Туберкулезбен ауырған науқастардағы өкпеден қан кету
Тыныс алу ағзалары туберкулезінің асқынулары - өкпеден қан кету және қан түкіру жедел көмек көрсетуді талап ететін жағдай . Бұл мәселенің өзектілігі күттірмейтін дер кезінде жүргізілетін диагностика және оның ажырату диагностикасы. Өкпелік қан кету кезінде патологиялық процестің түрін сипаттап қан кетудің көзін анықтау керек себебі өкпеден қан кету науқастың өміріне қауіпті-аспирационды пневмонияның дамып кетуіне немесе асфиксияға алып келетін өлімге соқтырады. Мақсатымыз болып өкпеден қан кетуді дер кезінде диагностикалау және жедел көмек көрсете білу.
Өкпеден қан кету – өкпелік және өкпеден тыс патологиялардың жиі кездесетін синдромы болып табылады. Өкпеден қан кетудің (ӨҚК) пайда болуы клинициcттердің тез арада шешім қабылдауын талап етеді.Өкпеден қан кету дегеніміз бронх түтігіне көп мөлшерде қан құйылып, жөтелген кезде оның жоғары тыныс жолдары арқылы сыртқа бөлініп шығуы. Клиникалық тәжірибеде қан түкіру мен өкпеден қан кетуді ажыратады. Өкпеден қан кетудің қан түкіруден айырмашылығы қанның бөліну мөлшеріне байланысты болады.Қан түкіру
дегеніміз-қақырықта, сілекейде немесе түкірікте аздаған қан аралас түкіректердің немесе ұйыған қанның бөлінуі.Өкпеден қан кету кезінде жөтелмен бірге көп мөлшерде таза қан бөлініп шығады-ол бір мезгілде, үздіксіз немесе үзіліспен бөлінуі мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы ӨҚК - өкпе туберкулезінің негізгі белгісі болып саналып келді. Соңғы 30 жылдықта ӨҚК өкпенің спецификалық емес ауруларының жиі асқынуы болуда Л.Б.Худзиктің мәліметі бойынша өкпе туберкулезімен ауырғандарда ӨҚК 17%-тен 2,5% ке
төмендеген, геморрогиялық синдром орташа ағымда 20 есеге азайды.
Ал ӨҚҚ-мен туберкулез стационарына түскен науқастар саны 2-есеге дейін қысқарды. Жоғарыдағы мәліметтерге қарамастан ӨҚК кәзіргі уақытта да фтизиатрлар үшін диагностикалық және терапевтикалық күрделігімен ерекшелінеді. Бұлардың шешімін табу үшін міндетті түрде ӨҚК асқынулардың патогетикалық негізін түсіну қажет, сонымен қатар қан кетудің анық қай жерден екенін және шығу көзін анықтап, дәрілік терапиялық
рациональды тәсілдерді, гемостаздың нәтижесі жоғары радикалды және эндоскопиялық тәсілдерін қолдануды білу қажет.
ӨҚК болып табылатын аурулардың диагностикасымен науқасқа жедел көмек көрсетудің күрделілігі келесі жағдайларға негізделген:
Науқастың және медициналық қызметкерлердің психологиялық стресс алуы
қан кетудің себебі және шығу көзі жайлы мәліметтердің болмауы
бір мезгілде диагностика және ем көрсету шараларын пайдалана алмауы
мамандандырылмаған стационарларда жалпы комплексті ем шараларының дұрыс қолданыла алмауы
ӨҚК тоқтатудың рационалды тәсілдері жайлы дәрігердің білімінің саяздығы.
Геморрагиялық синдроммен науқастарға көмек көрсетудің жоспары қан жоғалтудың көлемі және дәрежесіне,
өкпелік процестің жайылуына, эндоскопиялық, хирургиялық және басқа да ем шараларына байланысты.