Түстер жаттығуы


сурет Ерікті мінез-құлқын, сферасын зерттеу әдістемелері



бет4/6
Дата11.04.2023
өлшемі174,05 Kb.
#81573
1   2   3   4   5   6
9 сурет
Ерікті мінез-құлқын, сферасын зерттеу әдістемелері

1. "Графикалық диктант" әдістемесі
Торкөзді дәптердің парағын дайындаңыз. Онда шетінен 4 торкөз қалдырып, бір-бірінен арақашықтығы 7 торкөз болатын, бірінің астынан бірі орналасқан (вертикаль бойынша) 3 нүкте белгілеңіз.
Балаға қарындаш беріңіз де айтыңыз: "Қай жаққа және қанша торкөзге сызықты жүргізу керек екндігін мен айтып тұрамын. Тек қана мен айтқан сызықтарды жүргізіп отыр.Бір сызықты жүргізген соң, келесі сызықты қайда бағыттау керектігін айтқанша,күт. Әрбір жаңа сызықты оның алдындағы сызық біткен жерден, қарындашты қағаздан алмай,баста".(Бала оң қолының қайда екендігін біледі ме,тексеріңіз).
Бірінші тапсырма- жаттықтырушы. "Қарындашты ең жоғары нүктеге қой.Тыңда! Сызықты сал: бір тор көз төмен. Қарындашыңды қағаздан алма. Енді бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға.Бір токөз төмен.Бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен.Осындай өрнек салуды өзің жалғастыр".
Бала түсінбесе, айтып жіберіңіз, жіберілген қателерді түзетіңіз.Келесі өрнектерді салуда мұндай бақылау жасалмайды.Тапсырманы оқығанда, бала алдыңғы сызықты аяқтап үлгеретіндей,жеткілікті пауза ұстау керек.
Өрнекті өз бетінше салуға 1,5-2 минут беріледі.
Келесі нұсқау мынадай болады: "Енді қарындашыңды келесі нүктеге қой. Тыңда! Ал, баста! Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Әрі қарай осы өрнекті салуды жалғастыр".
Және соңғы өрнек. "Қарындашты соңғы нүктеге қой. Тыңда! Үш торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен.Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға.Үш торкөз төмен.Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен.Бір торкөз оңға. Үш торкөз жоғары. Енді осы өрнекті салуды өзің жалғастыр".
Баланың тапсырманы айту бойынша және өз бетімен қалай орындайтындығына талдау жасаңыз. Бірінші көрсеткіш ешнәрсеге алаңдамай, нұсқауды мұқият тыңдай және дәл орындай алуын көрсетеді. Екіншісі- баланың өзбеттілік дәрежесін көрсетеді.(15-сурет)
Егер бала екінші және үшінші өрнектерді ешбір қатесіз немесе өрнектердің бірінде жекелеген қателермен орындаса (жаттығу өрнегі есептелмейді) еркіндік сферасының дамуы жақсы деңгейде болғаны. Егер ешқандай өрнек айтылған нұсқаумен сәйкес келмесе, еріктік сфераның даму деңгейі төмен болғаны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет