3-тапсырма: Бүтін жиынтықтың бөлшектерін табу. Логикалық ойлауды дамыту.
ІІІ. Қорытынды
Рефлексия
12– оқу қызметі Тақырыбы: «-» -алу таңбасы «Не жоқ?», «Не өзгерді?» ойыны
Мақсаты:бөлшекті бүтін жиынтықтан шығару ретіндегі азайтумен танысу; «-» белгісімен танысу.
Көрнекілігі: доп , жағдаяттық есептер бар суреттер
І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ .Негізгі бөлім
«Бөлшектерді ата » бойжазу ойыны
Мақсаты:жаңа тақырыпты оқып – меңгеру мақсатында бүтін мен бөлшек туралы бұрын меңгерген білімдерін тексеру ; ойын іс – әрекетіне уәждеу.
Ағаш - ... (бұтақ)
Машина - ... (дөңгелек) т.с.с.
Ойын іс – әрекеті: 1-ші ойын: «Жиынтықтың қалған бөлігін тап» Мақсаты:бүтін мен оның бөлшектері туралы түсінікті қалыптастыру;бүтін жиынтықтан бөлшекті шығаруіскерлігін қалыптастыру;командада жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
2-ші ойын: «Кім көп ойлап табады?» Мақсаты:азайтуға берілген есептік жағдаяттың үлгісін көрнекілікті материалға сүйеніп жасау іскерлігін қалыптастыру.
Тапсырма: 1-тапсырма:Реттілік суреттері түріндегі есептік жағдаят негізінде азайтуға берілген қарапайым есептің үлгісін жасау.