Ұлттық-мәдени автономияны» талап еткен Үндеу таратты»,– деген көпірме сөзінің негізінде тағылған айып болатын.

Сондықтан да оны өзгерту ешкімнің қолынан келмейтін.

М.Әуезов (жалғасы): «Бұл сұрақтардың барлығына орай мынаны мәлiмдеймiн: бұрынғы түсiнiктерiмде iшiнара атап өткенiмдей, менiң партия қатарына кiруiм туралы жоғарыдағы тағылған айып ешқандай шындыққа сай келмейдi, өйткенi менiң қоғамдық қызметiмнiң өзi партия қатарына өткеннен кейiн басталды деп есептеймiн. Өткен өмiрiмде iс жүзiнде де, идея жүзiнде де «Алашордамен» байланыс жасағаным жоқ, оның ешқандай мекемесiнде қызмет те iстегемiн жоқ. Жас болдым, бiлiм алдым. Керiсiнше, 1919 жылдың қараша айынан бастап қана Колчакқа қарсы астыртын ұйымның жұмысына араластым. Семей қаласындағы кеңестiк төңкерiс жүзеге асқан алғашқы күннен бастап мекеме жұмысын жөнге қоюға, кеңес өкiметiнiң мүддесi үшiн Семей қаласының оқушы қазақ жастары мен жұмысшыларын төңкерiс iсiне тартуға құлшына кiрiстiм».

1917 жылдың 5-13 желтоқсанынан бастап 1920 жылдың 9-наурызына дейін тәуелсіз өмір сүрген «Алашорда» үкіметі таратылғаннан кейін Ә.Ермеков, Д.Төленов Семей губревкомның құрамына кірді. Ал Ж.Аймауытов, М.Тұрғанбаев, А.Шикібаев, М.Әуезов губкомның бұратана халықтар бөліміне қызметке бекітілген болатын. Шындығында да, Мұхтар Әуезов 1919 жылы 1-желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнаған күннен бастап губерниялық комитеттің жергілікті ұлт жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, кейін губерниялық комитеттің меңгерушісі, төрағасы, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болған Мұхтар Әуезов ешқашан да төңкеріс жолына қарумен қарсы шыққан емес. Керісінше, Қарқаралыдағы ақгвардияшылардың бүлігін басуға төтенше комиссияның мүшесі ретінде аттанды. Оған Семей губревкомының 1920-жылғы 24-қаңтар күні берілген:

«Бұл мандаттың иесі Мұхтар Омарханұлы Әуезов жолдас, губревкомньң шешімімен контрреволюцияға, алыпсатарлыққа, тағы басқа да қылмысты әрекеттерге қарсы күресу үшін құрылған Семейдегі Төтенше комиссияның (ЧК-ның -Т. Ж) мүшелігіне тағайындалды, сол үшін куәлікті растап қол, қойып, мөр басылды. Губревкомның председателі қолы. Секретарь қолы»,– деген мандат дәлел.

Қарқаралы маңындағы отырықшыланып қалған мұжықтардың арасына сіңіп, қытай шекарасына жөңкіген Анненковтың әскерінен бөлініп қалған ақгвардияшылардың полковнигі Токарев бір-ақ түнде ревкомды басып алып, 78 адамды азаптап өлтіріп, халықты тонап, қырып-жойып, қан қақсатты. Сонда, оның соңына ергендердің дені жаңағы қаза тапқан болшевиктердің ағайын-туғандары, заимкелестері, кейбірі қызыл әскер қатарынан босанып шыққандар еді. Губерниялық революциялық комитеттің Төтенше Комиссиясы Мұхтар Әуезовке сол бүліншілікті басып, себебі мен зардабын анықтап, сол жылғы Қоянды жәрмеңкесінде өтуге тиісті Қазақ автономиясының бір жылдық тойын ұйымдастырып қайтуды тапсырды. Сонда бүліншілікті тексеру барысында бұл қарама-қайшылықтың тамыры тым тереңде, ұлт араздығын қоздырған патша әкімшілігінің сұрқия зымияндығында жатқанына көзі жеткен. Қызыл әскердің арасынан бүліктің шығуы тек ұлт аймақтарында ғана кездесуі де кездейсоқ емес. Мұхтар осы ұлт мәселесінен қақпақыл көрсе де тәуекелге бел буып, революция тарихындағы, оның ішіндегі Қазақстандағы ең күрделі, көкейкесті мәселені көтеріп, ұлтаралық қарым-қатынастағы психологиялық қайшылықтың тегін ашуға түсіндіруге тырысып, осы төтенше сапардағы қазақ даласындағы «ақ пен қызыл қырғынын» ашына баяндап, нақты құжаттармен дәлелдеп үлкен есеп жазған. Сол деректерге сүйене отырып:



«Жергілікті жерден Дутовтың шегініп бара жатқан армиясы өз жолындағы қыстақтарды, мал қораларын, шөп маяларын өртеп, дүние-мүлкін тонап, малдарын тартып алып, ондаған мың шаруашылықты (түтін иелерін) баспанасыз, азық-түліксіз қалдырды... Жоғарыдағы баяндалған ерекше жағдайға байланысты жергілікті ұлт бөлімі Губревкомнан жоғарыда көрсетілген мерзімде Семей облысының уездеріндегі қазақтардың құрылтайын шақыруды сұрайды. Жергілікті ұлт бөлімі басқармасының меңгерушісі М. Әуезов»,– деген ұсыныс жасады.

Мұның үлкен саяси және ұлттық маңызы бар еді. Қазақтардың сол құрылтайы губернияның басқару құрылымына айналды, қазақтар енді ұлт бөлімінің қызметкері емес, губернияның билік иесі ретінде шешім шығару құқына ие болды. Одан кейін Қазақ Автономиясының құзырлы құрылымына айналды. Мұндай билік тұғырына бұл өлке 1822 жылғы бірінші низамнан кейін ие болып көрмеп еді. Кеңес өкіметінің: Қазақстанды Ресейден бөліп әкетуге ұмтылды, – деп үздігіп, ешқашан кешірмейтін бір «өкпесінің өзі» осы еді. Мұның себебін түрмедегі жауабында М.Әуезов былай түсіндірді:

М.Әуезов (жалғасы): «Қоғамдық қызметiмнiң жол басы болғандықтан да мен ол кезде жаныммен берiлiп, шын көңiлiммен, аса зор үмiтпен, жас адамға тән қызығушылықпен қызмет еттiм. Бiрақта өмiрлiк тәжiрибесi аз жас қызметкерге тән балаңдыққа байланысты, оның үстiне артта қалған ұлттық ортадан шыққандықтан да және өзiнiң идеясы үшiн табанды түрде күресетiн саяси дәстүрдiң үлгiсi болмағандықтан да еркiмдi көңiл-күйiме жеңдiрдiм. Сол тұста кеңiнен тараған өткен дәуiрдiң өктемдiгiнен – отаршылық пиғылынан арыла алмаған жергiлiктi партия қызметкерлерiнiң әрекетi менiң көңiлiмдi суытып, әптiгiмдi басты».

Бұл арада М.Әуезовтің басты емеуірін танытып отырғаны – С.Сәдуақасовпен бірге Семей губкомын таратып, оны қазақ автономиясына қосуға ат салысып, өзінің екі айдай губком төрағасы болып істеген кезіндегі «намысты әрекеттері». Ол оқиға бірінші кітаптың «Ел жегісі» атты таруында толық талданған.

М.Әуезов (жалғасы): «Отаршылдық пиғыл бізді, оның iшiнде менiң iшiмдегi намысымды қоздырды, бiрақ ол жоспарлы түрде (ұлтшылдықты ешқашан да өмiрлiк мақсат етiп көрген емеспiн) қалыптасқан ұлтшылдық емес, тек көңiл-күйдiң әсерi ғана болатын. Бұл сезiмнiң билеп алғаны сондай, бұдан әрi менiң партия қатарында қалуыма мүмкiндiк бермедi. Көңiлдiң жетегiне ерiп өмiр сүрiп, өзiңдi сынайтын нағыз шағымды iстi таппағандықтан да бұдан әрi партия қатарында қалуым мүмкiн емес деп шештiм. Сол кезде ұлтшылдық бағыт ұстағаным және партиялық тәртiптi бұзғаным үшiн Қазақстан Өлкелiк комитетi менi партиядан шығарды».

Шындығында, ол партиялық билетін Өлкелік комитетке почта арқылы салып жіберген еді. Ал кейін барлық жеке бас жұмысына:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет