Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата06.03.2017
өлшемі401,71 Kb.
#7766
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту 

туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 281 Бұйрығы. Қазақстан 

Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді 

мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6314 болып енгізілді

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 620 

 (01.01.2016 бастап күшіне енеді).

бұйрығымен

      Қолданушылардың назарына!

      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 

 қараңыз.

3-тармақтан

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан 

Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө 

 бекітілген 

Өкімімен

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 

, Қазақстан Республикасы 

3-тармағын

Нормативтік құқықтық акті тізбесінің 57-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының 

 бекітілсін.

жоспары


      

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 620 

бұйрығымен

 (

01.01.2016 бастап күшіне енеді).



      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет 

әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы 

бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және 

 

 тәртіпте ресми жариялануын 



заңнамада белгіленген

қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

      Министр                                         Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 

Қаржы министрінің   

2010 жылғы 15 маусымдағы

№ 281 бұйрығымен   

бекітілген     



Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы

      Ескерту. Жоспардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 № 620 

 (01.01.2016 бастап күшіне енеді).

бұйрығымен



1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары (бұдан әрі – Шоттар 

жоспары) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.


2. Шоттар жоспары

      2. Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы 

көрсетуге арналған.

      3. Шоттар жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Шоттар жоспарға 1-

 сәйкес өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған және нөмірлерінің төрт саны бар.

қосымшаға

Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі 

– синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – қосалқы шоттарға тиісті.



3. Шоттар жоспарының бөлімдері

      4. Шоттар жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1 бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»;

      2 бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»;

      3 бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;

      4 бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;

      5 бөлім – «Таза активтер/капитал»;

      6 бөлім – «Кірістер»;

      7 бөлім – «Шығыстар»;

      8 бөлім – «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар»;

      9 бөлім – «Баланстан тыс шоттар».

4. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары

      5. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін 

мемлекеттік мекемелердің активтерін нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған.

      6. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімшелерді қамтиды:

      1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары»;

      1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;

      1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

      1300 «Қорлар»;

      1400 «Өзге қысқа мерзімді активтер».

      7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кiшi бөлiмi – қолма-қол ақшаны бақылау 

шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын 

есепке алуға арналған.

      Осы бөлімше мынадай шоттарды қамтиды:

      1010 - «Кассадағы ақша қаражаты» шоты мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының 

нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған;

      1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы 

ақша қаражатын есепке алуға арналған;

      1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі 

– СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге шетелдік мекемелер алған ақша қаражатын 

есепке алуға арналған;

      1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» демеушілік және қайырымдылық 

көмек, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша мемлекеттік мекеменің, 

жергілікті өзін-өзі басқарудың, нысаналы қаржыландырудың ақша қаражатын есепке алуға арналған. 

Осы шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

      1041 - «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының 

заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер демеушілік, қайырымдылық көмектен алатын 

ақшаның түсімі мен оның жұмсалуы есепке алынады;

      1042 - «Ақылы қызметтер ҚБШ», мұнда мемлекеттік мекемелер иелігінде қалған тауарларды (



жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған және 

Бюджет кодексіне

 сәйкес және Қазақстан 

Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылатын ақша кірістері мен шығыстары есепке 

алынады;

      1043 - «Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама 

актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарып алу шартымен мемлекеттік 

мекемелерге аударылған немесе белгілі бір жағдай туғанда сәйкесінше бюджетке немесе үшінші 

жаққа берілген ақша қаражат қозғалысы есепке алынады;

      1044 - «Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ», онда Қазақстан Республикасының жергілікті 

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару 

функцияларын іске асыру үшін ақшаның түсімі мен жұмсалуы есепке алынады; 

      1045 - «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ», мұнда есептелген бюджет қаражаты және оларды ерекше 

шығыстарды жүргізуге пайдалану есепке алынады (нысаналы қаржыландыру шоты);

      1050 - «Шетелдік валютадағы шот» мемлекеттік мекеме жүргізетін есепті кезеңнің соңғы 

күніне қолданылатын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі бірлесіп белгілеген тәртіпте анықталатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы 

бойынша шетелдік валютаны қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасы валютасында 

валюталық операцияларды есепке алуға арналған;

      1060 - «Арнайы шот» шоты бюджеттік бағдарлама әкімшілігімен қарызға алынған қаражаттардың

(сыртқы қарыздар және гранттар) кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алуға 

арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;

      1061 - «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты», мұнда грантпен 

байланысты қаражаттардың кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алады;

      1062 - «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты», мұнда 

сыртқы қарыздардың (қарызға алынған қаражаттар) кірісі мен шығысы бойынша қаржылық 

операцияларды есепке алады;

      1070 - «Өзге де ақша қаражаты» шоты алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген басқа да ақша 

қаражаттарын есепке алуға арналған. Осы шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды;

      1071 - «Аккредитивтер», мұнда мемлекеттік мекемелердің жеткізуші алдында алынған активтер

үшін пайда болған төлемдерге сәйкес міндеттемелер бойынша ашылған аккредитивтер сомасы есепке 

алынады;


      1072 - «Ақша құжаттары», мұнда өзге ақша құжаттары есепке алынады;

      1073 - «Жолдағы ақша қаражаты» мұнда шетел мекемелерінің шығындарын қаржыландыру СІМ-не 

аударылған, бірақ СІМ-нің шетел мекемелерінің есеп айырысу шотына түспеген ақша қаражат 

қозғалысын есепке алынады;

      1074 - «Өзге де ақша қаражаты», мұнда алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өзге ақша 

қаражаты есепке алынады;

      1080 - «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері 

бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулары» шоты республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің 

міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған 

жоспарлы тағайындаулары бойынша қаражат қозғалысын есепке алуға арналған. Осы шот келесі 

қосалқы шоттарды қамтиды:

      1081 - «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулары», мұнда мемлекеттік мекемелердің қызметін қаржыландыру, мемлекеттік мекемелердің 

міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қаржыландыруды 

қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

      1082 - «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулар есепке алынады;

      1083 - «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулар», мұнда республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар 

жергілікті бюджет есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу 

кезінде және керісінше жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге 

белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы 



тағайындаулар алу кезінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулардың қозғалысы есепке алынады;

      1084 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 

мұнда трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке 

алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму 

трансферттері, жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік көмекке берілетін 

трансферттер болып бөлінеді;

      1085 - «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 

мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе жергілікті органдар, жеке және заңды 

тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен ақшалай жәрдемақылар түріндегі субсидиялар бойынша 

міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

      1086 - «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде 

түсетін түсімдермен байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулар» мұнда республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны 

түрінде түсетін түсімдер есебінен мемлекеттік мекемелердің шығыстары бойынша міндеттемелер 

қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

      1087 - «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша 

міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда сыртқы қарыздардың және 

байланысты гранттардың есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулар сомасы есепке алынады;

      1090 - «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері 

бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулары» шоты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің 

міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған 

жоспарлы тағайындаулар сомасының қозғалысын есепке алу үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы 

шоттарды қамтиды;

      1091 - «Жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулары», мұнда мемлекеттік мекеменің қызметін ұстауға жеке қаржыландыру жоспарына 

сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомалары есепке алынады;

      1092 - «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулар есепке алынады;

      1093 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 

мұнда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің пайдалану үшін трансферттер бойынша міндеттемелер 

қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттерге,

нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне, жеке тұлғаларға берілетін 

трансферттерге бөлінеді;

      1094 - «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 

мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе жергілікті органдар, жеке және заңды 

тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен ақшалай жәрдемақылар түріндегі субсидиялар бойынша 

міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

      1095 - «Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін 

түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға 

арналған жоспарлы тағайындаулар» мұнда жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, 

қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдер есебінен мемлекеттік мекемелердің шығыстарына 

бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады.

      

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің  12.10.2013 



№ 482

 (алғашқы ресми

жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді -

ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 

№ 620

 (01.01.2016 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.



      8. 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржылық 

құралдарды есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шоттарға бөлінеді:

      1110 - «Қысқа мерзімді берілген қарыздар» шоты қысқа мерзімді мемлекеттік мекемелерге 

ұсынылған қарыздарды есепке алу үшін арналған.

      1120 - «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шоты қысқа мерзімді қаржы инвестицияларды 


есепке алу үшін арналған (акциялар, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың пайыздық 

облигациялары, депозиттік сертификаттар, салымдар, туынды бағалы қағаздар және басқа қаржы 

инвестициялары).

      1130 - «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» шоты қаржы 

инвестицияларының құнсыздануына арналған резервтерді есепке алу үшін арналған.

      9. 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» бөлімшесі қысқа мерзімді дебиторлық 

берешектерді есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шоттарға бөлінеді:

      1210 - «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты бюджеттік 

төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектерді есепке алу үшін арналған. Бұл шот 

келесі қосалқы шоттарды қамтиды:

      1211 - «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда 

жеке тұлғалармен жасалатын есеп айырысулар көрсетіледі:

      әлеуметтiк төлемдер және әлеуметтiк көмектер бойынша,

      қызметкерлер мен қызметшiлерге еңбекте алған жарақат, не болмаса 

 сәйкес олардың

заңнамаға

еңбектегi мiндеттерiн орындауға байланысты өзге де денсаулығын зақымдаған залалдың орнын 

толтыру бойынша,

      қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, 

қамқоршыларына төленетін біржолғы төлемдер бойынша,

      демалысқа кеткен кезінде шұғыл қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери (арнайы) оқу 

орындарының курсанттарына азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы,

      жеке тұлғаларға басқа да трансферттер бойынша.

      1212 - «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» 

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілектері облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың

, астананың бюджеттеріне дамыту үшін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер және нысаналы 

трансферттер бойынша есептемелерін есепке алу үшін арналған.

      1213 - «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» дамытуға 

нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алу үшін арналған.

      1214 - «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда 

жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады.

      1215 - «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда 

заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады.

      1216 - «Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді 

дебиторлық берешек», мұнда республикалық бюджеттен халыққа төлеу үшін Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу 

жөніндегі мемлекеттік орталыққа (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік 

жәрдемақылар, жерлеу үшін жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер) бөлінген қаражаттар 

қозғалысы есепке алынады.

      1220 - «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты салықтар 

үшін бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешекті (жеке табыс салығы, 

әлеуметтік салық, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер және өзге салықтар), және де 

мемлекеттік мекемемен бюджетке артығымен аударылған сомаларды есепке алу үшін арналған.

      1230 – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» өтеу

мерзiмi бiр жылға дейiнгi сатылған активтер, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер, 

сондай-ақ музыка мектептерінде балалардың оқуы үшiн, мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлердi 

ұстау үшiн, мектеп жанындағы интернаттарда балалардың нысанды киім-кешегі үшін, тамақтануы үшiн

есеп айырысулар есепке алынады. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

      1231 – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi», 

мұнда өтеу мерзiмi бiр жылға дейiнгi сатылған активтер, орындалған жұмыстар және көрсетiлген 

қызметтер үшiн сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегi көрсетіледі, 

кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінде тапсырыс берушілермен орындалған жұмыстар немесе 

көрсетілген қызметтер үшін және сатылған дайын өнімдер үшін есеп айырысулар, сондай-ақ 

өндірістік оқыту үдерісінде оқушылар орындаған жұмыстар үшін кәсіпорындармен және мемлекеттік 

мекемелермен есеп айырысулар есепке алынады;

      1232 – «Төлемдердiң арнайы түрлерi бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек», мұнда өтеу



мерзiмi бiр жылға дейiн музыка мектептерінде балалардың оқуы үшiн, интернат мектептерде 

тәрбиеленушiлердi ұстау үшiн, нысанды киім-кешек үшін, мектеп интернаттардағы балалардың 

тамақтануы үшiн есеп айырысулар есепке алынады;

      1240 - «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» 

ведомстволық есеп айырысулар бойынша мемлекеттік мекемелердің қысқа мерзімді дебиторлық 

берешегін есепке алуға, соның ішінде өтеу мерзімі бір жылдан кем емес ішкі кредит беруге 

арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:

      1241 - «Ішкі ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» ішкі

ведомстволық есеп айырысу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерде берешек, оның ішінде 

қайтару негізінде кредит сомасы (ішкі кредит беру бойынша) республикалық және жергілікті бюджет

қаражатының есебінен берілген кредиттер сомалары бойынша.

      1242 - «Ведомствоаралық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» 

ведомствоаралық есеп айырысу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерде берешек, оның ішінде 

қайтару негізінде кредит сомасы (ішкі кредит беру бойынша) республикалық және жергілікті бюджет

қаражатының есебінен берілген кредиттер сомалары бойынша.

      1250 - «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шоты қарыздар, қаржы инвестициялары, 

жалдау және алуға басқа да сыйақылар бойынша есептелген сыйақылар бойынша дебиторлық берешекті 

есепке алу үшін арналған.

      1260 - «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қызметкерлердің активтерді 

сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеуге, қызметтік іссапарларға 

қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді 

дебиторлық берешегін есепке алу операциялары үшін арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды 

қамтиды:

      1261 - «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,

мұнда есеп беретін тұлғалармен оларға іссапар шығыстарына аванспен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз

жолмен жүргiзiлуi мүмкін емес шығыстарды төлеу үшін берілген есеп айырысулар есепке алынады.

      1262 - «Қызметкерлермен басқа есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық 

берешек», мұнда активтердің анықталған жетіспеушіліктері мен талан-таражға түсуі бойынша, 

алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өтеу мерзімі бір жылға дейінгі басқа да есептеу түрлері 

бойынша адамдардың берешегі есепке алынады;

      1270 - «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты ағымдағы кезеңде операциялық 

және қаржылық жал бойынша есептелген жал төлемдерін есепке алу үшін арналған.

      1280 - «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты алдыңғы шот топтарында 

көрсетілмеген өтеу мерзімі бір жылға дейін өзге дебиторлық берешегі бойынша операцияларды 

есепке алу үшін арналған.

      1290 - «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв» шоты күмәнді дебиторлық берешектер 

бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операцияларды есепке алу үшін 

арналған.

      

Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.07.11 



№ 338

 (

2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2013 



№ 482

 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 

№ 620


 (

01.01.2016 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.

      10. 1300 «Қорлар» кіші бөлімі шоттарында мемлекеттік мекемеге жататын құрылыс 

материалдары, орнатуға құрал-жабдықтар, материалдар, тамақтану өнімдері, отын және жағармай, 

азық, жем, ыдыс, машиналар мен құрал-жабдықтарға запас бөлшектер, көмекші шаруашылық өнімдері 

мен бұйымдары, бордақыдағы малдар мен мал төлдері, оқыту, ғылыми және басқа да мақсаттарға 

материалдар, және де лабораториялық сынаулар мен ұзақ мерзім қолдану материалдары, 

ғылыми-зерттеу жұмыстардың шаруа келісімшарттары үшін арнай құрал-жабдықтарды есепке алу үшін 

арналған.

      Бұл кіші бөлім келесідей шоттарды біріктіреді:

      1310 - «Материалдар» шоты материалдар және олардың заттық сипаты бойынша есепке алу үшін 

арналған. Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:

      1311 - «Құрылыс материалдары», мұнда құрылыс және монтаждау жұмыстары үдерісінде 

пайдаланылатын құрылыс материалдары есепке алынады. Құрылыс материалдарына силикат материалдары



(цемент, керамзит, әк, кірпіш, қыш), күйдірілетін материалдар (қожды, керамзиттік, қыш), құрғақ

құрылыс қоспалары, құрылыс металы (темір, қаңылтыр, болат, табақталған мырыш), құм, қиыршық, 

тас, шығылым, елек, ұсақ тас, құрылыс металы (арматура, рябица торкөзі), металл бұйымдар (

шегелер, гайкалар, болттар, құрсаулау бұйымдары), шыны, пластмасса, пластикалы металл, 

санитариялық-техникалық материалдар (крандар, муфталар, үштіктер), су жүргізу, кәріз, жылыту, 

газ үшін құбырлар және монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын 

басқа да материалдар), электротехникалық материалдар (кабель, шамдар, патрондар, роликтер, 

сымдар, сақтандырғыш тетіктер, оқшаулағыштар), химиялық-малу (бояу, кендір май, қарақағаз), 

органикалық материалдар (битумды және қарамайлы созылмалы заттар, эмульсиялар) және басқа 

осыған ұқсас материалдар жатады;

      1312 - «Оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар», мұнда реактивтер мен 

химикаттар, қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, түсті металдардың сынықтары мен 

қалдықтары, арнаулы қор материалдары, әйнек және химиялық ыдыстар, металдар, электроматериалдар

мен радиоматериалдар, радиошамдар, фотожарақтар, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен ғылыми 

жұмыстарды шығаруға арналған қағаздар, тәжірибелік жануарлар мен оқу мақсаттарына және 

ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған материалдар, сондай-ақ тіс салуға арналған қымбат бағалы 

және басқа металдар, ату жарақтары, белсенді өңдеу, арнайы өңдеу және газсыздандыру 

материалдары, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған ұзақ мерзімді қолдану материалдары, және де 

шаруашылық келісім ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін алынған арнайы құралдар есепке 

алынады.


      1313 - «Дәрі-дәрмектер және байлап-таңу құралдары», мұнда шығыстардың экономикалық 

сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша қаржыландыру жоспарында қаржы бөлу көзделген 

емдеу-алдын алу және емдеу-мал дәрігерлік және басқа мемлекеттік мекемелердегі дәрі-дәрмектер, 

құрамдық заттар, бактериялық препараттар, сарысулар, екпелер, қан, байлап-таңу құралдары, 

термометрлер, тонометрлер, өзге дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдар есепке 

алынады. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ өз дәріханалары бар медициналық мекемелердегі қосымша және

дәрі жасайтын материалдар есепке алынады;

      1314 - «Тамақ өнімдері», мұнда шығыстарын экономикалық сыныптаудың ерекшелігі бойынша 

қаржыландыру жоспарында қаржы бөлу көзделген, мемлекеттік мекемелердің тамақ өнімдері есепке 

алынады.


      1315 - «Отын, ЖЖМ», мұнда қоймаларда немесе қорларда (май, тасол және өзге материалдар), 

сондай-ақ тікелей материалды жауапты адамдарда сақталған отынның, жанар және жағар майлардың 

барлық түрлері (ағаш, көмір, шымтезек, бензин, керосин, мазут, қарамай, автол, тосол, нигрол, 

литол, антифриз, тежегіш сұйықтығы және басқа жанар-жағар май материалдары), оның ішінде жанар 

және жағар май материалдарына арналған төленген талондар есепке алынады;

      1316 - «Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары», мұнда шаруашылық материалдары, 

электр желілік фильтрлер, ұзартқыштар, шыныдан немесе басқа сынатын материалдан жасалатын ыдыс,

пышақтар, шанышқылар, қасықтар, гүл құмыралары, резеңке кілемшелер және кеңсе жарақтары, 

сондай-ақ қағаздарға арналған жайма, пластик қоржындар, органайзер, басшының үстел үсті жинағы,

айналар, калькуляторлар, электр шәйнектері мен су қайнатқыштар, шелектер (пластмасса, алюминий,

мырышталған, қаңылтыр), қысқаш, балға, күректер, швабралар (ағаштан, пластмассадан жасалған), 

балшықтан қорғайтын, жол төсеніштер, портфельдер, есепке алынады;

      1317 - «Арнайы киімдер және өзге де жеке қолдану заттары», мұнда есепке алынады:

      іш киім (жейделер, қысқа жеңді көйлектер, халаттар);

      төсек орын жабдықтары мен жарақтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер, ақ жаймалар, көрпе 

тыстар, жастық тыстар, жапқыштар, төсек-қапшықтар);

      киім және нысанды киімдер, арнаулы киімдерді қоса (костюмдер, пальтолар, сулықтар, шолақ 

тондар, көйлектер, кофталар, юбкалар, күртелер, шалбарлар), құнына және қызмет мерзіміне 

қарамастан, бюджеттің есебінен ұсталатын денсаулық сақтау, оқу-ағарту, халықты әлеуметтік 

қорғау қызметкерлері және басқаларға арналған формалық киім және аяқ киім;

      спорт киімдері және аяқ-киім және өзге де жеке қолдану заттары;

      1318 - «Қосалқы бөлшектер», мұнда машиналарда (медициналық, электронды есептеу), 

жабдықтарда, тракторларда, комбайндарда, көлік құралдарында (моторлар, қақпақтарды қосатын 

автокөліктік шиналар, камералар, жиек ленталары) тозған бөлшектерін ауыстыру және жөндеу үшін 



арналған қосалқы бөлшектер есепке алынады;

      1319 - «Өзге материалдар», мұнда құнына қарамастан барлық жануарлар түрлерінің төлдері 

және бордақылаудағы малдар, құстар, көжектер, мамық терілі аңдар, малға және басқа жануарларға 

арналған шөп, пішен, сұлы және басқа да жем түрлері, егілетін материалдар, тұқымдар, 

тыңайтқыштар, егер мемлекеттік мекемелерде жұмыс жылқылары болса, төлі (құлындары), сондай-ақ 

қайтарылатын немесе ауыстырылатын ыдыс (күбілер, бидондар, жәшіктер, шыны банкілер, шөлмектер 

және басқа да ыдыс), ақпаратты техникалық тасығыштар (флеш-карталар, дискілер, дискеттер, 

токендер), компьютерлік тінтуірлер, клавиатуралар, спорт іс-шараларын жүргізуге арналған 

тауарлар (шайбалар, доптар, шахматтар, дойбылар, үстел үсті теннисіне арналған жинақтар, 

бадминтонға арналған жинақтар, арнаулы шаңғылар) балалар ойындары, балалар ойындары, жалюздер, 

қызметтік иттерге арналған керек-жарақ, орны толтырылатын шығындары жүктеме шығыстардың 

құрамында құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына жатқызылатын уақытша (атаусыз) 

құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар, тамақтануға төленген талондар, демалыс үйлеріне, 

санаторийлерге, туристік базаларға төленген жолдамалар, почта аударымдарына алынған хабарламалар

, почталық маркалар мен мемлекеттік баж маркалары, еңбек кітапшаларының бланкілері және алдыңғы

қосалқы шоттарда қамтылмаған басқа да материалдар есепке алынады;

      1320 – «Аяқталмаған өндiрiс» аяқталмаған өндіріс қалдықтарын есепке алуға арналған;

      1330 – «Дайын өнім», өндiрiстiк (оқулық) шеберханаларының, көмекшi ауылшаруашылық және 

оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнiмдерiн, сондай-ақ дайын баспа өнiмдерiн

есепке алуға арналған;

      1340 - «Тауарлар» шоты тауарлардың қозғаласына байланысты операциялар есепке алу үшін 

арналған.

      1350 - «Жолдағы қорлар» шоты өзге қалалардың берістері бойынша бюджеттік ұйымдар ақысын 

төлеген, бірақ айдың аяғына дейін қоймаға түспеген материалдарды, сондай-ақ бір орталықтан 

жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету қоймаларына алынған және бюджеттік ұйымдар бойынша 

бөлінбеген материалдарды есепке алу үшін арналған.

      1360 - «Қорлардың құнсыздануына резерв» шоты қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін 

төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғаласына байланысты немесе моральдық жағынан 

ескеруге байланысты операцияларды есепке алу үшін арналған.

      


Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.07.11 

№ 338


 (

2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.10.2013 

№ 482

 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін 



күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 

№ 620


 (

01.01.2016 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.

      11. 1400 «Өзге қысқа мерзімді активтер» кіші бөлімі алдындағы бөлімшелерде көрсетілмеген 

басқа да қысқа мерзімді активтерді есепке алу үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шоттарға 

бөлінеді:

      1410 - «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шоты есеп айырысулар әр жеке мәміле (тиеу, 

тауарды жіберу немесе қызмет көрсету) бойынша емес, алдын-ала келісілген тараптармен 

қаражаттарды мерзiмiнде және толық көлемде дүркiн-дүркiн аудару жолымен жүзеге асырылған 

жоспарлы төлемдер тәртiбiнде жеткiзушiлермен есеп айырысуларын есепке алу үшін арналған;

      1420 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шоты есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде 

жүргізілген бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар есепке алынады (сақтандыру ұйымдарына 

төленген сақтандыру аударымдары, жал төлемі және алдағы кезеңдердің басқа шығыстары);

      1430 - «Өзге қысқа мерзімді активтер» шоты алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа 

мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет