Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру. Табиғат жағдайы мен ресурстарды
рекреациялық мақсатта пайдалану үшін оларды бағалау қажет. Оларды бағалаудың
үш міндетті кезеңін көрсетуге болады:
— рекреациялық бағалауда объектілерді ажырату – табиғи кешендерді, олардың
компоненттерін және қасиеттерін;
— бағалауда баға беру көз қарасын анықтау;
— зерттеудің мақсатымен және масштабымен және де субъекттің қасиеттерімен
анықталатын бағалаудың критерийлердің қалыптасуы;
— градациялаудың бағалау шкаласының параметрлерін жасап шығу. Шкалалар
субъект пен объект арасындағы бағалау қарым-қатынастарын көрсетеді. Шкаланың
әр бір сатысы берілген объекттің қасиеттерінің субъекттің жағадайымен өзара
әрекеттесу жиілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін алғы шарттарды
бағалаудың бес сатылы шкаласы мынадай градациялардан тұрады: аса жағымды,
жағымды, орташа жағымды, аз жағымды және жағымсыз.
Табиғат ресурстарын рекреациялық көз қарасынан бағалаудың үш негізгі
типті ажыратады: медикалық-биологиялық, психологиялық-эстетикалық және
технологиялық.
Медикалық-биологиялық тип адамның организміне табиғи факторлардың ықпалын
сәулелендіреді, олардың комфорттылығын. Сонымен, климаттық ресурстардың
рекреациялық бағалауы басты рольді атқарады. Климат деген белгілі бір жергілікті
жерге тән ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға ықпалы ауа райы арқылы
болады. Ауа райы өзара байланысқан және өзара тәуелді метеорологиялық
құбылыстар кешені. Ауа райы жағдайына жауапты реакция ретінде адамның
организмінің жағдайына ерекше көңіл аударылады.
Климатологтар мен курортологтар климатты бағалауда ауа райының физикалық
бөлігінен басқа оның эмоциональдық көрінісіне де көңіл аударады. Бағалаудың
кешенді әдісінде шартты (эффективтік) температуралар жүйесін қолданады.
Метеорологиялық элементтердің кешенді ықпалының төмендегідей көрсеткіштері
сипатталады: ауа температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, желдің
жылдамдығы, күн радиациясы және үзын толқынды сәулелену.