Тұтынуға салынатын салықтар: акциздер



бет2/2
Дата23.11.2022
өлшемі88 Kb.
#52068
1   2
1.01.2016 бастап-
100 % спирт 1600 теңге/литр

7.

Коньяк, бренди

100% спирт
250 теңге/
литр

8

Шараптар

35 теңге/
литр

9

Шарап материалы (этил спирті мен
алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

170 теңге/
литр

10

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

0 теңге/
литр

11

Сыра

26 теңге/
литр

12

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/
литр

13

Фильтрлі сигареттер

3900 теңге/ 1000 дана 
1.01.2016 бастап-
5000 теңге/ 1000 дана 

14

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

3900 теңге/ 1000 дана
1.01.2016 бастап-
5000 теңге/ 1000 дана 

15

Сигариллалар

4800 теңге/ 1000 дана
1.01.2016 бастап-
6225 теңге/ 1000 дана 

16

Сигаралар

620 теңге/ дана
1.01.2016 бастап-
750 теңге/ дана 

17

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

4900 теңге/ килограмм
1.01.2016 бастап-
7345 теңге/ килограмм 

18

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/ тонна

19

микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары

100 теңге/текше см.


двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

 


двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

 



3с. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу.
1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетін тауарларды өткізуі;
акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;
алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;
өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.
Мыналарға:
1) егер Салық Кодексінiң 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртi мен алкогол өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi:
өндiрушiнің аталған өнiмдi өндiру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдiк және фармацевтiк препараттарды дайындау үшiн;
тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттiк медицина мекемелерiне босатылатын этил спиртiне;
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, Салық Кодексінiң 643-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
4) 0,1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салынбайды.
Салық базасы.
Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.
Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді. Осы ережелер емдік және фармацевтік дәрі–дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.
Акцизделетін тауарларды маркалау Қазақстан аумағында осы тауарды өндірмей өткізілуі және жасырын түрде желінуін болдырмау және акциздің толық жиналуын қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Сондықтан маркалау үрдісін жауапкершіліктен осы акцизден тауарды өңдеуден және импортқа жүктеледі.


4с. Акциз сомасын есептеу – белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.
Егер өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.
Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.
Шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнімдеріне акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.
Акцизге қатысты күнтізбелік ай-салық кезеңі болып табылады.
Әрбір салық кезеңі аяқталған соң салық кезеңдерінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті.
Импортталатын тауарларға акциздер ҚР кеден заңдарында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.


5с. Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарды ҚР-ның кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импорттық акцизделетін тауардың заттай күйіндегі физикалық көлемі ретінде белгіленеді.
Жеке тұлғалардың ҚР Үкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттық акцизделетін мынадай тауарға акциз төленбейді.
Кесте. Акцизделетін тауарлардың кеден шекарасынан бір адамға шаққанда ҚР Үкіметі бекіткен алып өту нормасы

Атауы

1 адамға шаққандағы алып өту нормасы

1) Сыра
2) Шарап өнімдері, шампан
3) Темекі өнімдері
4) Бензин
5) Дизель отыны

5 л
5 л
1000 дана
100 л
150 л

Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:
1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар; 
2) Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар
3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
4) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, Кеден одағының кеден заңнамасында және ҚР кеден заңнамасында белгiленген кеден рәсімдер шеңберiнде ҚР аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет