Туберкулез кезінде өкпеден қан кетудің патогенезі Өкпеден қан кету себептері өкпе аурулары құрылымының өзгеруіне және оның емдеу әдістерінің жетілуіне байланысты өзгеріп отырады.
Өкпеден қан кетудің көбісі өкпенің бейспецификалық созылмалы ауруларында, оның ішінде созылмалы бронхитте байқалады. Қан кетудің морфологиялық негізі брох артериясының кеңеюі және жұқаруы, әр түрлі деңгейде бронх және өкпе артериялары арасындағы иректелген және жұқа анастомоздар болып табылады.Бұл артериолар мен капилллярлар деңгейінде анықталады.Осы жүйенің қан тамырлары қысымы қолқадағы қан қысымындай гиперваскуляризация аймағын түзеді. Бронхты шырышты қабаттары немесе шырыш асты қабатындағы сынғыш қан тамырларының жарылуы немесе аррозиясы әр түрлі ауырлықтағы өкпеден қан кетуіне әкеледі.
Туберкулезбен ауыратын науқастардың өкпесінен қан кетуді фиброзды кавернозды, деструктивті инфилтраттты туберкулез асқындырады,ал лимфонодулобронхиалы бар болған жағдайда бастапқы туберкулез асқынуға алып келеді.Туберкулездің жедел түрлерінде қан өкпе артерияларынан, ал созылмалы түрлерінде бронх артерияларынан кетеді.
Тыныс алу жолдарынан қан кетудің механизміне байланысты ӨҚК –дің екі типі болады.
Диапедез (қантамырлардың еш бүлінбеген қабырғаларынан қан элементтерінің сыртқа шығуы себебінен болған геморрогиялық синдром) өкпе капиллярларымен майда қан тамырларының өткізгіштігінің бұзылысынан сипатталуы. Бұл қабыну процесінің нәтижесі және токсиндердің қан тамыр қабырғасына әсері, тіндік аллергия және қанның жасушалық коллоидтың құрылысына (тромбогеморрагиялық синдром және диссиминирленген тамыр ішілік қанның тұнуы) байланысты.
Клиникалық диапедезде ӨҚК- қан қақырумен өтеді. Қақырықтағы қан тәулігіне 50мл ден аспайды.
ӨҚК аррозивті патомеханизмінің негізіне ірі қан тамыр қабырғасының механикалық жыртылуы жатыр. Аррозивті ӨҚК ең негізгі себебінің бірі туберкулездің жайылмалы және деструктивті формасында пайда болған кіші қан айналым шеңберінің созылмалы гипертензиясы. Аррозивті ӨҚК кезіндегі қан жоғалту көлемі және интенсивтілігі күрт жоғарылайды және тәулігіне 100мл ден жоғары. (1таб.)
Дәрігер қан жоғалтудың және оның жыламдығын анықтай білу қажет.
ӨҚК-ні қан жоғалтудың жылдамдығына байланысты 3 дәрежеге бөледі:
І – 20 мл/сағ (1,2% Д)
ІІ – 50 мл/сағ (15%-ға дейін)
ІІІ – 200 мл/сағ (15%-дан жоғары)
Бірінші дәрежеде сыртқы қан жоғалту 5%-дан жоғарыламайды және аздаған қан аралас қақырық түрінде болады.(Қан қақыру)
Қан қақыру түріне байланысты біркелкі эпизодты және қайталамалы болып бөлінеді.