Тұрсынова Г. Т



бет4/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
2-тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстарды жазыңыздар.

3-тапсырма. Дыбыстан әріптің айырмашылығын айтып, қанша дыбыс, қанша әріп барын жазыңыздар.

4-тапсырма. Төмендегі дыбыстардан антоним сөздер құраңыздар.

А, л, ж, т, с, қ, н, б, ы, і, е, к, и, ө, о, р, ү, з, м, д, г. Үлгі: бар-жоқ.



5-тапсырма. Жеті санына байланысты сөздерді жазып, «Жеті – қасиетті сан» деген тақырыпқа мәтін құрастырыңыздар.

6-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті дыбысты қойып, сол сөздерге синоним сөздер жазыңыздар.

Үл...ілі, е...еу, қай...р, пә...ер, қор..ақ, жо...ары, мейірі...сіз, м...йдан.



7-тапсырма. Аян, Саян, саяжай сөздеріне дыбыстық талдау жасаңыздар.

8-тапсырма. Төмендегі сөздердің дыбыстарын өзгертіп жазып, сөз мағынасына тигізетін әсерін түсіндіріңіздер.

Қас, жақ, көк, мал, тек. Үлгі: кез, тез, сез, без, жез. 9-тапсырма. Дыбыс туралы жұмбақтың шешуін табыңыздар. Түнде бармын, Қыста жоқпын. Күнде бармын,

Күзде жоқпын.

(--)


10-тапсырма. Тіл туралы мақал-мәтелдер жазып, қанша дыбыс, қанша әріп барын айтыңыздар.

11-тапсырма. Қазақтың төл сөзінде кездеспейтін дыбыстарды және қазақ тіліне тән дыбыстарды жазыңыздар. Оларды мысалмен дәлелдеңіздер.

12-тапсырма. «Желтоқсан желі» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңыздар.

13-тапсырма. «Нарық» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.

14-тапсырма. Үзіндіні оқып, төмендегі сұраққа жауап беріңіздер.

Мақал-мәтел – халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Олардың көбі – халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, қымбат мұрасы. Халық санасында талай ғасырлар бойында қалыптасқан мақал-мәтелдерді айтылатын оймен орайластырып, орынды қолданса, сөз мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Сондықтан "Сөздің көркі – мақал" деп тегін айтылмаған.



Мағынасы үзіндідегі негізгі оймен байланысты емес сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Мақал-мәтелдер халықтың даналығын, тіл байлығын көрсетеді.

  2. Айтылған сөз мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болу үшін шешен болу керек.

  3. Мақал-мәтелдер – көптеген ғасырлардың жемісі.

  4. Сөз сөйлеудің майталмандары айтар ойларын мақал-мәтелмен көріктендіріп отырған.

  5. Ата-бабаларымыз өмірден түйген тұжырымды ойларын өзінен кейінгілерге өсиет ретінде қалдырып кеткен.



15-тапсырма. «Бабалар дәстүрі» деген тақырыпқа ойтолғау жазыңыздар.

16-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мақалдың мағынасын түсіндіріңіздер. Жүк ауырын ... көтереді, Ел ауырын ... көтереді.

17-тапсырма. Мәтіннен үш сөз алып, дауысты дыбыстарға фонетикалық (дыбыстық) талдау жасаңыздар.

Адам өзі тапқан нәрселерін күнде тексерсе, күнде өседі. Көп заман тексермесең, тауып алған өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың. Жоғалған өнер «мен жоғалдым» деп хабар беріп жоғалмайды. Енді қусаң, бағанағы әуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.



Абай

18-тапсырма. Абайдың нақыл сөздеріндегі сөз таптарына фонетикалық (дыбыстық) талдау жасаңыздар.

Абай афоризмдері

  1. Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

  2. Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

  3. Ісім өнсің десең – ретін тап.

  4. Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

  5. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет