Тұрсынова Г. Т



бет6/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180

Дауыссыз дыбыс




  1. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.

  2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).

  3. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді.

Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

Үнді: й, л, м, н, ң, р, (у)

Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

30-тапсырма. Қатаң дауыссыздарды жазыңыздар.

31-тапсырма. Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сызыңыздар.

Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі-бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейілінше айқын да толық бейнеленген. Абайға баратын жол-ұзақ жол.



(Ж. Смағұлов)

32-тапсырма. Үнді және ұяң дауыссыздарды жазып шығыңыздар.

33-тапсырма. Төмендегі сөздерге керекті дыбыстарды жазып, қандай дыбыс екенін айтыңыздар.

Бота ...өз, ше...ара, бейсе...бі, қысты...үні, Жомарт...ек, қа...арман, гау...ар, Сар...арқа, ба...ыт.



34-тапсырма. Дауыссыз дыбыстарға байланысты жұмбақты шешіңіздер.

Алтында бар,

Күмісте жоқ. Алмада бар,

Жемісте жоқ.

(--)

35-тапсырма. Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыстарды жазып, мысалдармен дәлелдеңіздер.

36-тапсырма. «Алматы – алманың атасы»деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңыздар.

37-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, [и] дыбысының ерекшелігін түсіндіріңіздер.

Бидай, кеш түсті, ери бастады, айна, жайдары, сөйлейді.



38-тапсырма. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шығыңыздар. Дауыстыдан дауыссыздың айырмашылығы неде? Мысал келтіріңіздер.

39-тапсырма. Дауыссыз дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып, мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жасаңыздар.

Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз. Адамның шын мағынасымен «Адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай жалпы адамзатты сүюі шарт.



(М. Жұмабаев)

40-тапсырма. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасап, дыбыс болмайтын әріптерді табыңыздар. Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею.

41-тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстардан басталатын қалалардың атын тауып, сол қалалардың ерекшеліктері туралы мәтін құрастырыңыздар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет